Әлеуметтік теңсіздікті жою
Теңсіздікті жою және ешкімнің назардан тыс қалмауын қамтамасыз ету тұрақты даму мақсаттарына жету процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Елдердегі және олардың арасындағы теңсіздік үнемі алаңдаушылық тудырады. Дамыған, инновациялы қоғамда өмір сүріп жатсақ та, кейбір елдердегі салыстырмалы табыс теңсіздігінің төмендеуі, әлеуметтік - экономикалық теңсіздік, ер мен әйел арасындағы теңсіздік әлі орын алып жатыр.
Еліміздегі озық оқу орындарының бірі - Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жыл сайын білім аясы кең, білік пен дағдыны бойына сіңірген жастарды оқытып, тәрбиелеп жатыр. Университеттің басты мақсаты - әр студенттің ар - намыс ережесі мен академиялық саясат шеңберінде студент жастардың рухани - адамгершілік қалыптасуына көңіл бөлу. Осы мақсатта түрлі іс - шаралар, конференциялар, сайыстар өткізіледі. Кезекті шаралардың бірі, «тарих және география» мамандығының 1 курс магистранттары арасында “Әлеуметтік теңсіздікті жою” тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті. Шараның басты мақсаты - әлеуметтік қызметтерді дамыту; жастарды білімді болуға баулу; кедейлер мен мүгедектерге көмек көрсету; нормативтік актілерді, заңдарды, ақшалай өтемақыны, қоғамның қорғалмаған топтарын (ардагерлер, мүгедектер, жалғызбасты аналарды) қорғау; ерлерге де, әйелдерге де қандай жағдайда да тең мүмкіндіктер беруді дәріптеу.
Теңсіздік мәселесі қазіргі әлемде өз айқындығын жоғалтпай отыр. 1990 - 2010 жылдар аралығында дамушы елдерде кірістерді бөлудегі теңсіздік 11% - ға өсті. Әйелдер үшін, әсіресе жалғызбасты аналар үшін, табысы орташа деңгейден төмен халықтың жартысының арасында болу ықтималдығы жоғары, өйткені олардың табыс табу және ресурстарға қол жеткізу мүмкіндіктері ерлермен салыстырғанда шектеулі. Қолданыстағы дәлелдер отбасындағы әйел мен ер адам арасындағы теңсіздік жалпы қоғамдағы табыс деңгейінің теңсіздігіне әкелетін факторлардың бірі екенін көрсетеді.
Мұндай заңдылықтар әділетсіздікті күшейтеді және қоғамның әлеуметтік құрылымын әлсіретеді. Елдер арасындағы теңсіздік кедей елдердің қаржылық ресурстардан немесе сауда мүмкіндіктерінен айырылуынан көрінеді. Нәтижесінде олар гендерлік теңдікті және халықтың экономикалық, саяси және әлеуметтік процестерге қатысуының прогрессивті нысандарын қамтамасыз ететін даму саясатын жүргізе алмайды. Сондықтан, елдердің ішкі экономикалық және әлеуметтік саясаты гендерлік теңсіздіктерді азайтуға нақты назар аударуы керек.
Әлі күнге дейін кейбір мешеу елдерде әйелдер мен қыздар үшін гендерлік теңсіздікте өмір сүру ресурстарына және денсаулық сақтау және білім беру қызметтері сияқты әл - ауқаттың басқа да негізгі аспектілеріне қол жеткізу шектеулі. Атап айтқанда, Таяу Шығыс елдерінде әйелдердің билік басына отыруына, такси айдауына, күйеуінсіз виза беруге, мейрамханаларда жұмыс істеуіне заңмен қатаң тиым салынған.
Ал, елімізде әйелдер экономиканың барлық салаларында жұмыс істейді, атап айтқанда, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 74, 5%, білім – 74, 0%, қызмет көрсету саласында – 72, 9%, қаржы және сақтандыру қызметі – 59, 1%, сауда – 59, 8%, көркемөнер мен ойын - сауық – 57, 4, ауыл шаруашылығы – 44, 2%, мемлекеттік басқару – 39, 3%. 2009 жылы Қазақстан Республикасында «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Мемлекеттік қызметте 50 мың әйел жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің 55 пайызын құрайды. 7, 5 мың әйел бізде жетекші лауазымға ие, бұл 40 пайызды құрайды.
Дөңгелек үстел аясында магистранттар әлемде орын алып жатқан әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу, тең құқықтылықты сақтау, қарапайым халықтың заң мен құқық аясындағы білімін арттыру үшін өз ойларын ортаға салып, идеяларын ұсынды.
Бүгінде "БҰҰ - әйелдер" құрылымы заңнама мен бағдарламалар негізінде барлық салаларда жалпыға бірдей қатысу мен теңдікті қамтамасыз ету арқылы елдер ішіндегі теңсіздікті азайтуға қол жеткізуде. Теңсіздік пен кемсітушілікті жою жөніндегі жұмысымызда біз адам құқықтарына негізделген тәсілге сүйенуіміз керек. Біз әйелдер ұйымдары мен ықпал ету топтарының мүмкіндіктерін ең аз қамтылған және әлеуметтік жағынан алшақ әйелдер топтарының, соның ішінде мигрант әйелдердің, босқындардың, мүгедек әйелдердің және басқалардың мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлуіміз керек деп ойлаймын.
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ
Профессор м. а. Козгамбаева Г. Б.
Тарих факультетінің 1 курс магистранты Мукышева А. М.
Әлеуметтік теңсіздікті жою
- ramuk_b
- 28 қараша 2022
- 4753
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Теңсіздікті жою, әйелдер мен қыздар үшін гендерлік теңсіздік
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік – басты байлығымыз
Қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, еліміздің болашағы, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі...Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз
Қазақстан Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына - 30 жыл. Бүгінде Орта Азиядағы іргелі мемлекетке айналып, 30 жыл уақыт аралығында Қазақстан...Коронавируске байланысты әлемдегі қашықтықтан оқытуы негізгі оқыту түріне а ...
Ғасырлар бойы адамзат жас ұрпақты мектеп пен жоғары білімнің кең жүйесі арқылы оқытып, тәрбиелеп шығарды....Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар ауылы, Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің математика пәні мұғалімі Акенева Асем Жумагалиевна...күнтізбелік жоспар
Адам. Қоғам. Құқық....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.