Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлт ұстазы – А. Байтұрсынұлы туралы іс - шара өтті

Ұлт ұстазы – А. Байтұрсынұлы туралы іс - шара өтті

2020 жылдың 23 қазанында тәрбие жұмысы бойынша "Көңілді әндер" музыкалық клубы жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының кураторларымен бірлесіп, қазақ тілін үйреніп жүрген шетелдік студенттерге "А. Байтұрсынұлы мұражай - үйіне онлайн саяхат" атты тәрбиелік ашық іс - шара өткізді.
Іс - шара барысында шетел азаматтары "Ұлт ұстазы" атанған Ахмет Байтұрсынов туралы, қазақ қоғам және мемлекет қайраткері, "Алаш" партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым - лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы туралы білді.
Тыңдаушыларға бейнематериалдар көрсете отырып, оқытушылар тамаша әдебиетші, педагог, лингвисттің өмірбаяндық деректеріне тоқталды. Қазақ тілін оқып жатқан тыңдаушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, оқытушылар Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілінің негіздерін және қазақ грамматикасын анықтау үшін ғылыми терминологияны қалыптастырғанына аудиторияның назарын аударды.
Факультет оқытушылары шетелдік тыңдаушыларға Ахмет Байтұрсынұлының қазақ еліне, қазақ ғылымына, тілі мен әдебиетіне сіңірген еңбектерін арнайы көрсетілген бейне материалдар арқылы нақтылап отырды. Сонымен бірге ұстаздар қауымы ғалымның өмірбаяны, отбасы, сол кездегі саяси жағдайға да тоқталып өтті.
Мұндай шара шетелдік студенттерді қазақ ғалымдарымен, ғылымымен, ғылымды қалыптастыру тарихымен, алаш азаматтарымен және олардың шығармашылық жолы, сонымен қоса өмірбаянымен таныстыруға, олардың елеулі де баға жетпес еңбектерін насихаттауға мүмкіндік береді. Және де қазақ тілін меңгеріп жатқан тіл меңгерушілердің тілін дамыту, тыңдау қабілетін арттыру, сұрақ - жауап қоя отырып сөйлесімге шығару әрекеттерін де қамтып, тыңдаушылардың бұл әрекеттерін жетілдіруге септігі тиеді. Сондықтан да аталмыш бағытта тәрбиелік іс - шаралар өткізіп тұру өте маңызды болып саналады.
Тәрбиелік іс - шара барысында шетелдік тіл меңгерушілер тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, оларға оқытушылар тарапынан нақты жауаптар да ала білді. Осындай іспеттегі іс - шаралар болашақта да жалғасын табады деген ниеттеміз.

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушылары
Ешимов М. П., Азнабакиева М. А.
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Тарихы терең Алматы!

Тарихы терең Алматы!

Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
«Тіл - біздің тұтастығымыз»

«Тіл - біздің тұтастығымыз»

Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...
«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...
Дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел өтті

Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл - Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×