Сайтқа кіру Тіркелу

Талапкер ҰБТ - ға қаншалықты деңгейде дайынсыз?

Талапкер ҰБТ - ға қаншалықты деңгейде дайынсыз?

Өзіңізді тексеріп көріңіз!


Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетіне жыл сайын, жоғары білім алу мақсатында, арман жетегінде келген қандастар мен шетелдік тыңдаушылардың саны артуда. Олардың көбі, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Түркия, Иран, Ауғанстан тағы басқа мемлекеттерден келіп білім алуда. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы, шетелде тарыдай шашылған қандастарымызды елге оралту мақсатында бұл саясат жоспарлы түрде жүзеге асып отыр. Осы бағдарлама аясында толассыз келіп жатқан шетелдік қандастарымызды жаңа ортаға бейімдеуде, ЖОО - ға дейінгі дайындық кафедрасының қолданбалық мәні зор. Осы орайда, оқытушылар қауымының ең бірінші алдына қойған мақсаты ұлтымыздың төл тарихын, мәдениеті мен әдебиетін терең оқытып, теориялық алған білімдері негізінде ҰБТ - да жоғарғы балл көрсеткішін алуға күш салады. Атамекенге үлкен арманмен келген жастар, ҰБТ - да барлық пәндерден дайындалып, өздерінің таңдаған мамандықтары бойынша шекті балл жинап оқуға түседі. Оған, жыл сайын Қазақстанның жоғарғы оқу орнына түскен тыңдаушыларымыз дәлел. Тәжірибе барысында байқағанымыз, шетелден келген қандастарға ең қиын түсетін пән - Қазақстан тарихы. Өйткені, бұл пәнді олар тек Қазақстанға келгеннен кейін ғана, оқып таныса бастайды. Сондықтан, Қазақстан тарихы пәні бойынша тыңдаушыларды жан - жақты дайындаймыз. ҰБТ - да жоғары балл жинау үшін, әр тақырыпты тереңінен меңгерту мақсатында түрлі әдістер, слайд, лекция, тақырыптық, мәтіндік тест тапсырмаларымен дайындық жүргізіледі. Назарларыңызға ұсынылып отырған әдіс, бірыңғай тарихи жылдарды жаттап, сандарды есте сақтауға арналған. Түрлі нұсқада жасалған тест тапсырмаларымен талапкерлер, өздерінің білім деңгейлерін тексеріп, жан - жақты дайындалып шыңдала алады.

ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушылары: Ө. Д. Сандықбаева, С. Р. Нұртілеуова
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алматы қаласы

Алматы қаласы

Бүгінде көркімен әдемі, табиғаты да өте керемет, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері

Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері

Іс - шараға дүние жүзінің Қытай, Корея, Жапония, Ауғанстан, АҚШ, Италия, Дания, Испания және басқа да елдерінен келіп, білім алып жүрген шетелдік...
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...
Тарихы терең Алматы!

Тарихы терең Алматы!

Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×