Сайтқа кіру Тіркелу

Денсаулық – ең басты құндылық

Денсаулық – ең басты құндылық

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақ және орыс тілдерін оқып жүрген шетелдік студенттер үшін арнайы ашық тәрбиелік іс - шара ұйымдастырылды. Ашық тәрбиелік іс - шара «Денсаулық – ең басты құндылық» атты тақырыпта өтті.
Іс - шараға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен Қытай, Түркия, Корея, Жапония және басқа да елдерден оқу үшін Қазақстанға келген шетелдік студенттер қатысты.
Іс - шара барысында сөз алған шетелдік студенттер өз өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, тілі мен мәдениетіне қарамастан, табиғатты адам тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды, салауатты өмір салтын ұстануды сөз ете отырып, барлық ұлттарды толғандыратын, барлық азаматтардың денсаулықтары мен рухани саулықтары ойландыратын, қазіргі кездегі жиі қолданылатын темекі, наркотик қоспалары, оның зияндылығы туралы ойларын ортаға салып, дүниежүзілік қоғам мәселесіне айналып отырғанын да атап өтті.
Кафедраның оқытушылары баяндамалар жасай отырып, салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жататыны, кешкі тамақтан соң, таза ауада бір - екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор екенін, ұйқы 7 - 8 сағаттан кем болмауы тиіс екенін, әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн екенін, арлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс екенін мәлімдеді. Сонымен бірге, адам денсаулығына зиянын тигізетін темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну секілді жат әдеттерден аулақ болуды түсіндірді. Арақтың орнына қымыз бен қымыран ішіп, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүріп, есірткіні пайдаланбау туралы айтты. Сондай - ақ, табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу керектігін, адамдар бір - бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болып, әрқашан жаман ойдан аулақ болу жөнінде сөз қозғап, осы мәселелер туралы бейне түсірілім көрсетті. Студенттер көтерілген мәселелер жөнінде көптеген сұрақтар қойды.
«Денсаулық – ең басты құндылық» - атты ашық тәрбиелік іс - шара мәдениетаралық коммуникация студенттерді салауатты өмір салтын сақтауға үгіттеуге өз үлесін қосты деп санауға болады.

А. Е. Саденова., Игнатова Е. Р., Толмачева Д. С.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақ және орыс тілдерін оқып...
Денсаулық – салауатты өмір кепілі

Денсаулық – салауатты өмір кепілі

Табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау адам болып табылады. Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және...
Денсаулық – зор байлық

Денсаулық – зор байлық

Табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау адам болып табылады. Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және...
Денсаулық – ең басты құндылық

Денсаулық – ең басты құндылық

Қазіргі коронавирус пандемиясына байланысты елде жарияланған төтенше жағдай кезінде де елімізде білім беру саласы жұмысын тоқтатпай жалғастыруда....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×