Факультетте «Ұлы адамдар өлкесі» атты іс - шара өтті
2021 жылдың 18 ақпанында тәрбие жұмысы бойынша жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының кураторларымен бірлесіп, қазақ тілін үйреніп жүрген шетелдік студенттерге «Ұлы адамдар өлкесі» атты факультет деңгейінде тәрбиелік ашық кураторлық сағат өткізді.
Ашық кураторлық сағат барысында шетел азаматтары «Ұлы адамдар өлкесі» Қазақстан сөзінің шығу тарихы, қандай сөздерден жасалғанын, байырғы кездегі оның атауын біліп, тың мағлұматтар алды деуге болады.
Тыңдаушыларға бейнематериалдар көрсете отырып, оқытушылар тамаша ұлы өлкенің тарихына, дәстүріне, еліміздің территориясы туралы ақпараттарға, сонымен қоса одан шыққан ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына, басқа да қажетті де маңызды деректергее тоқталып өтті. Факультетте қазақ тілін меңгеріп жатқан шетелдік тыңдаушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, оқытушылар Ұлы даланың ұлы өкілдерімен таныстырып, олардың кең байтақ еліміз үшін сіңірген еңбегіне, шығармашылығына, оның тарихына назарын аударды.
Кафедра оқытушылары шетелдік тыңдаушыларға ең алдымен 7 - 9 ғасырлардағы көне түркі жазбаларына жататын руна жазулары туралы ақпаратты таныстырудан бастады. Онда оқытушылар не жазылғанын, мағынасы нені білдіретінін нақтылап көрсете білді. Содан кейін Алматы облысының Есік қаласынан табылған Алтын адам туралы айтылды. Ондағы алтын нәрселердің жасалу ерекшелігіне, сақталуына баса назар аударды. Сонымен қатар Махмуд Қашқари, әл - Фараби, Абылай хан, Абай, Ыбырай Алтынсарин, Ш. Уәлиханұлы, А. Байтұрсынұлы, Қ. Сәтбаев және де қазақ батырлары, Кеңес одағының батырлар жайлы мәліметтер де назардан тыс қалмады. Жоғарыда аттары аталған танымал әрі ұлы өлке өкілдерінің өмірі, мен шығармашылығын қамтитын кішігірім арнайы көрсетілген бейне материалдар арқылы нақтылап отырды.
Мұндай шара шетелдік студенттерді қазақ ғалымдарымен, ғылымымен, ғылымды қалыптастыру тарихымен, ұлы дала өкілдерімен және олардың шығармашылық жолы, сонымен қоса өмірбаянымен таныстыруға, олардың елеулі де баға жетпес еңбектерін насихаттауға мүмкіндік береді. Және де қазақ тілін меңгеріп жатқан тіл меңгерушілердің тілін дамыту, тыңдау қабілетін арттыру, сұрақ - жауап қоя отырып сөйлесімге шығару әрекеттерін де қамтып, олардың сөйлеу әрекеттерін дамытуға үлесін тигізері хақ. Сол себепті аталмыш бағытта тәрбиелік іс - шаралар өткізіп тұру өте маңызды деп есептелінеді.
Тәрбиелік іс - шара соңында қазақ тілін қыркүйек айынан бері меңгеріп жатқан Оңтүстік Кореялық тыңдаушы Чой Хенсил ұлы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін мәнерлеп оқып берді.
Ашық кураторлық сағат барысында шетелдік студенттер тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, оларға оқытушылар тарапынан нақты жауаптар да ала білді. Осындай негіздегі ашық кураторлық сағат алдағы уақытта да қазақ даласының тарихымен, оны мекен еткен ұлы тұлғалармен таныстыру мақсатында тағы да жалғасын табады неген ниетпен ашық тәрбиелік іс - шараны аяқтады.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушылары
Г. Ә. Мұсаева, М. П. Ешимов, Р. И. Дүйсенбаева
Факультетте «Ұлы адамдар өлкесі» атты іс - шара өтті
- ramuk_b
- 25 ақпан 2021
- 1083
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұлы адамдар өлкесі, іс шара, қазақ тілін үйреніп жүрген шетелдік студенттер
Ұқсас жаңалықтар:
35 жылдық мерейтойға орай өткізілген ашық есік күні
Қара шаңырақ саналатын әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және...Әл - Фараби – ғұлама ғалым
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелдік тыңдаушылар...Ұлт ұстазы – А. Байтұрсынұлы туралы іс - шара өтті
2020 жылдың 23 қазанында тәрбие жұмысы бойынша "Көңілді әндер" музыкалық клубы жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік...Тарихы терең Алматы!
Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.