Қар барысы - еліміздің ұлттық символдарының бірі
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру даярлығы кафедрасында бірнеше жыл бойы "Қазақстантану" тәрбие жұмысы бойынша клуб табысты жұмыс істеп келеді. Клуб жұмысының мақсаты шетелдік студенттерді еліміздің өмірі туралы ақпараттандыру, қазіргі Қазақстанның оқиғаларымен, фактілерімен таныстыру болып табылады.
25 қазан - Қазақстан Республикасы күні ұлттық мерекесіне орай «Қар барысы - еліміздің ұлттық символдарының бірі» атты ашық тәрбиелік іс - шарасын өткізді. Шараға кафедра оқытушылары, клуб мүшелері және осы кафедрада білім алып жүрген әлемнің Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Испания, Дания, Иран, Түркия елдерінің шетелдік студенттері қатысты.
Жиында сөз алған клуб жетекшісі Т. В. Курманова қазанның 23 - і күні халықаралық қар барысы күні аталып өтілетінін, Қар барысы - еліміздің ұлттық символдарының бірі екенін, Қазақ ежелден барыстың батылдығына тәнті болғанын, тіпті дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші жылы да Барыс жылы екенін, Қар барысы жалпы Қазақстан үшін ресми символға да айналғанын, еліміздің ең үлкен қалаларының бірі - Алматы қаласының өзінің таңбасында барыс бейнесі бейнеленгенін, сонымен бірге 12 мемлекеттің Қызыл кітабына енгізілгені туралы кеңінен мәлімет беріп, жалпы шолу жасады.
Шетелдік студенттер «Қар барысы» атты бейне таспаны және «Алматыны аралау», «Қар барысы - еліміздің ұлттық символдарының бірі» тақырыптарындағы слайд - альбомдарды тамашалай отырып, Қазақ халқының мәдениетімен, тарихымен таныса отырып, жаңа қырынан таныды.
Студенттер «Қар барысы - еліміздің ұлттық символдарының бірі» ретіндегі танымдық мәнімен бірге ұлттық мәдениетті өркендетудегі рөлі зор болғаны туралы мәліметтермен танысты. Қар барысы жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл шетелдік студенттер аталған іс - шараға белсенді қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді. Бұл маңызды іс - шара студенттерді Қазақстанның тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосты деп санауға болады.
Айгүл Саденова., Таисия Курманова.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
Қар барысы - еліміздің ұлттық символдарының бірі
- ramuk_b
- 22 қазан 2024
- 393
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қар барысы, ұлттық символ, Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ұқсас жаңалықтар:
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Алматы қаласы
Бүгінде көркімен әдемі, табиғаты да өте керемет, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері
Іс - шараға дүние жүзінің Қытай, Корея, Жапония, Ауғанстан, АҚШ, Италия, Дания, Испания және басқа да елдерінен келіп, білім алып жүрген шетелдік...Тарихы терең Алматы!
Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.