Егемендік пен ел көшбасшысы егіз ұғым
Биыл ел егемендігіне 30 жыл толды. Қазақ елі аяғын апыл - тапыл басқан жас мемлекеттен жігіт жасына келіп, еңселі елге айналды. Отыз жылда еліміз әлемдік саясатта өз орнын белгілей алды, шекарамыз бекіді, ел еңсесі тіктелді. Бүгінгі күні әлемдегі мен деген мемлекеттермен терезесі тең елміз. Отыз жыл арттағы өмірге сын көзбен саралап қарасақ, еліміздің сан түрлі сынақтан сыр бермей өтуі үшін саясаты сардарлы ұлт көшбасшысының себі көп болыпты. Сондықтан болар бүгінгі күні ел өмірінде егемендік пен ел көшбасшысы егіз ұғымдай қатар жүреді. Мемлекетімізде ҚР Тұңғыш Президенті күні мен егемендік мерекесі қатар тойланады. Бұл күні ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен саяси жолы туралы түрлі мемлекеттік кештер, мәдени шаралар өткізіледі. Осындай бағыттағы бір шараны Әл - Фараби атындағы ұлттық университеттің ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары №14 жатақханада шетелдік тыңдаушылар арасында өткізді. Шараның мақсаты – шетелдіктерге Елбасының көшбасшылық образын таныстыру, екіншіден мереке туралы жан - жақты айта отырып, қазақ елінің саяси, мәдени өмірі туралы ақпаратты жеткізу. Шетелдік тыңдаушыларға арналған тәрбиелік шара екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде кафедраның аға оқытушысы Г. Ә. Машинбаева ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың балалық шағы, жастық шағы, студенттік өмірі туралы баяндама жасап, слайд көрсетті. Шетелдік тыңдаушылар Се Тянь, Абдуллхалық өз тараптарынан сұрақтар қойды және қазақ елінің тұңғыш Президенті туралы өздері білетін мәліметтермен бөлісті. Әңгіме барысында ауған тыңдаушысы Абдуллхалық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ауғанстан мемлекеті жастары үшін жасаған жақсылықтарын, нақтырақ айтсақ, елімізге бірнеше жыл қатарынан ауған азаматтарының тегін оқуға шақырылып, әртүрлі мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндік бергендігін және осы үшін ауған азаматтарының алғыстары шексіз екенін баса айтты. Қазақстанның осындай рухани қолдау нәтижесінде бүгінгі күні ауған халқы мен қазақ елі азаматтары арасында ыстық достық қатынас орнап отыр. Қазіргі көрші қытай мен қазақ елі арасындағы қатынастан Н. Назарбаевтың бейбіт өмір үшін қашанда көршімен татулық орнату бірінші орында деген ұлттық түсінігіміздегі тәмсілді мықтап ұстап отырғандығынан білеміз. Еліміздегі жүзден аса ұлт өкілдерін шашау шығармай, бір шаңырақ астында ұйыстыру ісі өте нәзік те, күрделі іс. Бұл іс ел көшбасшысының оң саясаты нәтижесінде өз шешімін тауып отырғаны туралы да тәрбие шарасында айтылып, пікіралысқа басты тақырып болды.
Тәрбие шарасының екінші бөлімінде шетелдік тыңдаушыларға отандық кино саласының таңдаулы туындыларының бірі Елбасы өміріне арналған режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Теміртау» фильмі көрсетілді. Фильм көрсету барысында Н. Назарбаевтың өміріндегі Қазақстан магниткасы атанған Елбасының жастық шағын өткізіп, еңбек жолында шыңдаған қала Теміртаудың көшбасшы өмірінде қандай ерекше рөл ойнағандығы жөнінде айтылды. Ең бастысы, еңбектің адамды биікке көтерер құдіреті туралы ойлар да ортаға салынып, талданды. Фильмді көрсету барысында ұйымдастырушылар мемлекеттік тұлға өмірінің өзегі отансүйгіштік, ата - ананы құрметтеу, еңбекқорлық, отбасына деген адалдық сияқты құндылықтардан тұратыны туралы айтып, көшбасшы өмірінің өнегелі тұстарына тоқталды.
Тәрбие шарасының қорытынды бөлімінде тыңдаушылар қазақ елінің көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінен тәлімі мол мәлімет алғандарын айтып, алғыс білдірді.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының аға оқытушысы Г. Ә. Машинбаева
Егемендік пен ел көшбасшысы егіз ұғым
- ramuk_b
- 3 желтоқсан 2021
- 414
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ел егемендігіне 30 жыл толды, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан Республикасының жаңа тарихымен танысамыз
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелден келген студенттерді қазақ...Әл - Фараби – ғұлама ғалым
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелдік тыңдаушылар...«Тіл - біздің тұтастығымыз»
Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...Мерейлі кафедраға 35 жыл
Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.