Ахмет Байтұрсынұлының рухани мұрасы
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани тарихында айрықша орны бар ұлы тұлға. Оның Алматы қаласындағы музей - үйі тек тарихи ескерткіш қана емес, 20 - ғасыр басындағы қазақ зиялысының өмір жолы мен тағдырын айқын көрсететін рухани орын. Атамекеге келіп, оқуға енді түскен біздер үшін, ұлт руханиятын тану мақсатында А. Байтұрсынұлының мұражайына бардық. Бұл үйде сақталған әрбір жәдігер Ахметтің жеке өмірі мен ұлттық мүдде жолындағы күресін танытады. Үйге кіргенде Ахмет атаның сол кездегі үйіне келіп тұрғандай сезімде болдық. Музейге кірген сәттен бастап ескі заманның тынысы сезіледі. Үйдің ішкі көрінісі, тұрмыстық заттарын көру бізге ерекше әсер қалдырды. Ахмет Байтұрсынұлының музейінде оның тағдырымен байланысты көптеген естеліктер сақталған екен.
Ахметтің жары орыс ұлтынан болған. Ол тұрмысқа шыққаннан кейін мұсылман дінін қабылдап, Бадрисафа есімін алып, қазақы ортаға бейімделген. Бұл жағдай Ахмет Байтұрсынұлының ұлт пен дінге қатысты көзқарасының кеңдігін, адамгершілік құндылықтарды жоғары қойғанын көрсетеді. Оның отбасында өзара сыйластық пен рухани түсіністік басты орын алған деуге болады. Ахмет пен жұбайының өз балалары болмаған. Соған қарамастан, ол бауырының баласын асырап алып, оған әкелік қамқорлық жасаған. Бұл іс оның адамгершілік болмысы мен қазақ қоғамындағы туыстық қатынастарды терең түсінгенін дәлелдейді. Асыранды баланы өз баласындай тәрбиелеуі – Ахметтің жүрегіндегі мейірім мен жауапкершіліктің айғағы.
Музей - үйде Ахмет Байтұрсынұлы қолданған жеке заттар сақталған. Олардың ішінде күнделікті тұрмыста пайдаланған бұйымдар, жазу құралдары, тіпті шыны қалағына дейін бар. Бұл қарапайым заттар арқылы ұлы тұлғаның тұрмыстағы қарапайымдылығы мен рухани тереңдігін байқауға болады. Ұлт тағдыры туралы терең ойлар дәл осы қарапайым кеңістікте туғанын елестету адамға ерекше әсер қалдырады.
Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы туралы айтатын болсақ ол - 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. Бастапқы білімін ауыл мектебінде алғаннан кейін, Торғайдағы орыс - қазақ училищесінде оқиды, содан кейін Орынбор мұғалімдер мектебін бітіріп, 1895 жылы ұстаздық жолға қадам басты. Өмірін ұлты үшін күреске арнап, қазақ жұртының біліміне жол ашып, ғылымын дамытуға, рухани көзін ашуға бар өмірін арнаған адам. Қиын тағдарды бастан кеше отыра, артына мол мұра қалдырған ұлт ұстазының шаңырағынан ерекше әсер алып қайттық.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ұлт - азаттық қозғалысының көрнекті көсемі, ұлт ұстазы, тіл білімі мен әдебиеттануды іргетасынан салушы ғалым және қоғам қайраткері. Ол қазақ мәдениеті мен ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Оның музей - үйін көру арқылы Ахмет атамыздың тек ғалым әрі қоғам қайраткері емес, адамгершілігі мол тұлға болғанын көрсететін маңызды мәдени орын. Бұл мұражай жастарға өткен тарихты тануға, ұлт ұстазының рухани мұрасын терең түсінуге мүмкіндік береді және қазақ халқының рухани құндылықтарын ұрпақ санасына сіңіруде ерекше рөл атқарады.
Оның үнсіз тұрған заттары да сөйлейді, қабырғалары да сыр шертеді. Бұл мұражай – өткеннің елесі емес, бүгінгі мен болашаққа жол сілтейтін рухани шамшырақ.
Әділханова Жанна,
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы
Хуандах Еркекиік,
жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 25 - топ тыңдаушысы
Ахмет Байтұрсынұлының рухани мұрасы
- ramuk_b
- 12 қаңтар 2026
- 10
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ахмет Байтұрсынұлы, азаттық қозғалысының көрнекті көсемі, ұлт ұстазы, тіл білімі мен әдебиеттануды іргетасынан салушы ғалым
Ұқсас жаңалықтар:

Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті....
Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл баннер
2022 жылы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атамызға 150 жыл толып отыр. Осы мерекеге арналған PDF, JPG, CDR форматында баннер сіздерге ұсынып отырмыз....
Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл эмблема
2022 жылы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атамызға 150 жыл толып отыр. Осы мерекеге арналған оның сапалы суретін PDF, JPG, CDR форматында логотипін...
Тіл – достықтың алтын көпірі
5 қыркүйек – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл»,- деп ұлағатты сөз қалдырған қазақ тілі әліппесінің атасы,...
Тіл - тарихтың үні
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі. Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - қазақ халқының...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.