Сайтқа кіру Тіркелу

Спандияр Көбеев

Спандияр Көбеев (1878-1956жж.)


Спандияр Көбеев 1878 жылы 1-октябрьде бұрынғы Торғай облысы Обаған болысында туған. Ол алғаш ауылдық мектепте, кейін Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, мұғалімдер даярлайтын курста оқиды. Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің шәкірті, әрі жолын қуушы Спандияр ұстазының дәстүрлерін бекем ұстанды. Ол революцияға дейінгі кезеңде әрі педагогтік, әрі жазушылық қызметпен шұғылданады.

С. Көбеев өзінің сүйікті қызметінен – жас ұрпақты тәрбиелеу ісінен совет дәуірінде де қол үзбейді, бар саналы өмірін сол мақсатқа арнайды. Осындай зор, бағалы еңбегі үшін Ленин орденімен екі рет наградталды, ал 1947 жылы Қазақ ССР Жоғары Советіне депутат болып сайланды. Спандияр 1956 жылы қайтыс болды. Спандияр Көбеевтің творчестволық іске ден қоюы оның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты болған. Ол ел ішінде мұғалімдік, солардың ой-санасын оятуға көмектескен. Көбеев Пушкиннің «Дубровский» повесі мен Гогольдің «Өлі жандары» романының мазмұнын қазақшалап айтып беріп жүрген. Оны Крылов мысалдарымен табыстырған да – осы мақсат. Спандиярдың Крыловтан аударған қырықтан астам мысал-өлеңі 1910 жылы Қазанда «Үлгілі тәржіма» деген атпен басылып шыққан.

С. Көбеев 1912 жылы «Үлгілі бала» атты хрестоматиясын бастырды.бұл кітапқа автордың бірсыпыра төл шығармалары мен орыс жазушыларынан аударған еңбектері енді.

С. Көбеевтің творчестволық мұрасында «Қалың мал» романы ерекше орын алады. Жазушының бұл шығармасындағы негізгі кейіпкері Ғайшаның тағдыры арқылы қазақ қызының сол бір бейуақыттағы аянышты өмірін, аңсаған арманы мен үмітін, сол жолдағы талабы мен күресін шынайы түрде жинақтап көрсеткен және әлеуметтік теңсіздік пен соған қарсылық тақырыбын да қамтыған. Бұл Көбеевтің творчествосындағы прогресшіл бағыт пен демократтық беталыстың айқын да, даусыз шындығы еді.

Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнелеумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма.
Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер характерін даралап көрсеткен.

Көбеев ұзақ жылдар бойы ағартушылық жұмыспен айналысып, жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісімен шұғылданды, қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» атты мемуарлық кітабында баяндады. Мұнда автор өз көзімен көрген екі өмірдің қарама-қарсы бейнесін, басынан кешірген оқиғаларды баяндау арқылы көрсетеді.
Кітаптың революция алдындағы қазақ өмірі шындығының талай-талай көріністерін және сол оқиғаларға жазушының өзі қалай араласқанын, оның қандай көзқараста болғанын байқауға болады. Мемуардың соңғы тарауы жазушының совет дәуіріндегі өмірі мен еңбегіне арналған.

С. Көбеевтің жарық көрген шығармалары
С. Көбеев. Үлгілі тәржімә. Қазан, 1910; Үлгілі бала. Қазан, 1912, Қалың мал (Роман). Қазан, 1913; Алматы 1953. Орындалған арман. Алматы, 1951 1954, Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1960.

Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық сабақ жоспары, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, мереке, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, табиғат, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету