Сайтқа кіру Тіркелу

14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы ретінде тойланатын «Көрісу күніне» орай тәрбиелік іс - шара ұйымдастырды. Тәрбиелік іс - шара «14 наурыз - Көрісу күні» атты тақырыпта өтті.
Іс - шараға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Түркия, Филиппин, Иран және басқа да елдерден келген шетелдік студенттер қатысты. Шара барысында шетелдік студенттер оқытушылардан Наурыз мейрамы осы айдың 14 - інен, яғни «Көрісу» салтынан басталатыны, көрісу (яғни, қауышу) күні деп аталатыны, бұл күні адамдар таңнан бастап үй аралап, үлкендерге сәлем беріп, бір - бірін құттықтайтыны туралы білді. Сонымен қатар «Көрісу» - тек адамдардың бір - біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай - ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс екені, көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмай, жыл бойы жалғаса беретіні туралы да мәлімет алды.
Одан кейін шетелдік студенттер Наурыз мерекесінің бастауы «Көрісу күні» мерекесі туралы бейнеленген бейне таспа арқылы «Көрісу күнін» атап өту дәстүрлерімен таныса отырып, қазақ елінің ұлттық тағамдарынан дәм татып, әдеби көріністі де тамашалай алды. Іс - шара жиналған шетелдік тыңдаушылардың көңілін көтеріп, алдымызда көктем мен «Ұлыстың ұлы күні» – әз Наурыз мерекесі де келе жатқандығын еске салды. «14 наурыз – Көрісу күні» атты іс - шара мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

А. Е. Саденова, А. С. Айтпаева
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Тарихы терең Алматы!

Тарихы терең Алматы!

Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
«Тіл - біздің тұтастығымыз»

«Тіл - біздің тұтастығымыз»

Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...
«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×