Сайтқа кіру Тіркелу

Сапалы білім – болашақ кілті

Сапалы білім – болашақ кілті
Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін президент Жолдауының бұл жолы 1 қыркүйекте «Білім күні» мерекесімен және Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа - тұс келуі, еліміздің әлеуметтік - экономикалық әл - ауқатын көтеруге бағытталған биылғы пандемиялық қиын кезеңде Жолдау өзгеше пішінде өтуімен ел назарын аударды.
Қазақстан халқына арнайы жаса¬ған Президент Қ. К. Тоқаевтың биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты
Жолдауы – еліміздегі саяси¬ оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қа¬былданатын тарихи құжат болып табылады. Сондықтан оның әр бөліміндегі көтерілген мәселелер мен тапсырмалар ұлт ертеңі үшін атқарылатын нақты жол. Мемлекет басшысы кезекті Қазақстан халқына жолдауында алда тұрған маңызды бағыттарымыз бен мақсат - мұраттарымызды анықтап берді.
Бұл Жолдау – негізінен халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, ел табысын арттыруға арналып отыр. Аталған Жолдауда экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, адам денсаулығын нығайту, білім сапасын жақсарту сияқты еліміз үшін маңызды бастамалар бойынша маңызды мәселелер көтерілді. Бұл Жолдау осы салалардың жұмысын жандандыруға қозғау салып, ширатуға үлкен серпін береді деп ойлаймын. Еліміздің экономикалық дамуына халықтың әлеуметтік жағдайының артуы зор әсер етеді.
Бүгінде экономикалық даму әлемдік деңгейдегі маңызды мәселе болғандықтан, біздің мемлекетімізде де экономикалық даму мәселесі бірінші орында тұр. Ол үшін ғылымға ерекше көңіл бөліну керек. Әлемдік деңгейде дамыған барлық мемлекеттерде де әуелі ғылымды алға қояды. Президенттің биылғы Жолдауында ғылымның бірсы¬пыра күрделі мәселесі терең айтылды. Президент Жолдауда: «Ғылымды дамыту – біздің аса маңыз¬ды басымдығымыз. Бұл саладағы түйт¬кілдердің шешімін табу үшін жылдың соңына дейін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Ең алдымен, жетекші ғалым-дары¬мызға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу керек. Мұны ғылымға бөлінетін базалық қаражат есебінен қамтамасыз еткен жөн», - деп, тиісті министрліктерге, ғылыми мекемелерге, оқу орындарына тапсырма берді. Ғалымдардың ғылыми жобаларына берілетін уақытты да арттыру керектігін баса айтуы маңызды шешім болды.
Президенттің бастамалары қазіргі заман талабына сай деп есептеймін. Әсіресе, көпшіліктің көкейінде жүрген елімізде мектеп санының артуы, жалақының өсуі, жастарға деген мемлекеттік қамқорлық секілді міндеттерді орындау ҚР - ның экономикалық, индустриялық және рухани дамуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Жас ұрпақты әрдайым білім саласы, еңбек нарығы, ақпараттық технологиялардың дамуы алаңдатады. Сонымен қатар биылғы Жолдауда айтылған мақсаттарды орындау да үлкен жауапкершілік жүктейді.
Президенттің халыққа Жолдауы – біз жүзеге асыруға әзір нақты тапсырмалар. Біз алдыңғы қатарлы білімді, тәжірибені тарату орталығына айналамыз, біз жастарды ғылыми зерттеу жұмыстарына, саяси қызметтерге белсенді біріктіріп, цифрлық білім беру ресурстарын дамыта отырып, мәдениет, білімді арттырамыз.
Президент Жолдауын жалпы еліміздің өркендеуі жолындағы ауқымды сын - тегеуріндерді еңсерудің мүмкіндігі әрі жолы деп білемін. Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің Президенттің бағыт беруімен жемісті жүзеге асырылатынына, өзекті мəселелер ұтымды шешімін тауып, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына кәміл сенемін.

А. Е. Саденова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Президент жолдауы туралы пікір

Президент жолдауы туралы пікір

Әлемдік тәртіптің дамуындағы өзгерістерге, тұтастай алғанда, сондай-ақ еліміздің дамуына, атап айтқанда, халыққа, елдің әлеуметтік белсенді...
Іргелі өзгерістер бағдары

Іргелі өзгерістер бағдары

Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы 1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар келіп, әрбір Қазақстан азаматының назарын...
Президент Жолдауынан халық не күтеді

Президент Жолдауынан халық не күтеді

1 қыркүйекте Президент Қасым - Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды....
Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстандағы реформалардың басталғанын жариялады

Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстандағы реформалардың басталғанын жариялады

Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев елімізде реформалардың басталғанын жариялады. Мемлекет басшысы бұл туралы 1 қыркүйекте Қазақстанның...
Президенттің Қазақстан халқына жолдауы 2018 (толық нұсқа)

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы 2018 (толық нұсқа)

Құрметті қазақстандықтар! Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×