Қазақ тілін оқытуда мультфильмдер мен фильмдерді тиімді қолдану
Тіл — қоғам өмірінің танымы мен білімін ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құрал, ал сөйлеу болса іс - əрекеттің бір түріне жатады. Қоғамдағы іс - əрекеттер белгілі мақсатқа негізделген. Сол сынды сөйлеу əрекеті де бір мақсатты көздейді. Кез келген сөйлеу əрекеті қандай əлеуметтік байланыста іске асып, қай қалыпта жəне қандай үмітпен орындалатыны туралы құзырет өзара түсінісу үрдісін табысты болуына жауапты. Жеке тұлғалар қоғамдағы іс - əрекеттерге белсене араласып, алдына қойған мақстаттарына ұмытылады. Шет тілін меңгеру де үйренушінің көздеген мақсаттарынан, ал мақсат қоғам мүшесінің қажеттіліктерінен туындайды. Сондықтан тіл үйрету үрдісі ең əуелі дара тұлғаға бағытталып, ересек тіл үйренушінің іскерлік сапаларын, коммуникативтік құзыретін, əлеуметтенуге бейімділігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатады.
Есин Иллери өзінің «Түрік тілі шет тілі ретінде» атты еңбегінде дара тұлғалар тілді қызмет орнында жəне бос уақытарында басқалармен қарым - қатынас жасау үшін меңгеретіндігін айта келе, шет тілдерді үйрету əдістерінің тарихына шолу жасап, коммуникативті - прагматикалық əдіске төмендегідей сипаттама береді. Шет тілі — қарым - қатынас, яғни коммуникация, құралы. Ал коммуникация сөйлеуші мен тыңдаушы, олардың коммуникациядағы өзіндік рөлі мен бір - біріне деген қарым - қатынасы, сондай - ақ берілген жағдаят, ой - ниетті сөйлеу актісі сынды компоненттерден тұрады. Сонымен қатар тілді үйрету барысында оқу материалы емес, тіл үйрену үрдісі мен сол үрдістің субъектісі болып тұрған үйренуші маңызды орын алады. Автордың айтуы бойынша, шет тілі сабағының мақсаты – коммуникативті дағдылар мен шеберлікті, сондай - ақ тыңдап - түсіну мен сөйлеу дағдыларын дамыту. Яғни, тіл үйренушінің тыңдап - түсіну дағдысын қалыптастыру мақсатында кино ең маңызды құралдардың бірі болып саналады. Тіл үйренушінің тілге деген қызығушылығын кино арқылы арттыруға болады. Осы мақсатта Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында шетелдік студенттерге арналған кино клуб жұмыс істейді. 2022 - 2023оқу жылында клуб өз жұмысын Мұхтар Әуезовтың "Көксерек" әңгімесі желісімен түсірілген мультфильммен бастады. Мультфильм көріп болғаннан кейін тіл үйренушілердің қаншалықты түсінгенін тексеру мақсатында әртүрлі тапсырмалар берілді.
Мультфильмдегі жаңа сөздерді визуалды және ым - ишара, яғни сөздердің мағынасын түсіндіруде дененің қозғалысын қолданып, белгілі бір жағдаятты ұсыну арқылы түсіндірілді. Жаңа сөздерді бекіту жұмыстары жүргізілген кейін, төмендегідей тапсырмалар орындалады:
• суреттерді мәтін мазмұнына сай қалпына келтіру;
• мәтінді рет - ретімен орналастыру;
• мәтін бойынша коллаж жасау;
• мәтін мазмұнына сәйкес «шын» немесе «жалған» пікірді анықтау;
• FILA кестесін толтыру;
"Қар кесегі","Бинго", "Жасырын сөз" тәрізді ойындар тиімді болады. Ал, "Дыбыссыз фильм", "Дубляж"," Үш ақпарат","Ыстық орындық", "жалғасын тап" сияқты ойын түрлері сөйлемді дұрыс құрастырып, ойын нақты жеткізе білуге жетеледі.
Қазақ тілін оқытудағы қысқа метражды фильмдер тіл үйренушілердің тілге деген қызығушылығын дамытуға және олардың коммуникативті дағдыларын жақсартуға көмектеседі. Фильмді толық көріп, талдау қиын, сондықтан қысқаметражды фильмдер, фильмдерден үзінділер, мультфильмдер тіл үйренуге жақсы құрал болып табылады. Оқудағы қызықты сәт адамның дубляжды күтпей - ақ үйреніп жатқан тілінде бейнебаянды, жаңа фильмді немесе сүйікті сериясының басқа сериясын, мультфильмді түпнұсқада көруге тамаша мүмкіндігі болады. Тілді қабылдау дағдыларын дамыту. Әрине, тыңдалған диалогтың мәнін бірден есту мүмкін емес, бірақ бірнеше айдан кейін адамдар сөйлеудің барлық түрлері мен екпіндерін түсіне бастайды. Фильм, мультфильм көру сөздік қорды молайту, сондай - ақ белгілі бір өмірлік жағдайларда белгілі бір тілдік құрылымдарды (сөздер мен сөз тіркестерін) дұрыс қолдану туралы баға жетпес ақпарат алу. Сленгпен, ауызекі тілдегі сөздермен және ана тілінде сөйлейтіндерге таныс фразалық етістіктермен таныстыру. Өйткені, сериал кейіпкерлері жеке қарым - қатынаста сөздердің қысқартылған түрлерін, жаргон сөздерін және фразалық етістіктерді жиі пайдаланады.
Ең бастысы тілді үйретуде оқытушының шеберлігі маңызды. Лола Мей айтқандай:"Сіз сабақ бергенде үш нәрсені білуіңіз керек: сіздің пәніңіз, оны кімге үйретесіз және материалды қалай талғампаздықпен үйрету керек". Оқытушы тіл үйретуге үлкен жауапкершілікпен, шығармашылықпен келу керек деп ойлаймын. Үнемі өзіне:" Менің мақсатым қандай? Кімді үйретемін? Қалай үйретемін?"-, деген сұрақтарды қою керек. Ең бастысы сабақ қазақша қарым - қатынас жасауға және ұсынылған материал сөйлеуге, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Айтбаева Б. М.
филология ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Қазақ тілін оқытуда мультфильмдер мен фильмдерді тиімді қолдану
- ramuk_b
- 10 қараша 2022
- 1372
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ тілін оқыту, мультфильмдер мен фильмдерді тиімді қолдану
Ұқсас жаңалықтар:
Сапалы білім – болашақ кепілі
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұзақ та мерейлі жолмен жүріп келе жатқан,...Дөңгелек үстел өтті
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл - Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи...Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түр ...
Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түрлерін қолдану барысында ауызекі сөйлеу тілін дамыту...Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудегі «PlayBus» жобасыны ...
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №35 «Шұғыла бөбекжайы» ағылшын тілі мұғалімі Джармағамбетова Гульбану Темирханқызы...Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі
Жезқазған қаласы №10 орта мектеп Досмағанбетова Жумакул Абсаматовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.