Қазақтың қаһарман қызы Мәдина Ысқақова
Биыл фашистік Германияның Кеңес Одағына басып кіріп, сойқан салған соғысының басталғанына 80 жыл толды. Бұл соғысқа тарихта Ұлы Отан соғысы деген атау беріліп, КСРО - ның басқа халықтарымен қатар қазақстандықтар да Жеңіс үшін жанқиярлық танытты. Соғыс басталысымен ер азаматтармен қатар, қазақ қыздары да майданға жіберуді сұрап өз өжеттіліктерін танытты. Сұрапыл соғыс жылдарында қазақтың қаракөз қыздары етік киіп, ерлермен қатар өз еріктерімен қан майданға аттанды.
Солардың бірі де бірегейі – Мәдина Ысқақова. Ол 1924 жылы Көкшетау іргесіндегі Балхашин (қазіргі Сандықтау) ауданында молданың отбасында дүниеге келген. Ол №3 мектепте 9 сынып оқып жүргенде соғыс басталып кетті. Мәдинаның екі ағасы одан бұрын соғысқа аттанған. Үлкен ағасы бомбалаушы ұшқыш Хасен Балтық теңізіндегі шайқаста өртеніп кеткен, ал екінші ағасы Құсайын Халхин Голда қайтыс болған. Мәдина екі ағасының соғысқа кеткенін алға тартып майданға аттанбақшы болды. 1942 жылы 17 жасқа жаңа толған Мәдина төлқұжатындағы жасына үш жас қосып, түзетіп, Көкшетаудың әскери комиссариатына келеді. Ұшқыш болуды армандаған қыздардың ішінен 17 - сін іріктеп алып, Кемероваға жіберді. Онда қыздар кіші авиация мамандары мектебін екі жылға арналған бағдарламаны алты айда бітіріп шықты. Авиациалық құрылғыларды басқару маманы атанған Мәдина Ысқақова әуе кемелерінің оттегі жабдықтарының, жұмысқа жарамдылығы мен сенімділігіне жауапты болды.
1942 - 1945 жылдары атақты 178 - гвардиялық атқыштар авиациялық полкінде авиақұралдар мен оттегі техникасының шебері қызметін атқарып, үш мәрте Кеңес Одағының Батыры Иван Кожедубтың жеке борт механигі болған қазақтың батыр да қайсар қызы Мәдина Ысқақова еді. Мадинаның нәзіктігіне, талдырмаш бойына, сұлулығына қарап, атақты америкалық актрисаның атымен «Мэри, Мэри Пикфорд - Искакова» деп еркелетіп атаған екен. Иван Кожедуб жүзі сұсты, оның атын естісе фашистердің зәре - құттары қалмай қорқатын болған. Соған қарамастан қазақтың ақылды, тәрбие көрген қызына Кожедубпен жұмыс жасау аса қиын болмады. Иван ұшақ тапсырмасымен кеткенде, Мәдина қарсы алып, әскери ұшақты жөндеп отырған.
Мәдина Ысқақова екі рет жарақат алып, бірақ қайтпас қайсарлығымен қайтадан майданға оралды. Алғаш рет снарядтың жарықшағы әуежайды бомбалау кезінде оның миына тиген, ал екінші рет ол тізе сақинасын сындырды, бірақ қалпына келді (жарақаттан кейін де ақсақтық қалмады), ол әуе полкімен де кездесті. Гвардия сержанты Мәдина Ысқақова Украинаны, Молдованы, Прага, Будапешт, София мен Вена қалаларын азат етуге қатысқан, сондай - ақ Мәскеудегі Жеңіс парадының қатысушысы болды.
Мәдина өзі де Кожедубпен бірге бірнеше рет әуеге көтеріліп, жау ұшақтарын жоюға қатысты. Алайда, оның ерліктерін есептеп отырған ешкім болмады. Дегенмен, майданнан құралақан оралған жоқ. Соғыстағы өжетілігі үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Соғыстан кейін қаһарман және сауыншы Мәдина Ысқақова үш қыз тәрбиелеп өсірді. Көзі тірісінде өзі оқыған мектепте мұражай бұрышы ашылды. Өз қолымен мұражайға әскери бұйымдарын, аты жазылған қару - жарақтарын, төсбелгілерін т. с. с. жеке заттарын тапсырды. Өкінішке орай, бұл жәдігерлердің көбі қайта құру кезеңінде жоғалып кетті.
«Мәдина Ысқақованың жауынгерлік еңбегін еске ала отырып, Үкімет қаулысымен 1985 жылы мамырда оған ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені табыс етілді», ал сол жылдың тамыз айында ауыр науқастан көз жұмды. Ақмола облысы, Айыртау ауданының Бірлестік ауылына жерленді. Мәдина апамыз туралы көптеген телеарналар киножурнал түсіріп, газет - журналдар біраз мақалалар жазды. Еркеш Ибраһим «Қыз бен аспан» деп өлең жазса, Естай Мырзахметов «Арулар отты жылдарда» атты жинақта «Батыр самолетінің бапкері» деп жылы лебізін арнаған. Мәдина Ысқақова апамызға жасаған еңбегі, соғыста көрсеткен ерлігі үшін көше атын беруді немесе өзі оқыған мектеп атын беруді ұсынылды.
Қорыта келгенде, Қазақстан әйелдері Ұлы Отан соғысының батырлары қатарынан лайықты орын алып, ерлермен қатар өз Отанын қорғады. Солардың арасында Мәдина Ысқақова апамыздың ерлігі бүгінге дейін ел есінде. Қаһарман қыз соғыста саспады, жаудан қорықпады. Жанқиярлық танытып Жеңіс үшін жанын салды. «Ер есімі, ел есінде» дегендей қазақтың қаһарман қызы Мәдина Ысқақованың ерлігі мен есімін ешқашан ұмытпайтынымыз анық!
Болат САЙЛАН, әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ның профессоры, т. ғ. д.
Хожаева Динара, 1 курс студенті.
Қазақтың қаһарман қызы Мәдина Ысқақова
- ramuk_b
- 14 қараша 2021
- 1281
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақтың қаһарман қызы, Мәдина Ысқақова туралы мәлімет
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақша презентация (слайд): Тоғызыншы 9 Мамыр - Жеңіс күні
Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО - ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды....Хиуаз Доспанова
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46 - гвардиялық полкінің құрамында 300 - ден астам әуе...Естен кетпес отты жылдар
Аға - апаларымыздың елін, жерін ерлікпен, жаужүрек батырлықпен қорғай білгенін бойларына дарыту....Ұлы даланың батыр қыздары
Кеңес Одағының батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің биік тұлғасын суреттеу арқылы - ұлтын сүйетін, еліміздің өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды...Қаһарман қызы қазақтың
Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, жас ұрпақтың санасына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың істерін мақтан тұтып, соның ішінде қазақ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.