Елді елең еткізген сұхбат
Ел Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Егемен Қазақстан» басылымына берген сұхбатында Тәуелсіз еліміздің отыз екі жылдық тарихи кезеңіндегі мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына, сыртқы саясатындағы басым бағыттарына, ішкі саясаттағы ұлтаралық қатынастарына, экономикалық өсім мен халықтың әл - ауқатының артуына бағытталған реформалар туралы, жаһандану жағдайында ұлттық құндылықтарымызды сақтап бәсекеге қабілетті ұлт болу заман талабы екендігін бағамдап: «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек», - деген салиқалы ой тұжырымдауы қалың көпшіліктің көңілінен шықты. Біздің тарихшы ретіндегі бір ой түйгендігіміз, Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің сұхбаттарында, Тәуелсіздік бұл соңғы отыз екі жылдың нәтижесі емес, оның тарихы тереңде екендігін үнемі ерекше атап көрсетеді. Осы сұхбатында тарихтың тағылымдық мәні туралы келелі ой қозғап, ұлттық тарихымызды ұлықтау мақсатында әлемдік деңгейде өткізілетін ауқымды шаралардың маңыздылығына тоқталды. Атап көрсетсек: «Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу де еліміз үшін айтулы оқиға болмақ. Байрақты бәсеке ұлттық спорт пен саламатты өмір салтын дәріптеу жағынан да, Ұлы даладағы көшпенділер өркениетінің мұрагері саналатын бауырлас халықтардың мәдени - гуманитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да маңызды екені сөзсіз.
Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады. Сонымен қатар тарихшылардың пайымдауынша, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл. Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынады. Биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарын да аяқтаймыз. Бұл – өзімізден 200 - ден астам, шетелден 60 - қа жуық маман жұмылдырылып, тыңғылықты жасалып жатқан үлкен шаруа.
Еліміздің Тәуелсіздігін нығайтуда, ұлт бірлігін мызғымас берік етуде, мемлекеттік тұтастықты сақтауда, әділетті азаматтық қоғам орнатуда Ел Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сұхбатында тұжырымдаған қағидаттарын жадымыздан шығармауымыз қажет деп ой бағамдаймыз.
ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары: Ө. Д. Сандыкбаева, С. Р. Нұртілеуова, Г. М. Мужигова
Елді елең еткізген сұхбат
- ramuk_b
- 8 қаңтар 2024
- 641
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты, Егемен Қазақстан газетіне берген
Ұқсас жаңалықтар:
Тұрақты дамудың негізі
Мемлекет Басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» гезетіне, журналист Дихан Қамзабекұлына берген сұхбатында халықты толғандыратын...Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды
Бүгін, 2022 жылы 12 қыркүйекте әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы Мемлекет...Қазақстан Президенті 10 ұлттық жобаны мақұлдады
ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев 10 ұлттық жобаны мақұлдады. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды...Қ - Ж. Тоқаев: Тербелуге уақыт жоқ
Біз мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелік іс - шараларсыз өткізуіміз керек – айтты Қазақстанның Президенті. Қасым - Жомарт Тоқаев...Қазақстан жаңа экономикалық құрылым құруға ниетті
Қазақстан жаңа экономикалық құрылымды тез арада құруы керек, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев 11 мамырда Төтенше жағдай...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.