Қазақстан және Моңғолия: білім беру саласындағы халықаралық байланыстар
Қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің салтанат құруы. Білім, тәлім мен тәрбие мәселесі – қоғамның болашағы болып табылады.
Қазақстан мен Моңғолия ғылым, білім және мәдениет салаларына тұрақты қызығушылық танытуда. Сапалы білім беру, ғылыми жаңалықтар, мәдениетті дамыту - адамдар өмірінің негізі, қазіргі қоғамды одан әрі жақсарту мен жетілдірудің негізі. Алғаш рет екі мемлекет арасындағы ресми қатынастар 1992 жылы 22 қаңтарда орнатылды. Осы жылдар ішінде экономика және сауда салаларында келісімдерге қол жеткізілді және іске асырылды. Жастар өз мақсаттарын жүзеге асыруға, өз кәсібін ашуға, болашақты құруға көмектесетін жақсы білім алуға ұмтылады. Шет тілдерін үйрену қазіргі жастарға әртүрлі ақпарат көздерінен ақпарат алуға, әртүрлі елдерде оқуға көмектеседі.
Қазақстан мен Моңғолия арасында қол жеткізілген білім беру саласындағы келісімдер моңғол студенттеріне қазақ және орыс тілдерін үйрену, білім алу үшін Қазақстанға оқуға келуге мүмкіндік береді.
Моңғолияда этникалық қазақтар тұрады. Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде Қазақстан мен Моңғолияның тарихи ортақтығы бар екенін және халықаралық аренада бір - бірін белсенді қолдайтынын бірнеше рет атап өтті.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктерді одан әрі оқуға дайындайтын негізгі факультет. Моңғолиядан келген студенттер жыл сайын осы факультетке оқуға түседі, оқуын жалғастыру үшін және Қазақстанда жоғары білім алу үшін қазақ және орыс тілдерін оқиды. Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың жоғары оқу орнына дейінгі факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары қазақ және орыс тілдерін меңгертіп, қазақ халқының салт - дәстүрін, ата тарихын үйретуде.
Студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысуға, конференцияларға қатысуға, мақалалар жариялауға мүмкіндігі бар.
Студенттік өмір бай және алуан түрлі. Студенттер Қазақстан тарихымен, мәдени құндылықтарымен, ұлттық ерекшеліктерімен танысады. Мәдениетаралық коммуникация екі елдің өзара түсіністігін, өзара сыйластығын қалыптастыруға, бүкіл әлемде бейбітшілікке ұмтылуға ықпал етеді.
Моңғолиядан келген студенттер қазақстандық студенттерді Моңғолия тарихымен, оның ғылыми және мәдени жетістіктерімен таныстырады, концерттерге қатысады.
Моңғолиялық тыңдаушылар әрқашан оларға сабақ барысында және сабақтан соң бүкіл оқу жылының барысындағы жаңа ортаға бейімделуге көмектесетін өздерінің оқытушыларына, білімнің бастауын осы ұстаздардан алып, биік белестерге көтеріліп, ұлттық тілімізбен, өнерімізбен және тіл мәдениетімізбен танысып, білімдерін ұштауда зор жетістіктерге жеткеніне қуанып, өз алғыс пікірлерін білдіріп отырады.
Саденова А. Е., Игнатова Е. Р.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының доценттері
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ.
Қазақстан және Моңғолия: білім беру саласындағы халықаралық байланыстар
- ramuk_b
- 18 желтоқсан 2023
- 761
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақстан және Моңғолия, білім беру саласындағы халықаралық байланыс
Ұқсас жаңалықтар:
Сапалы білім беру маңызы
Қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, еліміздің болашағы, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі...Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ Азиядағы үздік 30 жоғары оқу орындарының қатарын ...
Барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің...Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...Сапалы білім – болашақ кілті
Қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, еліміздің болашағы, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі...Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.