Сайтқа кіру Тіркелу

Кезектен тыс сайлау – жарқын болашаққа жол

Кезектен тыс сайлау – жарқын болашаққа жол

Заңды сайлау – елдің білім, экономика, мәдениет, әлеуметтік өмірінің барлық салаларының әрі қарай қарқынды дамып өсуінің кепілі болып табылады. Жалпыхалықтық қолдауға ие болған, бүкіл халық сайлаған Президент қана Қазақстанды жарқын болашаққа жетелей алады. Президент сайлауы – елдің болашағы, жарқын болашаққа жол. Сонымен бірге сайлаудың өткізілуі Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшы және тұрақтылық діңгегі ретіндегі мәртебесін нығайта түсетіні сөзсіз.
Ел Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынған еді. Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Президент сайлауын 20 қарашаға белгілеуі, Конституцияға енгізілген өзгерістерге қол қойғаны дұрыс шешім деп ойламын. Президент сайлауының нәтижесінде еліміз саяси деңгейде де, білім беру ісінде де жаңа бір кезеңге көтеріліп, Қазақстанның саяси сахнасына жаңа күштердің келуіне жол ашылады деп ойлаймын. Сондықтан жауапты кезеңде еліміздің әрбір азаматы өз дауысын беріп, республикамыздың қандай бағытта дамитынын анықтауға өз септігін тигізу өте маңызды болып табылады. Сол себепті 20 қараша күні өтетін Президент сайлауының маңызы зор.
Болашақта сайланатын Президент ел дамуының бағыттарын белгілеп, елімізді халықаралық аренада таныстырады. Сондықтан әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұстаздар қауымы да бұл науқанды заң аясында жоғары деңгейде өткізуге барынша атсалысатын болады. Кезектен тыс өтетін бұл сайлау еліміздің өсіп - өркендеуіне жаңа серпін әкеледі және жарқын болашаққа жол болады деген сенімім мол.
Барша қазақ халқы алда келе жатқан кезектен тыс Президент сайлауын асыға күтуде. Бұл келе жатқан алдын ала сайлау бәріміз үшін өте маңызды тарихи жағдай. Бәріміз жаңа Қазақстанға бет бұрып жатырмыз. Ол біздің еліміздің болашағы. Осы орайда сайлауға барлығымыз белсенді түрде атсалысып, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосқанымыз жөн.

Саденова А. Е.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы
білім беру дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дүниеде болсын, бізде болсын, бір адам ұзақ жылдар ең жоғары лауазымды атқа ...

Дүниеде болсын, бізде болсын, бір адам ұзақ жылдар ең жоғары лауазымды атқа ...

Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстанда да, басқа мемлекетте де бір адам ұзақ уақыт мемлекеттік жоғары лауазымды атқармауы керек деген...
Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды

Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды

Бүгін, 2022 жылы 12 қыркүйекте әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы Мемлекет...
Саяси жаңғыру бағдары

Саяси жаңғыру бағдары

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Палаталарының біріккен отырысында Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет....
Жолдау жүктеген маңызды міндет

Жолдау жүктеген маңызды міндет

Президент Қасым - Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауы...
Президент Жолдауынан халық не күтеді

Президент Жолдауынан халық не күтеді

1 қыркүйекте Президент Қасым - Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×