Тіл оқытушыларының тәжірибе алмасу кездесуі
Қазан айында Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Қазақ тілін түркітілдес студенттерге цифрлық технологиялар негізінде транслингвалды аспектіде оқыту» атты ғылыми жобаның негізінде жоба жетекшісі Қ. Сәтпаев атындағы университеттің қазақ және орыс тілдері кафедрасының профессоры, ф. ғ. к. С. А. Оданова және жоба орындаушылары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессорлары Ғ. Шойбекова, Л. Ибраимова т. б. жоба мүшелері ұйымдастырумен «Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдіс - тәсілдері мен мүмкіндігі» атты халықаралық ғылыми - әдістемелік семинар өткізілді. Семинар қазақтан шыққан тұңғыш ғылым докторы Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтің 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Іс - шараға Алматы қаласындағы университеттер мен еліміздегі тіл оқыту саласына қарасты мекемелерден білікті мамандар, ғалымдар қатысты. Мұнда тіл оқытудағы озық тәжірибиелер ортаға салынды. Аталған іс - шарада С. Демирел атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің оқытушылары Ж. Нұрманова, Р. Ж. Абнасырова, Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дан ф. ғ. к. қазақ тілін шет тіл бағытында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан оқытушылар Г. Ә. Машинбаева, М. П. Ешимов, ҚызПУ, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің оқытушысы қауымдастырылған профессор Р. Өскенбаева, Назарбаев Зияткерлік мектептбі дербес білім беру ұйымы филиалы педагогикалық өлшеулер орталығының бақылау бойынша эксперті Тоғыс Жапаргүл Мырзагүлқызы, Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми - практикалық орталығы терминология бөлімінің басшысы м. а. PhD доктор Д. Ж. Оспанова, сондай - ақ Түркия елінен онлайн платформасында PhD доктор, түркітанушы Серап Пылгыр, Ахмет Иассауи университеті, Түркітану институтының ғылыми қызметкері, PhD доктор Халил Четин сынды түркітанушы ғалымдар қатысып, қазақ тілін оқыту саласындағы тәжірибелері бойынша баяндамалар оқыды. Ұсынылған баяндамалар тақырыбы қызықты, олардың әрқайсысында тіл оқытудың мәселелерін заманауи тұрғыда сан қырынан қарастырған тың идеялар көп болды. Әсіресе, С. Демирел атындағы қазақ түрік университетінен келген жас ғалым Нұрманова Гүлжайна Нұрболатқызы оқыған «Қазақ тілін оқытуда жасанды интелект мүмкіндіктері: сөйлесім әрекеттерін ұйымдастыруға қажетті онлайн платформалар» тақырыбында жасаған баяндамасы қатысушылардың тарапынан аса жоғары қызығушылық танытқан жұмыс болды. Баяндамада жас ғалым ғылым мен техника дамыған қазіргі уақытқа сай, тіл оқытудың сапасын арттыруға пәрменді ықпал ете алатын, адам мүмкіндіктерін техниканың мүмкіндіктерімен толыстыру бағытын қарастыра отырып жасаған баяндамасында онлайн платформалардағы қазақ тілін оқытуда сабақта қолдануға ыңғайлы әдістерді, ыңғайлы сайттарды сабақ процесіне қалай қатыстыруға болатынын жан - жақты түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Тақырыбы қызық болғандықтан баяндамашыға қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, талқыланды. Қорытынды сөзде ғалымдар тарапынан Гүлжайна Нұрболатқызына келесі семинарларда тағы да баяндама жасауға ұсыныс жасалды. Тыңдалған баяндамалардың ішінде тіл оқытудың психологиялық жақтан, нақтырақ айтқанда, эмоцияның тіл оқытуға қатысты жақтары туралы айтылған PhD доктор Д. Ж. Оспанованың баяндамасы көпшілікке ерекше ұнады.
Іс - шара соңында еліміздегі шешімін таппай келе жатқан мемлекеттік тілді сапалы оқыту, оңтайлы тәсілмен меңгерту тақырыбына қатысты көкейтесті сан сұрақтың талқысына арналған пікірталас ұйымдастырылды. Жиын соңы дәстүр жалғастығына сай жайылған дастархан басындағы бейресми отырысқа ұласты. Көптен бері мұндай жиындардан сырт қалған тілшілер өзара әңгімелесіп, жақынырақ танысып, болашақта да әріптестік байланыста болуды құптап тарасты. Іс - шара соңында қатысушыларға алғысхаттар тапсырылды.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Г. Ә. Машинбаева, М. П. Ешимов, Р. И. Дүйсенбаева
Тіл оқытушыларының тәжірибе алмасу кездесуі
- ramuk_b
- 3 қараша 2024
- 261
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тіл оқытушылары, тәжірибе алмасу, ғылыми - әдістемелік семинар
Ұқсас жаңалықтар:
Тағылымы мол халықаралық әдістемелік семинар өтті
Семинар бағыты – қазақ, орыс тілдерін шет тіл (екінші тіл ретінде ) ретінде оқыту. Семинарды модератор филология ғылымдарының докторы, доцент Ұ. Е....Халықаралық әдістемелік семинар өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының...Қазақ тілі - әлем тынысында
2021 жылы 12 қараша күні сағат 14: 00 - де шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы кафедра меңгерушісі филол. ғ. д. профессор...Шетелдіктерге қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістеріне ар ...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының...Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.