Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаев онкүндігі
Мұқағали есімі бүгінде бар қазаққа мәшһүр. Ақын халқының сүйіспеншілігіне бөленген перзент.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіміздің 90 жылдығы аясында 9 ақпан - 19 ақпан аралығында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты қазақтың ақиық ақыны М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған онкүндік болып өтті. Онкүндікте алты бағыт бойынша университет шәкірттері өз өнерлерін сынға салды. Ол өнер - білім бағыттары: «Тілім менің бақытым» атты көркем жазу (АИР тыңдаушылары) бағыты, «Қазақтың қара өлеңі - құдіретім» атты ән байқауы, «Поэзия, менімен егіз бе едің?» көркем сөз оқу бағыты, «Мұқағали – ақиық ақын» атты эссе жазу бағыты, «Жырлайды жүрек» атты поэзиялық арнау жазу бағыты, «Менің музам» атты сурет салу бағыты деп аталды. Осы аталған салалар бойынша М. Мақатаевтың өмірі мен шығармаларынан сынға түскен талантты жастар онкүндіктің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздарды марапаттауға факультетіміздің барлық басшылық құрылымы қатысты: «Қазақтың қара өлеңі - құдіретім» атты ән байқауы бойынша жеңімпаздарды құттықтып, жүлдені тапсырған факультет деканы С. А. Сартаев: Бас жүлде: 1. Еркін Ерсін (26 - топ) 2. Ислам Анель (колледж) 1 - орын: 1. Риса Икоедзе (шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы) 2. Аймер Дәулет (шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы) 3. Абылхан Әлихан (колледж) «Поэзия, менімен егіз бе едің?» көркем сөз оқу бағыты бойынша құттыұтау сөз айтып, жүлдені тапсырған факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Камшат Тоқашқызы: Бас жүлде: 1. Ықылас Мардан (24 - топ) 2. Естайұлы Ерсұлтан (колледж) 1 - орын: 1. Ертөстік Айыпхан (22 - топ) 2. Жамбыл Саламат (колледж) 3. Мәкен Жанерке (2 - топ) 4. Төрехан Данияр (колледж) 2 - орын: 1. Меней Ербала (24 - топ) 2. Дүйсен Жансая (колледж) 3. Байжігітова Дина (2 - топ 3 - орын: 1. Інжу Хуандак (24 - топ) 2. Болат Жанали (колледж) 3. Байболат Арай (20 - топ, Сандуғаш) «Мұқағали – ақиық ақын» атты эссе жазу бағыты бойынша жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы меңгерушісі Н. Б. Тәуекелов тапсырды: Бас жүлде: 1. Берікбол Дана (20 - топ) 1 - орын: 1. Әзімбай Зейнеп (15 - топ) 2. Қайырқызы Айбибі (25 - топ) 3. Қуатбек Айткүл (24 - топ) 2 - орын: 1. Жомарт Ақжұлдыз (8 - топ) 2. Ғұниса Жұмабай (31 - топ) 3. Бандат Ақерке (24 - топ) 3 - орын: 1. Перизат Мәдениет (25 - топ) 2. Ардақ Айдана (20 - топ) 3. Бөкен Сүйінбек (8 - топ) «Жырлайды жүрек» атты поэзиялық арнау жазу бағыты бойынша жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Гүлхан Тұрарқызы тапсырды: Бас жүлде: 1. Жақыман Жанболат (24 - топ) 1 - орын: 1. Ноғаева Бақытнұр (колледж) 2. Жеңіс Бақжол (31 - топ) «Менің музам» атты сурет салу бағыты бойынша факультет деканының халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Қанат Қарақұлұлы құттықтап, жүлделерін тапсырды: Бас жүлде: 1. Ерғазы Айдын (25 - топ) 1 - орын: 1. Долқын Балауса (26 - топ) 2. Бауыржан Ақтілек (23 - топ) 2 - орын: 1. Қажымұқан Әділет (колледж) Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті әлемнің әр түкпірінен келген қазақ және шетел жастарының басын қосатын киелі шаңырақ. Осы шарада да ұлттық мәдениетіміздің мерейін үстем етіп, М. Мақатаевтың шығармашылығындағы сазды әуенді әндері шырқалып, сезімге толы лирикалық өлеңдері оқылды. Жас ақындар Мұқағали атамызға арнаған жырларын төкті. Жастар аппақ таза парақ сияқты. Оларға не айтсаң, не берсең соның бәрі айнадай көрініп тұрады. Жандары жақсылыққа құштыр, өнер мен білімге ұмтылған рухты жастарды көргенде жүрегің шын қуанады. Еліміздің болашағы үшін осындай талапты жастардың қатарын көбейтіп, дұрыс бағытта тәрбиелей білсек, тәуелсіз Қазақ еліміз мызғымас берік мемлекет бола алады. Ұстаздардың жетістігі шәкірттерінің жеңісімен өлшенетіні рас. Сондықтан шетелден келген әр қазақ баласының жүрегіне ұлттық рухты сіңіріп, санасына сәуле сыйлар осындай маңызды істеріміз көп болса, болашағымыз жарқын бола бермек. Осы шараның өтуіне жауапты болғандықтан, олардың шара барысында жазған жұмыстары мен қазақтың қара өлеңіне құштарлықтарын танып, осылай айтуымыз керек деп есептеймін. Біз жастармен шын мәнінде жақсы жұмыс атқара білсек, жастарымыз мықты болады. Жастары мықты елдің болашағы мықты. Барлық жеңімпаздарымызға еліміздің абыройын асқақтатып, биіктерден көріне беріңіздер демекпіз!
ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің
аға оқытушылары:
Әділханова Жанна Сайынқызы, С. Р. Нұртілеуова
Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаев онкүндігі
- ramuk_b
- 4 наурыз 2024
- 385
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Мұқағали Мақатаев онкүндігі
Ұқсас жаңалықтар:
Майдангер жазушыға арналған кеш өтті
2023 жыл 13 желтоқсан шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық кітапханасында ҚазҰУ - нің 90 жыл...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды
Бүгін, 2022 жылы 12 қыркүйекте әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы Мемлекет...Қазақ тілі - әлем тынысында
2021 жылы 12 қараша күні сағат 14: 00 - де шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы кафедра меңгерушісі филол. ғ. д. профессор...Мерейлі кафедраға 35 жыл
Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.