Шығыс Африка алып мемлекет құруға дайындалуда
Алты мемлекет саяси бірігуге қарай секіріспен алға жылжуда. Жаңа елдің экономикалық және саяси әлеуеті зор болады. Ол Ресей, Мексика және Жапонияны басып озып, жер шарындағы халқы ең көп сегізінші ел болады.
Шығыс Африка Федерациясын құруға келесі елдер жақындады: Кения, Уганда, Руанда, Бурунди, Оңтүстік Судан және Танзания. Кения бұл бірлестіктегі экономикалық локомотив болып табылады. Болашақ мемлекеттің ауданы 2 467 202 км2 болады.
Территориясы бойынша Алжир, Сауд Арабиясы және Мексиканы басып озып, әлемдегі оныншы мемлекет болмақ. Айтпақшы, Шығыс Африка Федерациясы құрлықтағы ең үлкен мемлекетке айналады.
Қазіргі уақытта ортақ конституция жасау жұмыстары жүргізілуде. Ел халқының саны 183 000 000 - нан асады. Бұл Африкадағы Нигериядан кейінгі екінші үлкен мемлекет болады.
Ел астанасы қазіргі Танзанияның солтүстік - шығысындағы Аруша мегаполисі болады деп жоспарлануда. Екі ресми тіл: суахили және ағылшын тілдерін енгізу жоспарлануда. Ұсынылған Федерациясының валютасы Шығыс Африка шиллингі болады.
Бір қызығы, аумақтарды бір елге біріктіру идеясы өткен ғасырдың 60 - ші жылдарынан бері айтылып келеді. Жаңа мемлекет өңірде 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шаруашылық бірлестігінің негізінде құрылуда.
Оңтүстік Судан 2016 жылы ортақ федерация құруға қосылды. Шығыс Африка Федерациясында 77, 64 % христиан және 17, 01 % мұсылман болады. Бұл мемлекет шынымен өміршең бе, жоқ па, оны уақыт көрсетеді.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Шығыс Африка алып мемлекет құруға дайындалуда
- ramuk_b
- 14 қаңтар 2022
- 552
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шығыс Африка, алып мемлекет, Алты мемлекет саяси бірігуге дайындалуда
Ұқсас жаңалықтар:
Оңтүстік Африканың ақ нәсілді соңғы президенті Фредерик Виллем де Клерк 85 ...
Оңтүстік Африка — Африканың оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Ұзақ уақыт бойы елді ақ нәсілді саясаткерлер басқарды, бірақ 1994 жылы елдің соңғы ақ...Азияда әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағын құрылды
15 қарашада Оңтүстік - Шығыс Азия онлайн саммиті кезінде Азияның 15 елі әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойды....Оннан астам мемлекет жаппай аштықтың алдында тұр
Африка мен Таяу Шығыстағы оннан астам ел жаппай аштықтың алдында тұр. Bloomberg бұл туралы БҰҰ мәліметтеріне сілтеме жасай отырып жазады....Ресей армиясының бүгінде Украинаны басып алуға мүмкіндігі жоқ
Америка Құрама Штаттарында қазіргі ресейлік әскерінің Украинаны басып кіруге мүмкіндігі жоқ екендігі айтылды....Саяси география және геосаясат. Тарихи - географиялық аймақтар
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Берденова Мейрамгуль...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.