Наурыз – көктем мерекесі
Жақында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті деңгейінде Наурыз мерекесін атап өтуге орай ұйымдастырылған салтанатты шараға барлық оқытушылар мен студенттер қатысты. Мереке барысында студенттер Қазақстанда бұл Наурыз мейрамына ерекше көңіл бөлінетініне, ол елімізде өмір сүріп жатқан сан халыққа ортақ мереке екеніне, мемлекет қолдауымен тойланатынына, үлкен дүбірлі той орталығына айналатынына куә болды. Сонымен қатар, осы ұлы мерекеде студенттер қазақ ұлтының нақыштарын көріп, киіз үйлердің тігілгенін тамашалап, қазандарда наурыз көже пісіріліп жатқанын тамашалады. Тойға жиылған қауым бір - бірімен жүздесіп, ұлттық тағамдар – бесбармақтан, қуырдақтан, бауырсақтан, ақтан жасалған түрлі тағамдардан дәм татып көрді.
Осы мереке күні өткен түрлі салт - дәстүрлерді дәріптейтін көріністерді және ойын - сауықтарды (келін түсіру, тұсау кесу, теңге алу, палуан күрес және т. б.) тамашалап, бойжеткендер мен бозбалалар алтыбақанда ән шырқайтынын қызықтап, өздері де осы өтіп жатқан іс - шараларға белсене қатысты.
Мереке барысында «Қара жорға» биін студенттер бәрі бірге қосылып билеп, флэш - моб өткізді. Сондай - ақ, қазақша ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Бұл іс - шара арқылы студенттер "Ұлыстың ұлы күні" деп аталатын бұл мерекенің тарихы тереңде жатқанын, Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс - салтында бағзы замандардан бері орын алғанын, Наурыз (парсыша «нау» - жаңа, және «руз» - күн ) - жаңа жылдың бірінші күні, көктемнің басы, жаңару күні екенін, қазақтар бұл мейрамды Әз - Наурыз мейрамы деп те атайтынын, халықтың ежелгі наным - сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер - көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естілетінін, мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана еститінін, бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан - жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылатыны туралы тарихи мәліметті университет көлемінде өткен мерекелік үлкен концерт арқылы тамашалай отырып көз жеткізді.
Студенттер өздері осы Наурыз мерекесін тойлауға қатысу арқылы "Ұлыстың ұлы күні" наурыз мерекесінде көрсетілген салт - дәстүрді тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татты.
Университет көлемінде өткен мерекелік іс - шараға студенттер белсенді, жоғары деңгейде, мәдени диалог түрінде қатысты
Өзенбек Е. Р.
1 курс магистранты
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Тарих факультеті
Наурыз – көктем мерекесі
- ramuk_b
- 28 сәуір 2023
- 287
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Наурыз жыл басы, әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз – халықаралық мейрам
Бұл мерекелік концерт барысында шетелдік студенттер Қазақстанда бұл Наурыз мейрамына ерекше көңіл бөлінетініне, ол елімізде өмір сүріп жатқан сан...Наурыз айындағы ұлттық тәрбиелік іс - шаралардың маңызы зор
Жыл сайын көктемде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың барлық факультеттерінде жастарды рухани - адамгершілік және мәдени - эстетикалық тәрбиелеуге...Наурыз – халықаралық мейрам
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А. С. Айтпаева...14 наурыз – Көрісу күні
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті
Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.