Сайтқа кіру Тіркелу

Факультетте «Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі» атты іс - шара өтті

Факультетте «Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі» атты іс - шара өтті

2021 жылдың 28 ақпанында тәрбие жұмысы бойынша жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының кураторларымен бірлесіп, қазақ тілін шет тілінде үйреніп жүрген шетелдік студенттерге Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі» атты факультет деңгейінде тәрбиелік ашық кураторлық сағат өткізілді.
Ашық кураторлық сағат барысында шетел азаматтары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұранның тарихы, мәні, мағынасы жайында терең мағлұматтар алды.
Тыңдаушыларға бейнематериалдар көрсетіле отырып, оқытушылар Қазақ елі тәуелсіздігінің символы – мемлекеттік рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайындағы деректерге тоқталып өтті.
Кафедра оқытушылары ең алдымен шетелдік студенттерге рәміз, ту, елтаңба гимннің мағыналық жағына тоқталды. Рәміздің – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне екенін, адамға ой - пікір туғызатынын айта келіп, ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті, бейнеленген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі болатынын, рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналғанын көрнекті түрде әдемі түсіндірді. Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі болып, елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұратын болса, Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері, ал Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән екені кең түрде айтылып өтті.
Кафедра оқытушылары алдымен Қазақ елінің тұғыры – Туды таныстырумен бастады: Мемлекеттік туымыздың бірыңғай көгілдір түсті екенін, оның неге көк түсті болу себебін түсіндірді. Бұл түстің төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестететінін, бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны екенін, көк түс – Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіретініне тоқталды.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, күн – қозғалыс, даму, өсіп өркендеудің, өмірдің бейнесі болатынын, қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі екенін сурет арқылы көрсетсе, күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария ететінін, ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелгенін, күн, қыран, ою - өрнек алтын түсті болып тұрғанына назарларын аударды. Тудың авторы ретінде еліміздегі дизайнерлік өнердің ірге тасын калаушылардын бірі, Чехославакияда өткен (1961ж.) халыкаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков таныстырылды.
Кафедра оқытушылары қазақ елінің Елтаңбасы – әлемде сирек кездесетін Елтаңба екеніне шетелдік студенттердің назарын аударды. Елтаңбаның негізі – шаңырақты көрсетіп, ол елтаңбаның жүрегі екенін, шанырақ мемлекеттің түп - негізі отбасының бейнесі болатынын түсіндіріп көрсетті. Шаңырақтың таңдалу себебі: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада, ал уықтар: үлкен үйдің уықтары ел - жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіретінін, ақ мүйізді, алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіретінін, бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұрғанын бейне материалдармен, синоним сөздермен, түсіндірмелі сөздікті қолдана отырып, нақтылы түрде түсіндіріп өтті. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың аты болса, масақ Отанымыздың байлығы іспеттес екені айтылды.
Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылып, халық қалаулылары мен Елбасы сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы мен Шота Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға көңіл аударып, қабылданғанын айтып өтті.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – әнұран болып, әнұран мемлекеттің салтанатты әні, оның халықты әйгілі ететінін айта келіп кафедра оқытушылары ән сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылатынына тоқталды. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айту себебін яғни бұл өз мемлекетіне деген құрмет көрсету екеніне де тоқталып кетті. Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет 1992 және 2006 жылдары бекітілгеніне, оның себептері айтылды. Гимнің алғашқы нұсқасы тыңдалып, 2006 жылы 7 қаңтарда бекітілген «Менің Қазақстаным» әнін кафедра оқытушылары шетелдік студенттермен бірге орындады.
Ашық кураторлық сағат барысында шетелдік студенттер мемлекеттік рәміздердің әрбір бейнелік өрнектеріне байланысты, мәнін жете түсінуге тырысып, көпеген сұрақтар қойып, оқытушылар тарапынан тұшымды жауаптар алып, қуаныштарын жасырмай, өз пікірлерімен бөлісті.
Шетелдік студенттер арасында өткізілетін осындай түрлі тәрбелік мәні бар іс - шаралар Қазақ елінің тарихымен, мәдениетімен, өнерімен, әдебиетімен, салт - дәстүрімен танысуға зор мүмкіндік береді. Қазақ тіліне қызығушылық танытып, қазақ тілін меңгеріп жатқан тіл меңгеруші студенттердің тілін дамытып, тыңдау қабілетін арттыруға, сұқбат жасауға шығаруға, сөйлесім дағдыларын қалыптастыруға жетелейді.

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушылары
Дуйсенбаева Р. И.
Азнабакиева М. А.
Ешимов М. П.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Факультетте «Ұлы адамдар өлкесі» атты іс - шара өтті

Факультетте «Ұлы адамдар өлкесі» атты іс - шара өтті

2021 жылдың 18 ақпанында тәрбие жұмысы бойынша жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы...
Ұлт ұстазы – А. Байтұрсынұлы туралы іс - шара өтті

Ұлт ұстазы – А. Байтұрсынұлы туралы іс - шара өтті

2020 жылдың 23 қазанында тәрбие жұмысы бойынша "Көңілді әндер" музыкалық клубы жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге...
Мемлекеттік рәміздер. Тест 2 сынып

Мемлекеттік рәміздер. Тест 2 сынып

1) Мемлекеттік рәміздерге не жатады? А) Әнұран, рәміз, президент Б) Әнұран, ту, гимн Ә) Әнұран, елтаңба, ту 2) Елтаңбаның авторлары? А) Шәмші...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×