Сайтқа кіру Тіркелу

Наурыз – халықаралық мейрам

Наурыз – халықаралық мейрам

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А. С. Айтпаева бастап барған шетелдік студенттер әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті деңгейінде Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған Иран елінің «Иранның дәстүрлі музыкасы» атты концертін тамашалап қайтты.
Бұл мерекелік концерт барысында шетелдік студенттер Қазақстанда бұл Наурыз мейрамына ерекше көңіл бөлінетініне, ол елімізде өмір сүріп жатқан сан халыққа ортақ мереке екеніне куә болды.
Осы іс - шара арқылы шетелдік студенттер «Ұлыстың ұлы күні» аталатын бұл мерекенің тарихы тереңде жатқанын, Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс - салтында бағзы замандардан бері орын алғанын, Наурыз (парсыша «нау» - жаңа, және «руз» - күн ) - жаңа жылдың бірінші күні, көктемнің басы, жаңару күні екенін, бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан - жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылатыны туралы тарихи мәліметтермен таныса алды.
Шетелдік студенттер концерт барысында бейне таспа арқылы «Ұлыстың ұлы күні» наурыз мерекесінің тойлануы тамашалай алды. Дәстүр бойынша іс - шара соңында кафедраның мұражайында сақталу үшін әрі тарих үшін жалпы фотосуретке түсті. Шетелдік студенттер мен оқытушылар тамашалаған концерттік нөмірлер жиналған жұртшылық көңілінен шықты.

А. Е. Саденова, А. С. Айтпаева.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Тарихы терең Алматы!

Тарихы терең Алматы!

Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×