Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Графика өнерінің түрлерімен таныстыру

Графика
1 - Сынып
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сағат
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Графика өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Графика - бейнелеу өнерінің бір түрі (сурет салу, жазу мен сызу). Оған қолмен салынған сурет, сондай - ақ басқа да тәсілдермен (литография, гравюра, фотолитография және т. б.) орындалған суреттердің барлық түрлері кіреді.
Сызба (графика) - бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан - жақты дамыған түрі. Графика грек тілінен аударғанда - «сурет салу» деген мағынаны білдіреді. Графикалық бейне тек бір түсті ғана емес, сонымен қатар түрлі түсті болады. Сызба өнерінде штрих аса маңызды рөл ойнайды. Сызбаның түрлері:
1) қондырғылы сызба (сурет эстамп, лубок);
2) кітап және газет - журнал сызбасы;
3) қолданбалы (грамота, диплом, марка, этикетка, жарнамалар және т. б.).
Көне заманнан келе жатқан сурет салудың бір құралы - көмір және сангина, ал XVI ғасырдан бастап графит қолданылып келе жатыр. Ол - казіргі кезде көп қолданылып жүрген сырты ағашпен қапталған қарындаш. Графит қатты және жұмсақ болып екіге бөлінеді. Сонымен қатар сызба техникасына соус, акварель және гуашь бояулары да жатады. Сурет, картина, жазуларды литография, гравюра, фотомеханикалық репродукциялардың көмегімен көбейтуге болады.
Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны, сондай - ақ одан алынған басылымды айтады. Гравюраның қағаз бетінде жасалатын қарапайым түрлерімен танысалық. Ол үшін қажетті материалдар: ағаш сабы бар ұшы өткір ине, пышақ немесе алмас, қара тушь, жұмсақ қылқалам, беті жылтыр ақ қағаз. Қара тушьті қағаз бетіне толық жағып шығу қажет. Тушь кепкеннен соң, қағаз бетін инемен тырнап, әр түрлі бейнелер салуға болады. Егер көлемді ашық жерлер қажет болса, қағаз бетін пышақпен немесе алмаспен қыру қажет. Нәтижесінде пайда болған бейне ақ және қара түсті болып өте айқын көрінеді. Бірақ сурет жалғыз дана болып шығады. Көп дана етіп шығару үшін линолеум, картон және шыны сияқты материалдарды пайдалану қажет. Алғаш салған суреттеріңді естеріңе түсіріңдерші. Сендер оны қарындаш, сия немесе акварель бояуымен және міндетті түрде қағазға салдыңдар. Сендер бірақ графикамен шүғылдандық деп ойлаған да жоқсыңдар. Ал графика дегеніміз қағаз бетіне түскен сурет. Графика көбіне - көп ақ - қара, бірен - саран түрлі түсті болып келеді. Сендер күнделікті өмірде графикамен жиі ұшырасасыңдар. Олар - газеттегі сықақ, кітаптардағы иллюстрация, көшелерге жапсырылған жарнама, плакат, почта маркалары, ақша таңбалары, бұйым қорапшаларындағы әріптер, ең ақыры көрме залында, мұражайда, үйде, мектепте ілінген суреттер. Суретшінің қарындашпен, көмірмен, тушьпен, кей жағдайда түрлі түсті қарындашпен, акварельмен салған суреттері, әдетте, бір - ақ дана болады. Оның кітаптағы, журналдағы көшірмелері баспаханаларда арнайы құралдар мен машиналар арқылы дайындалады. Бірақ суретшінің өзінің де көбейте алатын мүмкіндігі бар. Арнайы құрал - штихель арқылы суретші өз еңбегін тақтайға, линолеумге, металға немесе қышқыл арқылы беті айрықша лакпен жүргізілген литографиялық тасқа, мыс және қорғасын табақшаларына инемен сызып, кәдімгі айнаға түскен суреттей теріс салып шығады. Содан кейін сол суреттің бетіне валик арқылы бояу жағады да, өзіне қанша дана керек болса, сонша дана көшірмесін алады. Суретті тақтай және металл арқылы көбейту әдісін гравюра деп атайды. Гравюраны линолеумге, пластмассаға, ағашқа, картонға жасауға болады. Ал литографиялық тас арқылы жасалған көшірмені литография дейді.
Графика - бейнелеу өнерінің көне түрі. Ежелгі суретшілердің үңгір ішіндегі қабырғаларда қалдырған суреттері, көне грек құтыларындағы ою - өрнектер, қайта өрлеу дәуіріндегі көрнекті қылқалам шеберлерінің гравюралары мен суреттерінің бәрі тамаша графикалық туындылар болып есептеледі. Бүгінде графика өнері бейнелеу және мүсін өнері сияқты жан - жақты дамып отыр. Тіпті онсыз біздің өмірді көз алдыңызға елестетудің өзі мүмкін емес. Кез келген балалар кітабын парақтап қарасақ, мәтіннің мәнін түсінуге мүмкіндік беретін суреттерді, яғни графикалық шығармаларды көруге болады.

Үйге тапсырма беру: Арнайы штихель құралы арқылы жаттығулар жаса.у
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Бейнелеу пәні бойынша 2 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

Бейнелеу пәні бойынша 2 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

2 - сынып Бейнелеу өнері Сабақтың тақырыбы: 1. Әр түрлі ағаштың бейнелері. Күз ғажайыптары. 2. Жапырақты бейнелеу 3. Бейнелеу өнерінің түрлері....
Ғажайып суреттер әлемі

Ғажайып суреттер әлемі

Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын,...
Кескіндеме жасау техникалары

Кескіндеме жасау техникалары

Қарағанды облысы, Шет ауданы, С. Сейфуллин кенті, Жарық орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу, технология пәндерінің мұғалімі Тусупбеков Көмекбай...
Кескіндемедегі дақтың әсерлілігі

Кескіндемедегі дақтың әсерлілігі

КарПИ Жарық жалпы білім беру мектебінің бейнелеу өнерінің мұғалімі Тусупбеков Көмекбай Сейтжанулы...
Кескіндеме өнерінің әсерлі әрі бейнелеуші құралдары

Кескіндеме өнерінің әсерлі әрі бейнелеуші құралдары

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы, түс, шағылысу, фон туралы мағлұмат беру. ә) Дамытушылық: Жеке...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету