Бірлескен топтық жұмысты пайдалану туралы
Жоғары оқу орындарына арналған деңгейлік курсы оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында жеті модуль бойынша жаңаша әдіс - тәсілдерді меңгертіп, курстан алған теориялық білімдерді іс - тәжірибеде тиімді қолдануға машықтандырды. Бірінші бетпе - бетте меңгерген білімдерді пайдалана отырып, жеті модульді талдап, іс - тәжірибеде өткізгілен үш сабақта жаңа әдіс - тәсілдер ұтымды енгізілді.
Тізбектелген сабақтар "Академиялық мақсаттағы қазақ тілі" пәні бойынша 2 семестрде МЮ - 51 тобында өткізілді. Магистранттардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыру үшін төрт тілдік дағдылар негізінде құрастырылған тапсырмалар жүйелі түрде құрастырылып, тапсырмалар аралық сабақтастық болды. Әр дағдыға негізделіп берілген тапсырмалар магистранттардың білім деңгейлеріне сәйкес құрылды.
Бірлескен топтық жұмысты алу мақсаты - пассив білім алушыларға көмектесе отырып, олардың белсенділіктерін арттыру, зияткерлік, шығармашылық әлеуетін ынталандыру және жауапкершілікті сезіндіру.
Іс - тәжірибедегі МЮ - 51 тобында тізбектелген сабақтардың барлығында топтық жұмыс тиімді қолданылды. Топқа бөлу әрекеті "Жұмбақ сурет", "Капитан","Мозайка"әдістері арқылы жүзеге асырылды. "Жұмбақ сурет" әдісімен біріктірген себебі әр топқа әртүрлі деңгейдегі магистранттардың жинақталуын мақсат ету болды.
Бұл әдістің тиімді жағы уақыт үнемді пайдаланылды. Бұл әдіс арқылы топқа біріктіру ұтымды болды және сабақтың басынан магистранттардың сабаққа деген ынтасын тудырды. Сәтсіз жағы болмады. Екінші сабақта "Капитан"әдісі бойынша бөлу - топтағы көшбасшылардың пассив білім алушыларға көмектесіп, олардың белсенділігін арттыру. Тиімділігі - көшбасшының өзара жақсы қарым - қатынастағы топ мүшелерін жинақтауы. Алайда, бір топқа белсенді, екінші топқа пассив білім алушылардың бірігуі сәтсіз болды. Магистранттар топқа жүйелі түрде бөлінбеді. Топ құрамы бойынша топтың бірінде жұмыс жемісті болмайды деп болжауға болады, өйткені оларда әлсіз оқушылар саны көп болды. Сол себепті соңғы сабақта "Мозайка"әдісі командалық рухты күшейту мақсатында қолданылды.
Бұл әдіс арқылы топтастырудың тиімділігі бірден бірлесе жұмыс істеуге жұмылдырып, қызығушылықтарын оятты. Бірақ уақыт үнемдеуде сәтсіз болды және топ шулап кетті. Сондықтан болашақта бұл әдісті жетілдіру қажет. Топтасудан кейін топтарға атау берілді. Мысалы, бірінші топ - білгірлер, екінші топ - зиялылар. Бұл магистранттардың бойында командалық рухты қалыптастырды. Бірге құрастырған топ ережесі білім алушылардың ережеге бағыну, тәртіпті сақтау, белсенділік таныту, ынтымақтастық, сыйластық, жауапкершілік ұстанымдарын нығайтып, сабақ үдерісін жақсартуға, оқудың нәтижелі болуына ықпалын тигізді.
Топтық жұмысқа зерделеніп, жүйелі берілген тапсырмалар топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырды. Бірінші сабақта берілген "Дұрыс, бұрыс", "Конструкция бойынша талдау жаса", "Сәйкестендір", "Венн диаграммасы" жұптық тапсырмаларын алудағы мақсат - бір - біріне көмектесе отырып, нәтижеге жетуге жетелеу және айтылым, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру. "Дұрыс, бұрыс" тапсырмасының ұтымды жағы берілген материалды бірлесе талдай отырып, шешім қабылдауға үйретеді. "Конструкция бойынша талдау жаса" тапсырмасын алудағы мақсат - бір - бірінің пікірін тыңдап, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыру. Студенттердің жауапкершілігі артты, бірақ студенттер шулап кетті. Жазылым дағдыларын арттыру мақсатында "Сәйкестендір" жаттығуы алынды. Бұл тапсырмада магистранттар берілген материалды талдауға машықтанды, белсенді жұмыс істеді, талқылауға қатыса отырып, топ жұмысын қорғауға тырысты. Белсенділігі төмен білім алушылар жауап беруден қорықпады.
Магистранттардың сөздік қорларын молайту мақсатында топтық жұмыста ерекше тиімді болған әдістер - "Дыбыссыз фильмді дыбыста" рөлдік ойыны және "Қолтырауын"ойыны. Ұтымды болғаны білім алушылар бір - бірін тыңдауға үйренді, өзара сыйластықтары дамыды. Магистранттардың аудитория алдында қорқынышы жоғалды, өзін - өзі бағалауы артты. Білім алушылардың айтылым дағдылары дамыды. Аудиторияда қалыптасқан жағымды эмоциялық ахуал магистранттардың өздерін еркін ұстауға септігін тигізіді. Алайда бұл әдістерді қолдану барысында магистранттар межеленген уақыт шегінен шығып кетті. Бұл сәтсіз тұсы болды.
Бірінші сабақта Джигсо - 1 әдісін білім алушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында пайдаланылды. Магистранттар "Көркем әдебиет стилі" тақырыбы бойынша берілген материалды өздері меңгереді және өздігінен білім ала отырып, басқаға үйретуге дағдыланады. Білім алушылар еркін сөйлесіп, пікір алмасты, тыңдалым дағдылары дамыды. Бірақ Джигсо - 1 әдісі тек қана көшбасшының белсенділігін арттырып, ал қалған топ мүшелерінің берілген материалды қаншалықты игергендігін көрсетпеді. Бұл әдіс топ белсенділігін арттырмайтындықтан тиімсіз. Аталмыш әдісте сөйлеу әрекетінен гөрі тыңдалым әрекеті басымырақ болды.
Нәтижесінде бірлескен жұмыста топ ережесін құру арқылы білім алушылар тәртіпке бағынуға машықтанды, уақытты үнемді пайдалануға дағдыланды. Топтағы жұмыс командалық рухты оятып, бір - біріне деген сенімділікті күшейтті. Топтық жұмыста ешкім тысқары қалмай, бірлесіп жұмыс істеуге бейімделді. Топтық жұмыс білім алушыларды бірлесе жұмыс істеуге жұмылдырды. Психологиялық ахуал орнатып, өзара қарым - қатынасты жақсартты, пікірілерін құрметтеуге үйретті және ынтымақтастық орта қалыптастырды. Бірін - бірі бағалай отырып, айтылған сынды көтере білуге тәрбиеледі.
Болашақта топтық жұмыста тиімді әдістерді жүйелі түрді қолдану қажет.
Айтбаева Б. М.
филология ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Бірлескен топтық жұмысты пайдалану туралы
- ramuk_b
- 10 қараша 2022
- 691
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бірлескен топтық жұмыс, оқытушылардың біліктілігін арттыру
Ұқсас жаңалықтар:
Сауат ашу 1 сынып
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін әртүрлі психологиялық ахуал түрлерін қарастырдым. Топқа...Кіріктірілген білім беру бағдарламасы
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы негізінде топтық оқыту әдістемесі арқылы үштілдік мақсатты жүзеге асыру биология пәні мұғалімдері Карамурзина...Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, №11 Қоскөл орта мектебінің І-санатты биология пәні мұғалімі Тортаева Айгуль Сериковна...Оқушылардың білімін жетілдірудегі арқылы тексерулердің маңызы
БҚО, Зеленов ауданы, Щапов орта жалпы білім беретін мектебінің математика - информатика пәндер мұғалімі Сексенбаева Алтынай Кировқызы...Оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каримова Гульмира Сафиуллиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.