Сайтқа кіру Тіркелу

Студенттерге тіл мен мәдениетті қатар меңгерту маңызды

Студенттерге тіл мен мәдениетті қатар меңгерту маңызды

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО дейінгі факультеті университеттегі мамандыққа дайындайтын басқа факультеттерге ұқсамайды, өзіндік ерекшелігі бар факультет. Мұнда колледж бен лицейден басқа бағытта яғни, шетелдік тыңдаушыларға қазақ және орыс тілін оқытып, оларды жоғары оқу орнына дайындайтын кафедра жұмыс істейді. Аталған кафедраның толық атауы – Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы. 30 жылдан аса тарихы бар аталған кафедрада жыл сайын шетелдік азаматтар қазақ және орыс тілін оқып, өз өмірлерін Қазақстанмен байланыстыруға мүмкіндік алады. Олар қазақ және орыс тілдерін шет тіл ретінде оқиды. Аталған әдістеме бойынша тіл оқытуда дәнекер тіл ретінде ағылшын, орыс тілдері қолданылмайды. Тіл үйренушілер бірден бастауыш деңгейден бастап қазақ тілін оқиды. Тілдің грамматикалық курсына қосымша «Практикалық қазақ тілі», «Елтану», «Тыңдалым» пәндері оқытылады. Аталған ұжымда тәжірибелі, өз істерінің шеберлері сабақ береді. Оқытушылар пәндерді оқыту үшін өздері оқу құралдарын жазады. Оқытушылар қауымы тіл үйретумен қатар тәрбие жұмыстарын да бірге алып жүреді. Әсіресе мәдениеті, тілі, саяси көзқарасы, өмір сүру қағидалары әртүрлі болып келетін шетелдіктерді бір ұжымда үйлестіріп, олардың арасында сыйластық, бір - бірінің мәдениетіне деген құрмет қалыптастыруда аталған ұжым оқытушыларының еңбектері ерен деп айтсақ қателеспейміз.
Осы жылы да қазақ тілі топтарында үш топ жасақталды. Қазақ тілін оқитын шетелдік тыңдаушылар Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия, Қытай елдерінен келген азаматтар. Олар бастауыш және жалғастырушы топтарда қазақ тілін оқып жүр. Жастары да әртүрлі. Отбастарымен келіп оқып жатқандары да бар. Бір ұжымда өмір сүріп жатқан олар бір - бірімен жақсы қарым - қатынаста. Оңтүстік Корея елінен келген Ё Хаён осы топтар ішіндегі ең белсенді студенттердің бірі. Жасының басқалардан үлкен екендігін айтып, ол өзін топтағы студенттердің әпкесі деп санайды. Оларға әпкелік қамқорлық жасап, үнемі көмектесіп, ауырып қалса дәрі - дәрмек беріп, жанашырлық танытып жүреді. Студенттер бос уақыттарында еліміздегі өнер орталықтарына, табиғатқа, түрлі демалыс орындарына саяхат жасап тұрады. Олар сабақта қазақтың ұлттық тағамдарымен танысып, бір асханаға барып тамақ жеп, әңгіме дүкен құруды да әдетке айналдырады. Елдеріне жырақта жүрген жастар кейде өз елінің дәстүрлі тағамдарын жасап, бір - бірін қонаққа шақырып, қазақ елінің «қонақжайлық» дәстүрін дәріптеп жатады. Бірде Ё Хаён сабақта қазақ елінің «қонақжайлық» дәстүрі туралы нақты білу үшін, Талғар қаласына барып, кездескен бір қазақ адамға: «Сіздің үйіңізге қонаққа барсам бола ма? - деп сұранғанын айтты. Сонда қазақ адам оны үйіне шақырып, қонақ етіп күтіпті. Осыған риза болған корей қыз қазақтардың қонақжайлық дәстүріне таңқалатынын, олардың ыстық ықыластарына, қамқорлығынан өзінің елін онша сағынып, қиналмай, Қазақстанда өз елінде жүргендей еркін жүргендігін айтады. Бұл тіл мен мәдениетті қатар меңгертуге сіңірген ұстаздар еңбегінің жемісі.

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Аға оқытушылар: Г. Ә. Машинбаева
Р. И. Дүйсенбаева
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері

Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері

Іс - шараға дүние жүзінің Қытай, Корея, Жапония, Ауғанстан, АҚШ, Италия, Дания, Испания және басқа да елдерінен келіп, білім алып жүрген шетелдік...
Қазақстан Республикасының жаңа тарихымен танысамыз

Қазақстан Республикасының жаңа тарихымен танысамыз

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелден келген студенттерді қазақ...
Университетте кездесейік!

Университетте кездесейік!

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
35 жылдық мерейтойға орай өткізілген ашық есік күні

35 жылдық мерейтойға орай өткізілген ашық есік күні

Қара шаңырақ саналатын әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және...
Мерейлі кафедраға 35 жыл

Мерейлі кафедраға 35 жыл

Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×