Киелі білім ордасы
Халқымызды ілім - білімге бағыттауға шексіз еңбек сіңірген Алаш арыстарының бірі, ағартушы әрі педагог Ахмет Байтұрсынов атамыз: «Балам дейтін елі болмаса, елім дейтін бала қайдан шығар» дегенді бекер айтпаған болар. Осы тұрғыдан алып қарағанда еліміздегі ең алғашқы университеттердің бірі, қарашаңырақ аталып кеткен әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бәсекеге қабілетті білімді жастарды тәрбиелеп, оладың алға қарай ұмтылуына, ғылым мен білімге бейім болуына қосқан үлесі қомақты.
Қара шаңыраққа айналған ұлттық университетіміз ең бірінші болып оқу жүйесіне кредиттік технологияда білім беруді толығымен енгізгенін айрықша атап өткен жөн. Халықаралық сапаға лайық етіп мамандарды дайындауда бұл көптеген дамыған елдерде қолданылатын технологияның біздің елде, Қазақ ұлттық университетінде толығымен енгізу мәселесі күрделі үрдіс болды. Ең басты артықшылығы кредиттік технологияға сай оқу бағдарламаларын, стандарттар мен интранет жүйесін, педагог - кадрларды жаңашылдыққа үйрету мәселелері кешенді түрде тез арада қолға алынды.
Сондай - ақ университет аумағы Wi - Fi желісімен толық қамтылған, кез келген уақытта жатақхана мен университет корпустарында, университеттің көз тартарлық, жұмысқа ыңғайлы аумағында ғаламторды емін - еркін пайдалануға жағдай жасалынған. Бұл жүйеге студенттер де, оқытушылар да тез арада үйренді.
Киелі қара шаңырақ астында ғылыми - зерттеу бағытында маңызы бар, ауқымды іс - шаралар жүзеге асырылып жатыр. Осы орайда, халықаралық ғылыми институттар мен орталықтармен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мәселесі қарқынды дамып жатқанын ескерген жөн. Оқытушылар мен студенттер тәжірибе алмасу мақсатында шетелдерге баруға, оқуға мүмкіндіктер алды. Университет қабырғасында жаңа жүйедегі ғылыми - зерттеу институттары мен орталықтар, бүгінгі талапқа сай жабдықталған ғылыми зертханалар жұмысы іске қосылды.
Сонымен қатар университет жастарының білім алу барысында тек отандық ғалымдарымыздың дәрістерін тыңдатумен ғана шектелмей, шетелдің беделі жоғары, танымал ғалымдарын арнайы дәріс оқытуға шақырып, жиі тәжірибе алмастыруға ден қойып отыр. Қазақ Ұлттық университеті тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты дамыту және студенттер мен оқытушылар ұтқырлығын дамытып, екі жақты алмасып оқытуда, сонымен бірге заманауи халықаралық білім бағдарламалары бойынша әлемнің ең ірі 400 - ден аса университетімен әріптестік орнатқан.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
оқытушылары Ибрагимова М. Н., Тасилова Н. А., Нұртілеуова С. Р.
Киелі білім ордасы
- ramuk_b
- 2 ақпан 2025
- 160
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ұлттық университет, ғылыми - зерттеу, ҚазҰУ
Ұқсас жаңалықтар:

Қазақстандағы ғылым мен білім: ҚазҰУ - дың болашақ көшбасшыларды дайындауда ...
Әл - Фараби атындағы ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі және Қазақстанның негізгі білім беру орталығы....
Қазақ ұлттық университеті мен ұлы тұлғалардың мерейтойы
Қазақ ұлттық университеті мен ұлы тұлғалардың мерейтойы – бұл ұлттық ғылымның, мәдениеттің және рухани жаңғырудың айқын көрінісі....
ҚазҰУ – биік белестерге жетелейтін білім ордасы
Барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі, биік белестерге көтерілуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды...
Әлеуметтік интеллект - адам тұлғасының құрамдас бөлігі
Бұл университеттің студенттері мен оқытушыларына халықаралық конференцияларға қатысуға, тағылымдамадан өтуге және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік...
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.