Сайтқа кіру Тіркелу

Денсаулық – ең басты құндылық

Денсаулық – ең басты құндылық

Қазіргі коронавирус пандемиясына байланысты елде жарияланған төтенше жағдай кезінде де елімізде білім беру саласы жұмысын тоқтатпай жалғастыруда. Әсіресе, жоғары оқу орындарында қашықтан білім берумен қатар, студенттермен онлайн түрінде рухани - танымдық іс - шаралар өткізілуде.
Жақында шетелдік студенттер үшін арнайы онлайн түрінде «Денсаулық – ең басты құндылық» атты тақырыпта тәрбиелік іс - шара ұйымдастырылды.
Іс - шара барысында сөз алған шетелдік студенттер табиғатты адам тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды, салауатты өмір салтын ұстануды сөз ете отырып, барлық ұлттарды толғандырып отырған, барлық азаматтардың денсаулықтары мен рухани саулықтары ойландыратын, қазіргі коронавирус пандемиясына байланысты әлемде және елде жарияланған төтенше жағдайында тазалық сақтау, карантин аяқталғанша көшеге шықпай үйде отыру туралы ойларын ортаға сала отырып, дүниежүзілік қоғам мәселесіне айналып отырғанын да атап өтті.
Оқытушылар баяндамалар жасай отырып, адамның денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керектігін, дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кірісетіні жайында баяндады.
Студенттер көтерілген мәселелер жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл денсаулық тақырыбына арналған онлайн түріндегі іс - шараға шетелдік студенттер белсене қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.
«Денсаулық – ең басты құндылық» - атты онлайн түрінде өткен тәрбиелік іс - шара шетелдік студенттерді салауатты өмір салтын сақтауға үгіттеуге өз үлесін қосты деп санауға болады.

А. Е. Саденова., Л. Қ. Мұхтар
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...
Тарихы терең Алматы!

Тарихы терең Алматы!

Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
«Тіл - біздің тұтастығымыз»

«Тіл - біздің тұтастығымыз»

Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...
«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×