Мерейлі факультетке 40 жыл
Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген оқу ордасы – әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның мақтанышына айналды.
1934 жылы негізі қаланған әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бүгінгі күні Қазақстан білімі мен ғылымының жоғары білім беру ісінің ең ірі орталығы болып отыр.
Биылғы жылы өзінің 40 жылдық мерей тойын тойлап отырған, 1985 жылы қазақ елінің белді қайраткері, академик Ө. А. Жолдасбековтің бастамасымен ашылған шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультетінің де университеттің халықаралық байланысын жетілдіруге, Еуропалық білім беру кеңістігіне енуге қосқан толағай үлесі бар. Дайындық факультеті негізінде 2011 жылы Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті болып, құрамы шетелдік азаматтарға қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытатын Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы және шетелдерден келген, ұлты қазақ жастарға мемлекет қаржысы арқылы тегін оқуға дайындайтын ЖОО - дейінгі дайындық кафедрасы, колледж, бейінді мектеп болып толықты.
Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов: «Адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін нәрсе – білім» деген екен. Әлемнің әр түкпірінен келген жүздері басқа болғанымен жүректері білім мен өнерге құштар, тілдері басқа болғанымен тілектері тоғысқан Қытай, Корея, Ауғанстан, Германия, Испания, Италия, Швеция, Венгеря, АҚШ, Швейцария, Дания, Испания, Жапония, Вьетнам және басқа да шетелдерден қазақ және орыс тілдерін үйреніп, білімін шыңдауға, ғылыммен айналысуға, зерттеуге Қазақстанға келген шетелдік жастар жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында бір отбасының баласындай тату - тәтті білім алып жатыр.
Шетел азаматтарына арналған шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында Ресейдің, Қазақстанның жетекші университеттерінен білім алған, шетелдік студенттермен жұмыс істеуде үлкен тәжірибелері бар, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Лаос, АҚШ, Жапония секілді шетелдерде жұмыс істеген және тәжірибеден өткен 4 филология ғылымдарының докторы, 14 филология ғылымдарының кандидаттары, жоғары маманданған оқытушылар, қазақ және орыс тілдері мамандарының құрамы жұмыс істейді.
Бұл кафедраның оқытушылары әлемнің әр елінен келген өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін және орыс тілін меңгертіп, қазақ халқының салт - дәстүрін, ата тарихын үйретуде. Оқыту жүйесіндегі түрлі инновациялық дамудың әдіс - тәсілдерін қолданып тіл меңгертіп жатқан ұстаздардың еңбегі айрықша. Шетелден келген студенттер білімнің бастауын осы ұстаздардан алып, биік белестерге көтеріліп, ұлттық тілімізбен, өнерімізбен және төл мәдениетімізбен танысып, білімдерін ұштауда.
Кафедрада, оның құрылғанынан бастап, әрдайым шығармашылық ізденіс, кәсіби қызығушылық және нық сенім жағдайы орын алып отырады. Шетелдік студенттермен жұмыстың өзі ұдайы ізденісті, шығармашылық көңіл - күйді қажет етеді. Орыс тілі шет тілі ретінде және қазақ тілі шет тілі ретінде меңгеру теориясы бойынша теориялық және практикалық лингвистика дамыды, оны 1985 жылдан бастап (кафедра осы жылы құрылған) қазіргі уақытқа дейін қазақстандық лингвистикадағы қолданбалы бағыттың даму кезеңі деп атауға болады. Оны 20 ғасырдың соңы – 21 ғасырдың басындағы Республика өміріндегі саяси, экономикалық, мәдени өзгерістерімен байланысты экстралингвистикалық факторлармен қатысты қос және көптілділік жағдайында дамыту қажет болды.
Тілдерді шет тілдері ретінде оқытуға негізделетін функционалды - коммуникативтік бағыт, тілдерді оқытудағы теория мен практика атты екі бастаудың тығыз бірлігін көрсетеді. Қазір кафедрада өзге тілді меңгеру мәселелерін зерттеу бойынша теориялық қағидалары шетелдік студенттермен дәрісханалық жұмыс жасау барысында толығымен қолданыс тапқан өзіндік ғылыми - әдістемелік мектеп пайда болғанын сенімділікпен айтуға болады.
Кафедра оқытушыларының шетелдіктерге тілді оқыту әдістемесі бойынша бай материал және үлкен жұмыс тәжірибесі жиналды. Мұның бәрі оқытушыларға өздерінің оқулықтарын және оқу құралдарын құрастыруда, өздерінің бірегей әдістемелерін жетілдіруде көмектеседі. Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде жасалған, сонымен қатар әртүрлі елдердің ғалымдарының зерттелген және қайта өңделген жаңалықтары, яғни оқытудың жаңа технологияларының әдістемесі соңғы 15 жыл көлемінде оқу үдерісіне енгізілді.
Кафедрада шетелдіктерге арналған қазақ және орыс тілдерінен, Қазақстан тарихынан, қазақ және орыс әдебиетінен сабақ беруге бағытталған 80 - ге жуық оқулықтар және оқу құралдары, 18 сөздік, басылып шықты. Кафедра оқытушылары дайындаған оқулықтар және оқу құралдары, сөздіктер, әдістемелік нұсқаулар әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің сабақтарында ғана емес, сонымен қатар шетелдіктер оқитын басқа да жоғары оқу орындарында қолданады.
Кафедраның ғалымдары өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен Белгияда, Испанияда, Ұлыбританияда, АҚШ - та, Польшада, Грецияда, Словакияда, Үндістанда, Қытайда және Таяу Шығыс елдерінде өткен халықаралық конференцияларға және симпозиумдарға, семинарларға және дөңгелек үстелдерге қатысып отырады.
Қазіргі кезде кафедрада шетелдік азаматтарға тіл үйрете отырып, оқу белсенділігін арттыру арқылы талабын қанағаттандыру, қазақ халқының салт - дәстүрін, тарихын меңгерту арқылы рухани байлығы мен қабілетін дамыту және қазақтың тарихи мұра жәдігерлерімен таныстыру арқылы жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыру кафедра оқытушыларының алдында кезек күттірмейтін іске айналып отыр.
әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың өз жолдауларында көрсетілген көптеген бағыттарды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Университетте «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», «Green campus» жобалары табысты жүзеге асуда.
Осы аталған жобалар аясында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен көптеген ғылыми - танымдық, тәрбиелік маңызы бар іс - шаралар өткізіліп отырады.
Орта ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн: «Өнер, білім - қос қанаты адамның, осыменен білерсің тілін ғаламның», - деп жазып кеткеніндей, шетелдік азаматтарды қазақ және орыс тілдерін меңгеруге ынталандырып, тілдерді биік дәрежеде оқытатын, кәсіби әрі шебер білім беру әлемінде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп, білім беріп жатқан, 40 - қа толып отырған ордабұзар - факультет әлі талай шыңдарды бағындыратынына дау жоқ.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының аға оқытушылары Р. И. Дүйсенбаева, Г. Ә. Машинбаева
Мерейлі факультетке 40 жыл
- ramuk_b
- 25 ақпан 2025
- 21
- 0
- 0
Ілмек сөздер: халықаралық ғылым, шетел азаматтарына арналған, тілдік және жалпы білім беру дайындығы
Ұқсас жаңалықтар:

Мерейлі кафедраға 35 жыл
Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген...
Сапалы білім – болашақ кілті
Қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, еліміздің болашағы, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі...
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен «Ашық есік ...
Орта ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн: «Өнер, білім – қос қанаты адамның, осыменен білерсің тілін ғаламның», - деп жазып кеткеніндей,...
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.