Сайтқа кіру Тіркелу

М. Дулатовтың өнер тарландарына көрсеткен қамқорлығы

М. Дулатовтың өнер тарландарына көрсеткен қамқорлығы

Кеңес өкіметі тұсында Алаш зиялылары оқу - ағарту, мәдени, баспасөз салаларында қызмет атқаруларына тура келді. Билік басына қандай өкімет келмесін, халқына адал қызмет етуді мұра тұтқан зиялылар жаңа жағдайға бейімделуге тиіс болды. М. Дулатов Кеңес өкіметі оған жүктеген қызметті өз дәрежесінде сапалы және сауатты атқаруға күш салды.
М. Дулатов 1922 жылы Орынборға келіп, 1924 жыға дейін Қазақтың халық ағарту институтында оқытушы болып орналасады. Орынборда ашылған бұл Халық ағарту институты Қазақстандағы алғашқы оқу орындарының бірі болып есептеледі.
Бұл білім ордасында М. Дулатов қазақ халқының тарихынан дәріс оқыды. Орынбордағы Халық Ағарту институты, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов сынды зиялылардан дәріс алған, ұлттық сахна тарихын шырқау биікке көтерген Елубай Өмірзақов, Жұмат Шанин, Серке Қожамқұлов, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Қапан Бадыров, жазушы Ғалым Ахмедовтың талантының өнердегі тұсауын кескен білім ошағы деп айтуға толық негіз бар.
Осы уақыттағы ұлт зиялыларына тән қасиет көкірегі ояу зерделі қазақ жастарына риясыз қолдау көрсеткен. М. Дулатов шәкірті Қазақ ССР - нің халық артисі, қазақ драма театрының іргесін алғаш қалаушылардың бірі Қапан Бадыровқа, суырып салма ақын Иса Байзақовқа, т. б. көптеген көзі қарақты қазақ балаларына қолынан келген қамқорлығын аямады, оның бойындағы осы қасиетін, Иса Байзақовқа оның көп қолдау көрсеткенін Гүлнар Дулатова өзінің естелік еңбегінде төмендегідей баянбадайды: “Исаны мен кішкене кезімнен білемін, 1925 жылы Орынборға келіп, КИНО - ға (Қазақ Халық ағарту институты) оқуға түсіп, Қапан Бадыровпен бірге оқып жүрді. Ол кезде әкем КИНО - да дәріс беретін. Исаның тұрмыс жағдайы ауыр болғандықтан, әкем аяп өз қарамағына алып үйде тұрғызды. Иса аяғынан тұрғанша біздің үйдің баласындай еркін өсті. Бұған қосымша, Қапан Бадыров 1947 жылы жарық көрген “Өткендер мен өткелдер” атты еңбегінде өзінің КИНО - да оқыған кезін, замандастары Жұмат Шанин, Мұхтар Әуезов, Серке Қожамқұлов, Иса Байзақовтың шығармашылығын, өнерге келу жолдарын жазған. Барлығы М. Дулатовтың көзін көрген, пікірлесіп тұрған. Осы еңбекте Иса Байзақовпен танысуына М. Дулатовтың себепкер болғанын айтады. Түсінікті болу үшін осы жолдарды тұтас келтіреміз: “Ойын - сауық кештерінің бірінде концерт - әдебиет бөлімі біткеннен кейін, отырған жұрттан біреу шыға келіп: “Жолдастар! Аз тыным алып, сабыр етіңіздерші”, - деді. Жұрт тына қалды. Әлгі кісі өзімен бірге ертіп, біреуді сахнаға қоса алып шықты. Танымаймыз. Бір жас жігіт.
- Бұл жолдас Семей қаласынан осында оқу іздеп келгелі екі жеті болып қалды. Өзі суырып салма ақын. Туған жері Кереку, аты - жөні Иса Байзақов. Кәнекей, сұрақтарыңызды берулеріңізді сұраймыз, - деп өзі сахнадан қайта түсіп кетті.
Осы әлгі адам деп отырғаным өзім қатты сыйлайтын М. Дулатов. Қапан Бадыров М. Дулатов ақталғаннан кейін берген сұхбатында: «Кезінде тоталитарлық жүйе ардақты ағамыз жөнінде жазуға, айтуға тыйым салды. Тіпті ұзақ жылдар бойы оның атын айтуға мүмкіндік бермеді»,- дей келе соған өкінішін білдірді.
Бұл естеліктен байқайтынымыз, М. Дулатов әрқашанда көкірек көзі ояу, өнерлі жастарға үнемі қамқор және қолдау көрсетіп отырған.

ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушылары: Ө. Д. Сандықбаева, С. Р. Нұртілеуова
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының ұлы перзенті

Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының ұлы перзенті

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі - мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін...
Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының ұлы перзенті

Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының ұлы перзенті

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі - мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін...
М. Дулатов «Наурыз»

М. Дулатов «Наурыз»

Міржақып Дулатов Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылында (қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қыз бел" ауылы) туған....
Міржақып Дулатов

Міржақып Дулатов "Қыс"

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Атамекен орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Санкибаева Мадина...
М.Дулатов

М.Дулатов "Қырдан келген жас қазақ"

Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Молдашева Айгүл Нухесқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×