Алла Тағаланың көмегімен одан әріқарай сондай жағдай болсын деп тілеймін!
Путин «Мәскеу. Путин. Кремль» жексенбіде Ресей - 1 телеэфирге шыққан Кеңес Одағының құрамында болған көптеген республикалар «ресейлік жерлердің үлкен көлемін алды» және «дәстүрлі ресейлік тарихи территорияларын» алды деп мәлімдеді.
Сонымен бірге, КСРО - дан шыққан кезде, Ресей президентінің пікірінше, бұл республикалардың әрқайсысы «орыс халқының сыйлықтарын алып жүрмеуі» керек еді. Путин қай республикаларды және қай жерлерді ескергенін нақтыламады, тек «Кеңес Одағы құрылған кезде келісім - шарт одан шығу құқығын қарастырды, бірақ бұл процедураны көрсетпегенін» атап өтті.
Сонымен, Путин Жириновский, Солженицын, Лимонов ұлыдержавалық орыс шивинистердің айтқанын айта бастады. Бұл жақсы емес және түсінікті – біріншіден, бұл Егемен Қазақстан мен қазақтарға айтылған сөз.
Ойлаймын, біздің басшылары – Елбасы болсын, Президент Тоқаев болсын – кешегі айтқанын путиндік сөзіне тарихи мен саяси тұрғыдан әділетті және толыққанды жауап береді.
Қазақстан мен қазақтар Ресей және ресейліктермен достық пен сыйластық жағдайда 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін, әртүрлі ресейлік шовинисттердің айтқанына қарамастан, жақсы қарым - қатынастарды шеберлікпен жүргізіп жатыр! Алла Тағаланың көмегімен одан әріқарай сондай жағдай болсын деп тілеймін!
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Алла Тағаланың көмегімен одан әріқарай сондай жағдай болсын деп тілеймін!
- ramuk_b
- 24 маусым 2020
- 594
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мәскеу. Путин. Кремль, дәстүрлі ресейлік тарихи территорияларын алды деп мәлімдеді
Ұқсас жаңалықтар:
Лукашенко – Беларусьтің нағыз патриоты
Соңғы кездері Ресей мен Беларусь арасындағы қатынастар одақтас және бауырлас емес....Лукашенко мен Путин биліктен кетеді
Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кравчук украиндық «Обозреватель» БАҚ - қа берген сұхбатында Беларусь пен Ресей үлкен өзгерістерді күтіп...Путин Ресейдің ядролық қаруды қолдану шарттары туралы жарлыққа қол қойды
Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығына сәйкес, Ресейдің ядролық қаруын қолдану туралы шешімді тек Кремль басшысы қабылдайды....Путин - Ресей «жеке өркениет»
«Ресей өркениетін» сақтау үшін жоғары технологияны дамыту керек, деді Ресей президенті Владимир Путин. Ресей жай ел емес, «бөлек өркениет». Бұл...Путин Ресейдің печенег және половецтерді жеңгенін туралы айтты
Шындығында, Ресей сол заманда болған жоқ. Печенег мен половецтер Киев Русіне өз жорықтарын жасады, олар «Ресей» деп аталатын Ресей мемлекеті пайда...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.