Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Портрет – бұл адамды бейнелеу

СУРЕТ
Өткізілетін уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Жеке портреттік сипаттаманың конструктивтік шешімдерінің тәсілдері – 16 сағат
Әртүрлі ракурстағы адам басы конструкциясының перспективасы. Бет көлемінің, оның бөлшектерінің, шашының, мойнының «мүсіндеріндегі» реңдік шешімдер. Портреттегі индивидуализация.
Тапсырма: Күрделі ракурстағы, бір форматтағы, екі бұрылыстағы натурашы басының суреті. Мақсаты: Жеке портреттік мінездеме негізінде тірі натураны бейнелеудің тәсілдерін жетілдіру және дамыту.
Міндеттері: Тірі натураны графикалық құралдармен бейнелеудің тәсілдерін жетілдіру. Алдын ала жасалған нобайлар негізінде өз бетінше моделдің өзіндік ерекшеліктерін, пропорцияларын, иілген жерлерін, бұрылыстарын және т. б көрсету. Форматқа натурашы басының түрлі күйіндегі 2 суретті, олардың өлшемдері сәйкес келуін ескере отырып композициялық орналастыру.
Конструктивті шешім негізінде, перспективті қысқартуға бағынатын, бастың бастапқы көлемін түспен көрсету. Портреттелетін адам суретінің реңдік детальдауын орындау. Портреттелетін адам бейнесінің бастапқы айқын эмоционалды қабылдауының балғындылығын сақтай отырып, суреттің тұтастылығын және аяқтау.
Керекті құрал - жабдықтар: А - 3 форматтағы қағаз, қарындаш, өшіргіш, бор, тақта, портрет салудың кезеңдері бейнеленген сурет таблицалар т. б.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру.
2. Балалар біз өткен сабағымызда адам фигурасының долбарын салған болатынбыз. Соны қысқаша еске түсірейік.
1) Натюрморт дегеніміз не?
2) Оның қандай түрлері бар?
3. Ойын жаттығулар. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын кішкене ойын жаттығу сергіту сәттерін жасап өтейік.
3) Сергіту. Дидактикалық ойын.
1. Тақтада берілген шар тәрізді денеден күн және күн сәулесінің түрін әр - түрлі бейнеде көрсету.
2. Адамның көңіл - күйін білдіретін бет пішіндері берілген суреттерді көрсету. Әрбір суретке ат қою.

4. Портрет – бұл адамды бейнелеу. Портретте адамның ұзына бойы, отырған қалпы немесе бет - пішіні ғана бейнеленуі мүмкін. Осы көріністің бәрі - портрет деп аталады. Яғни, жоғарыда айтылған портрет, орындалу тәсіліне қарай 2 түрге бөлінеді. Бір тұлғалы портрет және көп тұлғалы портрет.
Портрет кескін көлеміне қарай - бас(иықтан жоғары), кеуде, белге дейін, тізеге дейін, бойды тұтас қамтитын портрет деген түрлерге бөлінеді.
Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет, Рим мүсіндік, мозаикалық портреттерінен бастау алады.
Портреттік кескіндер жанр бойынша да бөлінеді: мифологиялық – ертегілік және мифологиялық кейіпкерлердің кескіні, отбасылық портрет – отбасы мүшелерінің бейнесі, жанрлық портрет – портретте бейнелеушіні белгілі бір образда (мысалы, актрисаның портреті немесе шахтердің портретін және т. б.) беру, автопортрет – суретшінің өзін - өзі бейнелеуі.
Адамды жай ғана бейнелеп қоймай, оны айнытпай беру оңай шаруа емес. Портретте бейнеленгелі отырған адамның мінез - құлқын көрсетіп, тұлғалық ерекшелігін беру маңызды.
Адамның мінез - құлқын ашып беру үшін оның ішкі көңіл күйін дұрыс көрсету керек. Дененің қимыл - қозғалысы немесе тұрқы, бет ерекшеліктер арқылы адамдардың ішкі жан дүниесі мен арманын берумен қатар, өз ойын және бейнеленген адамға деген көзқарасын беруге тырысады.
Қазақ халық суретшісі Ә. Қастеевтен бастап, бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері портрет жанрында да өзіндік қолтаңбасымен көзге түседі.
Атап айтсақ, ана сүті мен ұлттық дәстүрін бойына сіңірген ұлы суретші Ә. Қастеев ана образын ерекше сомдаған. Келбеттік бейнеде ана нұры ажарлана түседі. Алысқа қадалған көз жанарынан терең философиялық ойды байқауға болады. Бояу үндестігімен бедерленген бет әлпеттеріндегі әжімдері өмір жолын баяндап тұрғандай. Көмкерілген жаулықтың аясында тұлғасына жарасымды ақ кимешек адал жүрек, дөңгелек жүзді, қой көзді ананың келбетін ажарландыра түседі. Иығына жамылған көкшіл - күлгін түсті орамалы мен жасыл түсті шапаны дене бітіміне жарасып тұр.
Бұл - бір тұлғалық композициялық құрылымынан тұратын қондырғы портрет, Қазақстан бейнелеу өнері қорынан айырықша орын алған көркем туынды.
Портретті салу жолдары:
1. Бет кескінін доғалдау етіп саламыз, сосын оны көмекші сызықтар арқылы тігінен (симметрия осьімен) теңдей екі бөлікке бөлеміз. Барлық көмекші сызықтар оңай өшірілу үшін жай қарындашпен жай басып, жіңішке етіп сызу арқылы салынатынын түсіндіру.
2. Сосын бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңінен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз. Доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі - маңдай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз, құлақ, төменгі жағына ауыз бен иек түсіріледі.
3. Шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілу керек.
4. Мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз.
5. Портрет бояуын түсіреміз.
Бастың суретін салған кезде, ол қаншалықты еңкейсе де немесе бұрылса да, ең алдымен осы осьтердің орналасу жағдайын қадағалау керек – олар әрдайым бізге дұрыс бағдар береді және бөліктердің өзара орналасуын анықтауға, оларды дұрыс байланыстыруға көмектеседі.
Алдымен модельді, мүмкіндігінше барлық ағынан, мұқият зерттеңдер және осы бастың ерекшеліктерін, «өте тамаша» бастан оның өзгешелігін тап басып тауып, сезінуге тырысыңдар. Содан соң қарындашты немесе көмірді жайлап тигізе отырып, бастың жалпы формасын, оның бұрылысын, осьтерін белгілеңдер.
Сурет салуды бастай отырып, алдарында жатқан жазық қағаз емес, бейне бір терезе, оның арғы жағынан адам басының, оның көлемдерін және олар орналасқан кеңістікті көріп тұрмыз деп елестету керек. Міне осыны қағаз бетінде беру керек. Суретті компановка жасауға кірісе отырып, суретші адам басының бүкіл силуэті қандай жалпы формаға енетінін, парақты қалай орналастырған дұрыс екенін (горизонталь немесе вертикаль,) суретті үлкендігі қандай болу керектігін, композицияның жалпы тепе - теңдігін сақтау үшін қағаз бетінде оны қай және бәлкім, қаншалықты жылжытқан дұрыс екенін ойлап алуға тиіс, Және ақырғысы – сурет парақтың шетіне тіреліп тұруға тиіс емес, сонымен оның ішінде, бейнелеп айтқанда, «жүзіп жүруге» де тиіс емес.
Аққа қарамен сурет сала отырып, тек форманы ғана емес, сонымен заттардың алуан түрлі бояуын, олардың фактурасын беруге ұмтылу керек. Осы тональдық (өң - түстік) қатынастар суретте, натураға қарағанда, әлде қайда кедей, қарапайым.
Гипс басты сала отырып, оның материалдық қасиетін де беруге тырысу қажет. Шрихтер аздап жіңішке болып, және бастың детальдарын айнала жатуы тиіс. Тондық шешімді тапқанда гипсті аса қарайтып жібермей, детальдармен жұмыс жасау барысында жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға принципін сақтаған жөн. Соңғы сатыда гипс басты алыстан бір қарап алып бір тонға келтіреміз.
5. Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға портрет салудың қыр - сырын үйретемін.
6. Сабақты бекіту.
1. Портрет нені бейнелейді?
2.. Портреттің қандай түрлерін өттік?
3. Осы тақырып бойынша сабақ қызықты болды ма?
7. Үй тапсырмасын әркім өз жанұясынан бір адамды таңдап сол адамның портретін салып келуін тапсырамын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тақырыптық портретті бейнелеу (кескіндеме сабағы)

Тақырыптық портретті бейнелеу (кескіндеме сабағы)

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Кескіндеме портретіндегі натураның жеке даралығын көрсету. 2. Дамытушылық: Балалардың бояумен портретті салуын,...
Портретті бояумен кескіндеу (кескіндеме сабағы)

Портретті бояумен кескіндеу (кескіндеме сабағы)

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Кескіндеме портретіндегі натураның жеке даралығын көрсету. 2. Дамытушылық: Балалардың бояумен портретті салуын,...
Гипсті құйма кіріктірілген 4 - 5 заттан құралған натюрмортты бейнелеу (суре ...

Гипсті құйма кіріктірілген 4 - 5 заттан құралған натюрмортты бейнелеу (суре ...

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гипс құйма біріктірілген натюрмортты бейнелеуге үйрету. 2. Дамытушылық: Балаларды жарық - көлеңке бере...
Жұмсақ материалмен гипстен жасалған адам басының суреті

Жұмсақ материалмен гипстен жасалған адам басының суреті

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды адамның бет - бейнесін бейнелеуге үйрету. 2. Дамытушылық: Балаларды адамның мінез құлқын, ұқсастығын бере...
Портрет

Портрет

Портрет түрлерімен таныстыруды жалғастыру, портрет салудағы графикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету