
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде https://farabi. university/ тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 11) аясында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының «Рухани жаңғыру» апталығы мен «Өлкетану» клубы ұйымдастырумен шетелдік тыңдаушылары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында, атақты ақын, сазгер, драматург Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты музыкалық драма қойылымын тамашалады. Дүниенің әр бұрышынан келгендеріне 2 ай ғана болған қандастарымызды жаңа ортаға бейімдеу мақсатында әртүрлі іс - шаралар атқарылуда. Осындай іс - шаралардың бірі қазақтың театр өнерімен таныстыру болды. Театр – тыңдаушыларда эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы болып табылады. Іс - шараның мақсаты: тыңдаушыларды еліміздің басты мәдениет ордасымен таныстыру. Вальс королі әйгілі сазгер Шәмші рухына арналған бұл туындыны тамашалау кезінде Шәмшінің жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндері қойлып, еріксіз биге жетелеп, сезім тебірентер Сыған серенадасын тамашалау барысында тыңдаушылар ерекше әсерге бөленіп, рухани азық алып қайтқаны сөзсіз. Сонымен қатар ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Б. Тұрыстың, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Н. Карабалинаның жоғары актерлік шеберліктері жас ұрпақты тәнті етті.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары:
Г. М. Мужигова, Г. Т. Тилеужанова