Сайтқа кіру Тіркелу

Тіл – татулық тірегі

Тіл – татулық тірегі

Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдік студенттерге «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел басына оқытушылар мен дүние жүзінен келіп, білім алып жүрген шетелдік студенттер жиналды.
Дөңгелек үстел жұмысында модератор міндетін атқарған оқытушы Т. В. Курманова дөңгелек үстел басына жиналған қауымға қазақ тілі жайында ой - толғамдарын жеткізе отырып, келелі ойларымен бөлісті. Ол өз баяндамасында қазақ тілінің білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы, Ахмет Байтұрсынұлы туралы айтты. Сонымен қатар, Қазақстан елінде түрлі ұлттар мен ұлыстар өмір сүретінін, олардың әрқайсысының ана тілінің басқа халықтар тіліне қатысты тағдыры бар екенін, тіл арқылы адамдар бір - бірін танып біле алатынын және кез - келген халықтың рухани мәдениетімен, дәстүрлерімен, салттарымен танысу үшін де тілге жүгінетінін атап өтіп, жастарды пікірлесуге шақырды.
Дөңгелек үстелде ары қарай сөз алған оқытушы М. Азнабакиева «Қазақ тілі пәнінің» оқытылу барысы, қазіргі уақытта мемлекеттік тілді кәсіби тұрғыда меңгертудің өзектілігі жайлы сөз етіп, Ана тілімізді қадірлеу баршамызға парыз болып саналатынын жеткізді.
Аталмыш шара қазақ тілінің бүгіні мен болашағы және әр тілдің бірегейлігі мен өзгешілігін ашуға бағытталды. Дөңгелек үстелде мемлекеттік тіл туралы оралымды ой тасталып, тұшымды пікірлер айтылды.
Дөңгелек үстел барысында шетелдік студенттер бейнетаспа арқылы Қазақстан Республикасында тұратын әр түрлі ұлттардың мәдениетімен таныса отырып, Қазақстанды жаңа қырынан таныды. Ең маңыздысы – шетелдік студенттер Қазақстанда әр түрлі ұлтты халықтар бірлікте, бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүріп жатқандарын тамашалай алды. Сонымен қатар, студенттер көптеген сұрақтар қойды.
«Тіл – татулық тірегі» атты дөңгелек үстел мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті, сонымен қатар студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосты деп санауға болады.

А. Е. Саденова, М. Азнабакиева, Т. В. Курманова.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру
факультетінің оқытушылары
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері

Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері

Іс - шараға дүние жүзінің Қытай, Корея, Жапония, Ауғанстан, АҚШ, Италия, Дания, Испания және басқа да елдерінен келіп, білім алып жүрген шетелдік...
Онлайн дөңгелек үстел өтті

Онлайн дөңгелек үстел өтті

Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл контекстінде білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері...
Тарихы терең Алматы!

Тарихы терең Алматы!

Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
«Тіл - біздің тұтастығымыз»

«Тіл - біздің тұтастығымыз»

Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...
Дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел өтті

Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл - Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×