Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Күзгі көрініс

Ақтөбе қаласы,
Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз"балабақшасы
Ортаңғы топ тәрбиешісі: Жумабаева Венера Мирамбекқызы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті «Жапсыру»
Тақырыбы: «Күзгі көрініс»
Мақсаты: Балаларға табиғи материалдың түрлерін, дәстүрден тыс әдістерді пайдалана отырып жапсыруға үйрету.
Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық іскерліктерін дамыту, сұраққа жауап беруін эмоционалды сөйлеуін қолдау. Ұжымдық жұмыс кезінде бір-біріне кедергі жасамауға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, ойын, сергіту, сұрақ –жауап, қызықты сәт,
мадақтау, қайталау.
Көрнекі құралдар: Ватман, губка, ағаш бұтақтары, жаңқалар, жапырақтар, желім, қайшы.

Сабақ барысы:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.

Балалар бүгін бізде ерекше күн! Бүгін біздің топқа қонақтар келіпті, қане амандасайық.
- Ең алдымен бәрімізге нұрын шашып тұрған күнмен амандасайық.

Арайлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз
Қайырлы күн қонақтар!
Қайырлы күн достарым!
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын
Сәлем, сәлем, сәлем.

Балалар бойымызды тік ұстап әдемі болып тұрамыз.
Жарайсыңдар Балалар! Тамаша!
Балалар сендер орманға саяхатқа барғыларың келеме? Ендеше мен сендерді орманға табиғат аясына саяхатқа апарғым келіп тұр.
Балалар қарайықшы ормандағы табиғат қандай тамаша! Ауасы қандай таза! Бәріміз осы таза ауамен терең демалып алайықшы. Керемет!

• Балалар мұнда нені көріп тұрмыз?
* Қарды, жапырақтарды, талдарды.
• Қазір жылдың қай мезгілі басталды?
• Қыс мезгілі
• Дұрыс-ақ. Ал жылдың қай мезгілі аяқталды?
• Күз мезгілі
• Қыс мезгілінде балалар неше ай бар?
• Қыс мезгілінде 3 ай бар.
• Қандай қандай (желтоқсан, ақпан, қаңтар)
• Жарайсыңдар балалар!
• Қыс мезгілі несімен қызық
• Ойын ойнаймыз, қар лақтырамыз, аққала жасаймыз, шанамен сырғанаймыз.
• Тамаша!
• Қыс мезгілінде қандай мереке болады?
• Жаңа жыл мерекесі келеді.
Дұрыс айтасыңдар балалар! Бәрін жақсы біледі екенсіңдер.

Тосын сәт: Жылаған дыбыс естіледі.
Балалар мұнда бір дыбыс естілетін сияқты мынау ненің дыбысы?
• Жылаған дыбыс естіліп жатыр
• Балалар жүріңдер қарайық, мына жылаған дыбыс қардың астынан шығатын сияқты
• Қанекей балалар көмектесіп қарды ашайық.
Қардың, жапырақтың астынан жылап жатқан «Күз ханшайымы» шығады.

• Балалар: Аруна: Сіз кімсіз? Неге жылап отырсыз?
• Мен «Күз ханшайымымын»
• Саламатсыз ба «Күз ханшайымы»
• Балалар қыс мезгілі де келді, мен қардың астында қалдым. Менің сендермен қоштасқым келмейді.
• Күз ханшайымы сен мұңайма.
• Балалар күз ханшайымының көңіл-күйін көтеру үшін күз туралы тақпақ айтып берейікші.

Бапибаян: Ой, балалар, балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ салыпты
Ел егінін орыпты
Иманғали Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.

Жүзім:
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.

Даяна:
Таза жездей жайнаған,
Сары бояу айналам.
Енді сары бояумен,
Күз суретін салам мен

Рахмет балалар (көңілсіз болып күз ханшайымы)
Күз ханшайымы сен мұңайып тұрсын ғой бұл табиғаттың заңы қыс келіп, одан кейін көктем келеді, содан жаз келіп кеткен соң қайтадан ортамызға оралып келесің.
- Балалар күз ханшайымының көңілін қалай көтереміз?
- Жапырақ биін билеп көтерейік.
Рахмет балалар сонда да менің қоштасқым келмей тұр.
Мына әсем табиғатты сары түске боялған жапырақтарымды қимаймын.
Таңғалып: Ой, мына күздің көрінісі бейнеленген сурет қандай Тамаша, Керемет ! бейнеленген! Маған өте қатты ұнап қалды.
Мен таптым балалар, күз ханшайымының көңіл-күйін көтеріп ренжітпей шығарып салуды.
Күз ханшайымына мына күздің көрінісі бейнеленген сурет өте қатты ұнап қалды
Бүгін бізде жапсыру сабағы ғой. Жапсыру сабағын пайдаланайықшы.
- Жапсыру сабағында не істейміз балалар?
- Қағаздарды, шүберектерді, моншақтарды т.б. жапсырамыз.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, Өткен сабақта жапсырудан нені жапсырдыңдар?
- Саңырауқұлақ жапсырдық
- Тамаша!
- Оны қалай жапсырып нені пайдаландыңдар?
- Желім түрлі –түсті қағаз қайшы
- Дұрыс-ақ.
- Мынау не балалар?
- ағаш, ағаш бұталары.
- Бұл қай мезгілдің көрінісі?
- Қыс мезгілінің көрінісі
- Ал бізге күзгі мезгілінің көрінісін жасау үшін не қажет?
- Жапырақтар
- Күзде жапырақтар сарғаяды .
барлығымыз бірігіп осы суретті табиғи және дәстүрден тыс әдісті пайдалана отырып жапсырып берейікші.
Балалар ендеше біздер жұмысқа кіріспес бұрын мені мұқият тыңдап алыңдар.
Бүгін біздер табиғи материалдарды, желімді, губканы, қайшыны пайдаланамыз.
Орнымызға барып, қолдарыңа қайшыны алып, губкадан жапырақтарды қиямыз. Барлығымыз келіп жапырақтарды мұқият бұтақтарды оған жапырақтарды жапсырамыз.
Балалар сендердің жапсырып жатқан суреттерің тамаша! Ендеше дөңгеленіп бойларымызды сергітіп алайықшы.

Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз.
Жапырақтай жайқалып
Шетімізден шеберміз
Әсем сурет жапсырып
Біз тынығып аламыз.

Тамаша балалар орнымызға отырып әрі қарай жұмысымызды жалғастырамыз.
Балалар салған суретін «Күз ханшайымына» естелікке табыс етеді.
Күз ханшайымы қуанып балаларға алғысын айтады.
Ойын: «Күз ханшайымының сиқырлы жапырағын тап».
Балалар енді мен сендермен қоштасайын. Сендердің сыйлықтарыңа, өнерлеріңе көп-көп рахмет.
Барлықтарыңыз ұйымшыл, ұқыпты таза жұмыс жасайды екенсіңдер! Өнерлі білімді балаларсыңдар!
Енді мен сендерге өзімнің Күз байлығымнан жеміс-жидектерді сыйға тартамын.
Сау болыңдар балалар!
Қорытынды
Сұрақ-жауап

Мадақтау
Ал, балалар қоштасатын сәт келді. Келген қонақтарға рахметімізді айтып қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық
Шеңбер жасап құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау –саламат болайық!
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету