Елбасының прагматикалық саясаты туралы ойлар
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қазіргі заманғы адам өмірінің маңыздылығы мен прагматизмдік тұрғыда Қазақстан халқының санасын қалыптастыру қажеттілігі туралы мәселені егжей - тегжейлі талқылайды.
Елбасы прагматизм туралы түсінік береді: «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән - салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез - құлықтың прагматизмі деген осы».
Қазіргі Қазақстанның тарихы, яғни Кеңес Одағы ыдырағаннан бастап бүгінгі күнге дейін – бұл, ең алдымен, қазіргі заманғы біздің президентіміздің прагматикалық саясатының прагматикалық нәтижесі.
КСРО - ның соңғы жылдарында, екі тұлға – Горбачев пен Ельцин және біздің республикамыздың басшысы Қазақстан мен көп ұлтты халықтың мүдделеріне сай осы екі маңызды саясаткерлер арасындағы прагматикалық тәсілмен және ақылмен, мұқият, сыпайы және этикалық түрде дұрыс қарым - қатынаста болуға күш салды. КСРО мен РСФСР, КСРО - Кремль мен Қазақ КСР арасындағы, сондай - ақ Ақ Үй – РСФСР мен Қазақ КСР арасында теріс салдарларға біздің Елбасы жол бермеді. Бұл нағыз прагматизмнің көрінісі!
Біздің көшбасшының бұл саясаты өз позитивті және бейбіт жемісін берді: бұрынғы Кеңес Одағының 1990 - ші жж. біздің ортақ үйіміз Қазақстанда этникалық қақтығыстарға жол берген жоқ, оның ішінде кез келген айырмашылықтар бейбіт және тыныш жағдайында шешілген. Қазақстанның бүкіл көпұлтты халқының және КСРО – Қазақ КСР, Кремль мен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы арасындағы қарым - қатынастарды, Ақ үй - РКФСР және Қазақ КСР арасындағы, сондай - ақ қазақ және орыс халқы, Қазақстан мен Ресейдің арасында отқа май қосуға «қара» деструктивті күштер тырысты. Бұл ешкімге құпия емес. Содан барлығынан Қазақ Елін біздің Президентіміздің салқынды прагматикалық саясаты құтқарып алды. Бұл нағыз прагматизмнің көрінісі!
Беловежская пущадан кейін бірден Ресей, Украина және Белорусь басшылары славян тектес одағы туралы бастаманы ұсынды. Біздің Президентіміз дереу уақытында және прагматикалық түрде славян - түркі мемлекеттерін одағын құруға ұсыныс жасады. Славян - азиялықтар сызығы бойынша еш жанжалдарға жол болмады. Сонымен, Елбасының осындай әркет арқасында бұрынғы Югославиядағы оқиғалардан бүкіл ТМД халықтарын аман алып қалды. Бұл да нағыз прагматизмнің көрінісі!
Н. Ә. Назарбаев КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан мен Ресей кәсіпорындары арасындағы өндірістік және экономикалық байланыстардың маңыздылығын жақсы түсінді. Ал сол тұста Ресей, шын мәнінде, Қазақстанды рубль аймағынан итеріп тастады. Соған байланысты біздің ел қараша айында өзінің ұлттық валютасы – теңгені енгізді. Біздің Елбасы прагматик ретінде, 1992 жылы және 1993 жылдың бірінші жартысында арнайы мемлекеттік комиссияны құпия жағдайда құрып, ұлттық валюта жасау мен енгізу жұмыстарын жүргізіп, қарашада тез арада республика территориясында теңгені айналымға енгізді. Яғни, біз Ресейдің осы жағымсыз әрекетіне дайын болдық деген сөз. Бұл нағыз прагматизмнің көрінісі!
2050 Стратегиясында Елбасы маңызды міндет қойып, ұлттық экономиканың бет - жүзін қайта пішіндеу, Қазақстан экономикасын шикізаттық сипатынан дайын өнім шығару экономикасына айналдыруы мәселесін алға шығарды. Осы мақсатта 2010 жылы басталған және бесжылдық индикативті жоспарлауда Қазақстанның көшбасшылығын белгілейтін үдемелі индустрияландыру бағдарламасы іске қосылды. 2011 жылы осы бағдарламаны іске асыруда алғашқы жетістіктерге қол жеткізілді: Қазақстанда 152 кәсіпорын пайдалануға берілді, 24 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Химиялық және жеңіл өнеркәсіпті белсенді қалпына келтіру және дамыту процесі басталды, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуде серпіліс болды. 2014 жылға қарай жалпы құны 8 триллион теңгенің 300 - ге жуық инвестициялық жобалары іске асырылды, 160 мың тұрақты жұмыс орны ашылды, құрылыс кезеңінде 200 мыңнан астам адам жұмысқа тартылды. Алғашқы бесжылдықтың негізгі нәтижесі Қазақстан экономикасында маңызды құрылымдық өзгерістердің басталуы болды. 2011 жылдан бері индустрияландыру күндері жақсы дәстүрге айналды, онда жылына екі рет – шілдеде және желтоқсанда – Қазақстанның индустриалды даму бағдарламасының қорытынды нәтижелері шығарылып отырды, өңірлердің жобалары мен баяндамалары жалпыұлттық телекөпір форматында ұсынылып, жаңа өндіріс орындар іске қосылып жатты.
Идустрияландырудың бірінші күні – 9 желтоқсан 2011 жылы – Астана қаласында жолаушылар вагондарын шығаратын зауыт іске қосылды, Алматыда метрополитен жұмысы басталды, Балқашта катод мыс зауыты, Жамбыл облысында денсаулық өнімдерінің «Супер - Фарм», Алматы облысында «Байсерке Агро» ет өңдеу кешені, «Шымкент - Кашемир» тоқыма өнеркәсібінің зауыты, сосын Жетіген - Қорғас және Өзен – Түркіменстан шекарасы темір жолдары іске қосылды, Шарын өзеніндегі Мойнақ ГЭС, Жамбыл облысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының жобасы жасалды. 2012 жылдың 4 шілдесінде Астана қаласында жаңа медиа - орталығында Индустрияландыру картасының нысандары іске қосылғаны туралы жаңа ұлттық медиа көпірі өтті. Ұлттық сандық телерадио хабарларын тарату желісі мен «24. kz» жаңа қазақстандық телеарна іске қосылды, олар отандық жаңалықтар тележобаларына арналды. Үдемелі индустриялық - инновациялық даму бағдарламасының екі жарым жыл ішінде жалпы құны 1, 8 трлн. теңге болатын 440 - нан астам жоба іске қосылды.
Мемлекет басшысы үдемелі индустрияландыру бағдарламасы арқылы Қазақстан экономикасын шикізатқа емес, әртараптандырылған экономикаға және дамыған адами капиталға негізделген өсу үлгісін – жаңа модельге көшіруге ұмтылады.
2015 жылдан бастап Қазақстан бәсекелестікті дамыту, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, проблемалық банктердің мәселелерін шешу, қаржыландыруға қол жеткізу және т. б жұмыстарды жүйелі жүргізді. Бұл шаралар инвестициялық белсенділікті күрт арттыруға және ШОБ дамытуға мүмкіндік береді. Екінші бесжылдықтың жоспарында өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін ынталандыру, көрші нарықтарға қайта өңдеу өнімдерін экспорттауды ынталандыру және инновацияларды қолдауға бағытталған белсенді саясат басымдыққа ие. Бұл нағыз прагматизмнің көрінісі!
Тек 2015 жылы Қазақстанға бірнеше жаңа инвестор келді. Мысалы, Финляндияның Тиккурилы Алматы облысындағы бояу мен лак - фабрикасын салды. Жапондық Toyota Tsusho астық пен көкөніс өсіруге инвестиция құйды. Сонымен қатар, бірнеше компания өздерінің жобаларына қайта инвестиция жасады. Француздық «Danone» сүт өнімдерінің жаңа түрлерін өндіруді жылына 11 000 тоннаға дейін ұлғайтуға қаражат салды. Оңтүстік Кореяның Lotte компаниясы – Шымкентте екінші өндірісті құруда. Түрік БТМ тобы құрылыс индустриясында жаңа өнімдерді өндіруге қайта инвестиция құйды. Шетелдік инвесторлар ақшаны ғана емес, сондай - ақ бизнесті жүргізудің озық әдістерін де, жаңа технологияларды да алып келді. Қазақстан 2016 жылы Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомобиль дәлізінің негізгі сегменттерінде жұмысын аяқтап, оны толығымен ашты. «Астана - Теміртау», «Алматы - Қапшағай» бағыттары бойынша «Орталық - Шығыс» сегментінде учаскелер іске қосылып, Омбы - Павлодар учаскесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жалпы алғанда, қайта құру 2, 2 мың шақырым жолды қамтиды. Келесі жылы құрылыс 1, 6 мың километрде жүргізіледі. Бұрын айтқандай, Батыс Еуропа – Батыс Қытай (424 км), Бейнеу – Ақтау (230 км), Астана – Теміртау (149 км), Алматы – Қапшағай – Талдықорған (120 км) және Астана – Петропавл 51 км) жасалды. Елдің үш негізгі «порттары» дамып жатыр: Құрық портында паром кешені, «Қорғас - Шығыс қақпасы» ЕЭА - дағы құрғақ порты және сағатына 750 - ден 1750 жолаушыға дейін көтерілетін астаналық әуежай. 2019 жылға дейін Гонконг, Токио, Сингапур, Нью - Йорк бағыттарында жаңа халықаралық желілер біртіндеп ашылады. Бұл Астананы әлемдік деңгейдегі қаржы орталығы ретінде құру үшін қажет. Бұл да прагматизмнің көрінісі!
Қазақстан БҰҰ - ның тұрақты емес мүшесі ретінде, бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықта ядролық қарусыз аймақтарды құру және біздің планетада сондай аймақтарды одан сайын көбейтуге шақырады.
Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарудан бас тарту туралы бастамасын ұсынды.
Бұл гуманитарлық және пацифистік бастаманы Орталық Азия аймағындағы барлық көршілеріміз қолдады. Бүгінгі таңда Орталық Азия Аймағы (ОАА) ядролық қаруы жоқ аймақ болып табылады. Сондай - ақ, БҰҰ шеңберінде Қазақстан бүкіл әлемде ядролық қарудың толық жойылуын қолдайды.
Президентіміздің «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінде атап өткендей: «Қазақстанның басты артықшылығы – жаппай қырып - жоятын қару - жарақтың мол қорында емес, керісінше, ашықтықта, бейбітшілікте, саналы ой - сана мен моральдық беделде екенін біз о бастан жақсы сезіндік. Ол ядролық қарусыз мемлекетті жүздеген, тіпті мыңдаған оқтұмсығы бар мемлекеттерден де қауқарлы күшке айналдыра алатын. Ұзақ мерзімді ұлттық қауіпсіздікті нығайту үшін қатерлі қарудан бас тартудың мұндай саясаты барлық замандарда да өзгелерге үлгі болуға тиісті еді». (Назарбаев Н. Ә. Тәуелсіздік дәуірі. – Астана, 2017. – 97 б.)
Сонымен, жас тәуелсіз, бірақ қазірдің өзінде толық қалыптасқан мемлекет – Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы – ең ықпалы зор және беделді халықаралық ұйымның жұмысына және соңғы 2 жылда бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық ісіне елеулі үлес қосты. Бұл бүкіл дүние жүзіндегі халықаралық және ядролық қауіпсіздікті нығайту ісіне үлкен тарихи үлесі. Сондықтан, әлемнің 138 елі Қазақстанның БҰҰ - ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу кандидатурасын қолдады. Ал біз, қазақстандықтар, туған елдің бейбітшілік сүйгіш және әлемнің жаһандық сақтау ісіне қосқан үлесіне мақтаныш сезіммен қараймыз және мақтанамыз! Бұл да прагматизмнің көрінісі!
2000 жылдары Қазақстан ШЫҰ – беделді аймақтық ұйым ретінде құруға белсене атсалысты, онда ұлы еуразиялық кеңістіктің – Қытай, Ресей, Орталық Азия мемлекеттері күштері мен мүмкіндіктері бір - бірімен байланыстырып, теңдестірілді. Мәселен, тек 2004 – 2011 жж. ШЫҰ 500 террорлық әрекеттерді бейтараптандырды.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы «зұлымдық үш күшімен» (терроризм, сепаратизм және экстремизм) күресті және тәуелділікті азайту үшін Жібек жолын төсеуді бастап, бірқатар мәселелер бойынша экономикалық күш - жігерін сәйкестіруге осы жылдың маусым айында Циндао Саммитін өткізді. ШЫҰ - ның экономикалық тиімділіктің арқасында бүкіл Азия аймағы экономикалық өсу процесіне тап болды. Нәтижесінде, ШЫҰ жаңа кеңеюге дайындалуда. Шанхай ынтымақтастық ұйымына Әзербайжан, Армения, Сирия, Камбоджа, Бангладеш, Непал, Шри - Ланка бақылаушы статусқа ие болуына тырысады, ал Моңғолия, Иран, Ауғанстан, Беларусь мемлекеттері бақылаушы мәртебесіне ие болған. «ШЫҰ - ның диалогындағы серіктестік» мәртебесіне Түркия; Израиль, Украина, Египет, Катар, Мальдивтер ниет білдірген еді. 2020 жылы дейін Челябинскіде ШЫҰ мемлекет басшыларының және БРИКС біріккен саммиті жоспарланған.
Айта кету керек, Қазақстанның ШЫҰ - ға мүше ретінде басты басымдығы аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту болып табылады. ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық Қазақстанға бірқатар даулы аумақтық мәселелерді шешуге мүмкіндік берді, ал шекаралас аумақтарда қарулы күштерді жүйелі және ашық түрде қысқарту әскери және саяси шиеленістің қалған элементтерін тоқтатты.
Қазақстан үшін ШЫҰ - мен өзара іс - қимыл геосаяси және стратегиялық жоспарларда біздің елімізге белгілі бір табыстар әкелді. ШЫҰ қызметі Қытайдың аймақтық өзара іс - қимыл құрылымына кірігуіне ықпал етті, осылайша Қазақстан Қытаймен бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қою арқылы қауіпсіздік кепілдігін алды, соның ішінде ядролық қаруды қолданбауды қамтамасыз етті. Екі өңірлік державалардың (Қытай мен Ресей) ШЫҰ - дағы қатысуы, ең алдымен, сауда - экономикалық және әскери - саяси салаларда олардың мүдделері мен ықпалдастығын объективті түрде үйлестіреді.
ШЫҰ аясындағы Қазақстан бұдан да асқақ мақсаттар қойып отыр: ол уақыт өте келе жетекшілік етуге ұмтылады. Бұл амбициялар республика сыртқы және ішкі, ең алдымен экономикалық, саясатта өзінің жетістіктерін қолдайды. Айта кету керек, Қазақстан Үкіметі жүргізіп отырған әлеуметтік - экономикалық реформа саласындағы құзыретті саясаткерлер республиканың бұрынғы кеңестік мемлекеттер арасында экономикалық өсімнің көшбасшысы болуына мүмкіндік берді. Бірнеше жыл бұрын АҚШ Конгресі мен Еуропа Кеңесі сияқты ықпалды институттар Қазақстанды нарықтық экономика бар ел деп таныды және жетекші халықаралық рейтинг агенттіктері елге халықаралық инвестициялық рейтинг берді. Бұл фактілер экономикалық реформалардың барысы өздігінен ақталғанын көрсетеді. Бұл да прагматизмнің көрінісі!
Сонымен, Елбасының прагматикалық саясаты арқасында Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қоғамдастықта абыройлы орын тауып, әрі қарай жан - жақты дамуына үлкен қадамдар жасап жатыр!
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Елбасының прагматикалық саясаты туралы ойлар
- ramuk_b
- 30 қыркүйек 2020
- 624
- 0
- 0
Ілмек сөздер: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», Елбасының мақаласы
Ұқсас жаңалықтар:
ТМД - бұл өмір сүруі аз уақыт қалған жасанды формация – Познер
Кеңестік және ресейлік журналист және тележүргізуші Владимир Познер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) - бұрынғы КСРО - ның кейбір елдері...Ресей Қытайдан 10 миллиард доллар сұрады
Ресейлік шенеуніктер әлі күнге дейін отандық экономикаға ақша тарту үшін қытайлық инвесторлармен байланыс орнатуға тырысуда....Биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына тура 29 жыл толды
1949 – 1989 жж. Семей ядролық полигонында кемінде 468 ядролық сынақ өткізілді. Онда плутонийдің көп жиналғаны соншалық, 1996 жылдан 2012 жылға дейін...Тоқаев Назарбаевпен қалай кездескенін айтып берді
«Егемен Қазақстан» қазақстандық басылымында Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланды - онда ол 35 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевпен...Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығы - бұл біздің көпұлтты еліміздің ...
1991 жылдан бастап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін біздің еліміз бүкіл КСРО - ны өнеркәсіп пен ауылшаруашылығына қажет барлық шикізатпен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.