
Қазақ елінің өсімдік әлемі жинақталған бірден - бір ғажайып жер, Алматының көруге таңсық көрікті ғажаптарының бірі – Ботаникалық бақ. Осы көрікті жерге күз мезгілінің ортасы, қазан айының бесі күні тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 11) аясында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының куратор - эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, шетелден келген қазақ диаспора топтарының кураторлары мен тыңдаушылары бірге келді. Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамындағы ғылыми - зерттеу мекемесі 1932 жылы Алматы қаласында құрылған. 1967 жылға дейін КСРО ҒА Қазақ филиалының республикалық ботаника бағы деп аталды. 1967 1994 жылдары өз алдына дербес ғылыми - зерттеу мекемесі құқында болды, 1995 жылдан Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамына енді. Жерінің аумағы 104 га. Іле Алатауының бөктерінде, теңіз деңгейінен 850 940 м биіктікте, Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің аралығында орналасқан. Бас ботаникалық бақта жергілікті және басқа жерлерден әкелінген өсімдіктердің 5, 5 мыңдай түрлері мен сорттары (оның 100 - ге жуық түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген) бар. Олар ботаникалықгеографиялық, жүйелілік, ландшафтылық тұрғысынан, сондай - ақ, пайдалы қасиеттері негізінде топтастырылған. Бақтағы аса бағалы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктердің жиынтығы еліміздің ұлттық байлығы болып саналады. Еліміздің және дүниежүзінің өсімдік әлемінің аса бай қазына - қоры осында сақталып келеді. Ертеден қазірге дейін өз құндылығын жоғалтпаған әдемі бақтың бүгінгі жаңарған бейнесін, тыңдаушылар аса қызығушылықпен, ұзақ жүріп аралап тамашалады, бақтан рақат алып, бой сергітті.
ЖОО - ға дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары Мужигова Г. М., Нұртілеуова С. Р.,
ЖОО - ға дейінгі дайындық кафедрасының
тыңдаушысы Хумарбек Муса (Моңғолия)