Қазақстан Президенті 10 ұлттық жобаны мақұлдады
ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев 10 ұлттық жобаны мақұлдады. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысы 10 тармақтан тұратын ұлттық жобалар тізімін бекітті:
1. «Әр азаматқа сапалы және қолжетімді медициналық көмек «Сау ұлт» ұлттық жобасы.
2. «Білімді ұлт - сапалы білім» ұлттық жобасы.
3. «Ұлттық рухани жағыру» ұлттық жобасы.
4. «Цифрландыру, ғылым мен инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы.
5. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы.
6. «Күшті аймақтар - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.
7. «Қазақстандықтардың әл - ауқатын жақсартуға бағытталған тұрақты экономикалық өсім» ұлттық жобасы.
8. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы.
9. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасы.
10. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы.
Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелген. Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұған дейін үкімет ұлттық жобаларды іске асыру экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту факторына айналатынын мәлімдеген болатын. Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар есебінен ұлттық жобаларды басым қаржыландыру қарастырылған.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Қазақстан Президенті 10 ұлттық жобаны мақұлдады
- ramuk_b
- 13 қазан 2021
- 878
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев, 10 ұлттық жобаны мақұлдады
Ұқсас жаңалықтар:
Пандемия сенім дағдарысын күшейтті - Тоқаев
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше - мемлекет басшылары кеңесінің онлайн - отырысында Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев коронавирус...Мемлекеттік және ұлттық университеттер сатылмайды – Қ - Ж. Тоқаев
Бұл мәселе ерекше бақылауда, деп сендірді Қазақстан Президенті Ұлттық сенім кеңесінің отырысында. Қазақстандағы мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу...Қазақстанда Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды
Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев 14 қыркүйектегі жарлығымен елде реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес құру туралы шешім қабылдады, деп...Қазақстан Президенті «ұзақ коронавирустық пандемияға» дайындалуға шақырады
Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев үкіметтен коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы шұғыл шаралар қабылдауды және COVID - 19 пандемиясына...Қазақстан жаңа экономикалық құрылым құруға ниетті
Қазақстан жаңа экономикалық құрылымды тез арада құруы керек, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев 11 мамырда Төтенше жағдай...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.