М. Әуезов Жапония туралы
Әр халықтың ұлы тұлғалары болады. Қазақ халқы үшін – Абай деп ойлаймын. Абай әлемдегі адамдардың құндылығы деп білемін. Абайдың дана адам екенін ашқан, басқа адамдарға танытқан Мұхтар Әуезов екенін оқып білдім. М. Әуезов ұлы жазушы, сонымен бірге зерттеуші. Маған оның жиырма жасында жазған Жапон елі туралы жазған зерттеуі өте қызық болды. Ол «Жапония» деп аталады.
Жапон халқының аңызында осы аралдарға иттің артынан еріп келгендері туралы айтады. Жазушы да осы аңыздың түбі шындық екенін айтқысы келетіні өте қызық. Мұз басу дәуірінде Азиядан Америкаға қарай кеткен прототүркілер қазіргі үндістер деген де мәлімет бар. Ғалымдар ит жетектеп жаңа құрлыққа өтіп кеткен ежелгі түркілердің бір бөлігі бүгінгі жапон аралында мекен етіп қалған деген де болжам айтады. Менің білуімше жапон ғалымдары жапон халқын Алтай тауларынан екенін, қазақ пен жапон халқының тіліндегі ұқсастықтарды да жазады. Мынадай деректі оқыдым: «қазақтың «жетіген» аспабына ұқсас жапондықтарда «шичиген» атты жеті ішекті аспап бар. «Шиши»- жеті, «ген» ішек деген мағына береді. Мен үшін бұл өте қызық. Жапония елі үшін ең үлкен жаңалық болып, өзгеріске әкелген – Мэйдзи реформасы болған, осы туралы жазушы жақсы жазыпты. Мен М. Әуезовтің 1918 жылдың өзінде жапон елі туралы көп білетініне таң қалдым. Зерттеуші «тез жетілген Японияға қазақтың мінезі жанаса ма», «Япония сондай тірі, пысық жігерлі жұрт. Біздің қазақ ше?» деп сұрақ қояды. Әрі қарай «іргедегі көршілердің ішінде жарығаны жоқ, япония өнерлі болғанымен, жерінің шалғайлығы» деп өкінеді.
Жапонияның білім алудағы, жапон тілінің, әдебиетінің қиындықтары мен артықшылықтарын да айтады. Сол кездегі жапон тілінің хәлі қазіргі қазақ тілінің жағдайы сияқты болғанын да түсініп отырмын. Жазушы бұл мақаланы жазу кезінде көп ізденіп, оқығанын байқадым.
Жазушы мақалада жапон әйелінің тұрмысын да тамаша жазады: «Енді Японияның әйелінің хәліне келейік. Бұрынғы уақытта Японияның әйелі елеусіз күйде болып, ескі ата - бабалар салтымен әйелге өсіп - өну салтымен қарайтын. Бұл күнгі жаңалық ағымы ол салтты қалдырып, әйелді де мемлекеттің құрметті мүшесінің бірі деп біліп, қатарға кіргізіп барады. Әйелдер үшін төменгі дәрежелі мектептер өз алдына жоғары дәрежелі мектептер де салына бастады. Японияда әйелдер оқитын мектептердің тәртібі бұл күнде Европа әйелдерінің мектептерінен артық түр тапты. Әйел оқығанда бір жағынан үй ішінің шаруасын үйрену керек, бір беткей оқумен кететін Европа әйелдері үй шаруасына ыңғайы аз, еркек секілді сөлекет болып кетеді, өмірден алыстап кетеді деп, бар әйелдер мектебінде шаруа жағын құнттап тәрбие қылады». Жапон әйелдерінің оқып, білім алып және батыстың білімімен емес, таза жапондық үлгіде білім, тәрбие алып жатқаны жазушыға өте ұнайды. Шынында Жапонияда сол кезде қыздар мектебінде қыздарға ғылым оқытумен бірге тамақ дайындауды, кір жууды, үй тазалауды, үй шаруасын үйреткен. Зерттеуші М. Әуезов қазақ әйелдерінің де оқып білім алуын қалайды. Жазушы Жапонияның дамуын тамаша зерттеп жазғанын білдім. Әлемдік мәдениетті оқып - үйрену, зерттеуді М. Әуезовтен үйрену тамаша үлгі деп ойлаймын.
ЖОО - дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және білім беру дайындығы кафедрасы
4 - топ тіл үйренушісі Эбина Мисаки (Жапония)
Ғылыми жетекшісі аға оқытушы Р. И. Дүйсенбаева
М. Әуезов Жапония туралы
- ramuk_b
- 5 сәуір 2023
- 566
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ұлы тұлға, М. Әуезов, Абай Құнанбаев, басқа адамдарға танытқан Мұхтар Әуезов
Ұқсас жаңалықтар:
Мұхтар Әуезов және әлем мәдениеті
Мұхтар Әуезов - ұлы жазушы. Сонымен қатар ол мәдениет тақырыбына арналған зерттеу еңбектер жазды. Мені де әлемдік мәдениет қызықтырады....Жапон дәрігері коронавирустың екінші толқынының ықтималдығын 90 % бағалайды
Коронавирустық инфекцияның екінші таралу ықтималдығы шамамен 90 % құрайды...Жапон бұқаралық ақпарат құралдары Мәскеудің оңтүстік Курил аралдарын беруге ...
Токиодағы Жеңіс күніне бірнеше күн қалғанда олар Мәскеумен Курил аралдарына иелік ету туралы келіссөздердегі позицияларын нығайтуға тағы бір әрекет...«Гай Го Сай» мерекесі
Еліміздегі Ұлы тұлғаларды, тарихи - мәдени ескерткіштерді халыққа, шетелдіктерге таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу, жаңғырту, сақтау,...Табиғи және антропогендік апаттар
Сабақтың тақырыбы: Жапон балладасы. Жер сілкіну...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.