Оқуға құштар ұжым
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми - практикалық орталығының «Оқуға құштар мектеп» жол картасы жобасын қолдау мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ұжымы желтоқсан айының алғашқы күндерінен - ақ заманымыздың заңғар жазушысы Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романын оқуды бастап кеткен болатын.
Кітапты оқу қорытындысы, оқу мерзімі өткен уақытта ұжым арасында институттың кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар оқырман» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде бас қосқан филиал қызметкерлері «Үркер» романының мазмұны, тілі, көркемдік ерекшеліктері, идеясы, ұрпақ тәрбиесіндегі ролі, кейіпкерлері, танымдық - тағылымдық маңызы, қазіргі қоғам өмірімен біте қайнасып жатқан тұстары төңірегінде ойларын ортаға салды. Романның мазмұнын ашып, ой пікірлерлерін білдірген оқырманға сыйлыққа кітаптар берілді. Бұл жарыссөзде Д. Мамутова, Р. Жусупова, А. Кемалова, А. Дүйсенбаева, А. Тулеғалиев топ жарып, романның негізін идеясын ашып, оқырманға ой салды.
Дөңгелек үстел соңында институт ұжымы әр ай сайын бір әдеби - көркем шығарманы таңдап алып, ұжым болып оқып, айдың соңында шығарманы талдап, пікір алмасуды дәстүрге айналдырсақ деген ұйғарымға келді.
Баршаңызды рухани қазына көзі кітап оқуға шақырамыз!
Утебаева Ақкүріш Базарқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ кітапхана ісінің бас маманы
Оқуға құштар ұжым
- ramuk_b
- 6 қаңтар 2021
- 3100
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дөңгелек үстел, Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романын оқу
Ұқсас жаңалықтар:
Трамп Қытайдан келген ғалымдар мен аспиранттардың Америка Құрама Штаттарға ...
Қытайлық иммигранттар оқуға немесе оқуға арналған F (студенттік) немесе J (алмасу бағдарламасы үшін) визаларына АҚШ - қа кіре алмайды....Дөңгелек үстел өтті
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл - Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи...Болашақ жастардын қолында
8 - 11 сыныптар арасында Жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен «Дөңгелек үстел» өткізілді....Кітап - сарқылмас рухани қазына
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі Авторы: Саулебаева Ләззат Шакиқызы Санаты: бірінші Білімі: жоғары Сабақтың...Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны қалыптастыру
Қарағанды қаласы №23 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Лапиева Гулайым Қаппарқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.