Сайтқа кіру Тіркелу

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ Халықаралық Фараби оқулары» аясында халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби Әлемі» атты ғылыми конференциясы ұйымдастырылды.
Бұл конференция арнайы мамандандырылған интернет - платформалары арқылы әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен және Қытай, Корея, Ауғанстан, Түркия, Филиппин, Германия, Испания, Швейцария, Жапония және басқа да елдерден қазақ және орыс тілдерін оқып жатқан шетелдік студенттердің онлайн түрде қатысуымен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде онлайн түрде студенттер конференциясы өткізілді.
Бұл Халықаралық студенттер конференциясы кафедра жұмысының нәтижесін көпшілікке кеңінен таныстыруға зор мүмкіндік берді. Шетелдік студенттер осы халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясына белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті.
Конференция жұмысы жаратылыстану - математика, гуманитарлық, медицина - биологиялық және техникалық ғылым салаларының түрлі бағыттары бойынша өткізілді. Әртүрлі кең көлемдегі мәселелерді қамтитын және ғылыми өзекті болып табылатын ауқымды тақырыптардағы мақалалар тыңдалып, қызу талқыланды.
Атап айтсақ, 11 елден (Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Моңғолия, Түркия, Ауғанстан, Өзбекстан, Украина, Түрікменстан, Марокко) 43 қатысушы болды. Барлығы 40 баяндама жасалды. 11 жоғары оқу орнының жас ғалымдары биылғы оқу жылындағы конференцияға қатысты. Олар: әл - Фарби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық ғылыми - зерттеу университеті, Абай атындағы Қазақ педагогикалық университеті, Нұр - Мүбарак университеті, Қазақ инженерлік - технологиялық университеті, Чжецзян университеті (Қытай), Кабул университеті (Ауғанстан), Қандағар университеті (Ауғанстан), Жоғары білім институты (Ауғанстан), Шейх Зайд университеті (Ауғанстан).
Конференцияға барлық қатысушылар рет - ретімен өз баяндамаларын оқыды, әртүрлі тың тақырыптар тыңдалды, баяндамашылар баяндама барысында туындаған сұрақтарға жауап берді. Конференция барысында студенттер тарапынан бірқатар құнды пікірлер, ұсыныстар айтылды.
Баяндамаларымен қатысушы шетелдік студенттердің дайындықтарының жоғары деңгейде болғанын атап өтуге болады. Ғылыми жоғары деңгейдегі баяндамалар І, 2, 3 орындарға ие болды.
«Фараби Әлемі» атты халықаралық студенттердің ғылыми конференциясы ғылыми - мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

А. Е. Саденова
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Қазақстанға қош келдіңіз!» атты іс - шарасы өтті

«Қазақстанға қош келдіңіз!» атты іс - шарасы өтті

Ел Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. Бұл – жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл...
Онлайн дөңгелек үстел өтті

Онлайн дөңгелек үстел өтті

Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл контекстінде білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері...
Тарихы терең Алматы!

Тарихы терең Алматы!

Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...
Дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел өтті

Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл - Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×