Халықаралық әдістемелік семинар өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі кезеңде орыс тілін шет тілі ретінде оқыту: ерекшелігі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми - әдістемелік семинар Zoom платформасында онлайн өтті.
Онлайн семинарға ҚазҰУ мен Қытай Халық Республикасы, Иран, Түркия, Жапония, Ресей, Қырғызстан университеттерінің басшылары, ғалымдар, әдіскерлер мен оқытушылар, тіл мамандары қатысты.
Бұл семинар орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың өзекті мәселелері бойынша пікірталас алаңына айналды, негізгі мақсаты: орыс тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесін жетілдіру, халықаралық деңгейдегі тілді үйретудің жаңа әдістемесімен танысу, өзара озық тәжірибелермен алмасу, тілді оқыту оқулықтарын, заманауи тәсілдерді талқылау болды.
Аталған мазмұнды шарада әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Е. А. Апсеметова, әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің жаһандық серіктестік кеңсесінің басшысы М. Б. Тойшыбек, ҚазҰУ - нің әдістемелік жұмыс қызметінің басшысы Г. Е. Амирбекова және тағы да басқа қонақтар онлайн байланысқа шығып, жүрекжарды тілектерін жолдады.
Семинарда қазақстандық және шетелдік жетекші ғалым - әдіскерлер мен білікті оқытушылардың орыс тілін шет тілі ретінде оқытуда өз тәжірибелерінде қолданатын инновациялық технологиялары мен әдістері қатысушылар назарына ұсынылып, тиімділігі екшелді. Халықаралық тәжірибедегі орыс тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің алуан тәсілдері көрсетілді.
Халықаралық семинар жұмысына Г. Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің профессоры, ф. ғ. д. А. С. Щербак, Шымкент қаласындағы Орталық - Азиалық инновациялық университетінің доценті, ф. ғ. к. Р. Д. Елибаева, Алламе Табатабаи атындағы университетінің доценті, ф. ғ. к. Марьям Шафаги, Қазақ бас сәулет - құрылыс академиясының профессоры, ф. ғ. к. Б. А. Абилова, Қытайдың Ичунь қаласындағы Ішкі Монғолия ұлттық университетінің PhD докторы Ли Дуо, Түркияның Измир қаласындағы Түркия Білім беру Министрлігінің PhD докторы Чакир Нуретдин, әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да орыс тілін екінші тіл ретінде оқыту бағытында бірнеше оқу құралы жарық көрген авторлар, ф. ғ. д., доцент Ұ. Е. Мұсабекова, аға оқытушы А. К. Ахмедовалар өз баяндамаларымен қатысып, ж. т. б. әдіскер - ғалымдар, білікті мамандар, оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл шараның ерекшелігі – барлық спикерлер өз жұмысының нәтижелерін орыс тілінде баяндап ұсынды. Семинар қатысушылары өздерінің ғылыми - әдістемелік баяндамаларымен таныстырып, бір - бірімен пікір алмасып, түйткілді сұрақтарға жауап алу мүмкіндіктері болды. Барлық қатысушылар аталған шараның өзектілі екендігін атай отырып, кафедра ұжымының ғылыми - әдістемелік жұмысының жоғары деңгейін атап өтті. Бұл халықаралық семинар өз мақсатына жетті, барлық қатысушылар үшін пайдалы болды.
А. Е. Саденова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
ЖОО - ға дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасы
Халықаралық әдістемелік семинар өтті
- ramuk_b
- 27 ақпан 2022
- 578
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Халықаралық әдістемелік семинар, Zoom платформасында онлайн
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ тілі - әлем тынысында
2021 жылы 12 қараша күні сағат 14: 00 - де шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы кафедра меңгерушісі филол. ғ. д. профессор...Шетелдіктерге қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістеріне ар ...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының...Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...Онлайн дөңгелек үстел өтті
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл контекстінде білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері...Әдістемелік семинар өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ және орыс...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.