Сайтқа кіру Тіркелу

«Түріктердің әкесі» немесе «Ұлы түрік» туралы бірнеше сөз

«Түріктердің әкесі» немесе «Ұлы түрік» туралы бірнеше сөз

ХХ ғасырдың басында Осман империясының құлдырауы соңғы шегіне жетті. Осман империясы болашақ Түрік Республикасы, ислам дінбасыларының қоғамдық өмірінде күшті рөлге ие жабық ел болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың жеңіліске ұшырауынан кейін ел астанасы мен Түркияның бүкіл аумағы басып алынған Сұлтан Мехмед Антанты бұйрықтарын орындауға кірісті. Ел парламенті шетелдік интервенционистер тарапынан тарады. Ал түрік әскері батыстық әскери кеңесшілердің басшылығына көшті.
Сонымен қатар, 1920 жылы Севр келісімшартының шарттарына сәйкес Түркия (немесе керісінше Киелі Кіші Азия түбегінің және Босфордың еуропалық жағалауларынан қалғаны) толық жеңілді деп шешілді. Түркияның болашағын Гази - Мұстафа Кемал Паша есімді 40 - жастағы Осман армиясының офицері ғана құтқара алды. Ол өз елін еуропалық бағытта қозғалуға мәжбүрледі және өзі бұл өзгерістерді басқарды. Мұстафа Кемал Ататүрік заманауи түрік мемлекетінің негізін қалаушы болды. Көптеген түрік патриоттары сияқты Мұстафа Кемал 1880 жылы Салоники қаласындағы бай отбасында елдің шетінде туылды. Ататүріктің аты, яғни «түріктердің әкесі» немесе «Ұлы түрік» 1934 жылы Түркия парламентінің ұсынысы бойынша қабылданды. Әскери колледжден және Стамбулдағы Бас штабтың академиясын бітірген жас Мустафа Кемал Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында Ливиядағы итальяндықтарға қарсы, Фракияда болгармен қарсы күреске қатысады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Осман әскерінің дайындығы өте нашар болды. Бірақ Ұлы Ататүрік қолбасшылығымен олар өз туған елді жаулардан тазартты. Алайда Бірінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі – Осман империя жеңіліске ұшырады және құрдымға кетті. 1919 жылдың жазында түрік армияны қалпына келтіріп, Мұстафа Кемал Түркияның шығыс бөлігінде елдің тәуелсіздік жақтаушыларын жинады. Мұстафа Кемал 1920 жылдың көктемінде билік орталығын құрады: Анкарада Түркияның Ұлы Ұлттық Ассамблеясын шақырды. Болашақ Ататүрік бұл парламенттің төрағасы және түрік үкіметінің басшысы болып сайланады. Түркияның белсенді жас республикасына Кеңестік Ресей көмектесті: 1920 - 1922 жж. Кеңес мемлекеті Мұстафа Кемалға қару - жарақты, оқ - дәрі мен екі центнер алтын жеткізді. Кеңестік Ресей көршілес елдегі революциялық қозғалысының қолдауымен қоса кеңестік астық экспорттау үшін Қара теңіз бұғаздарына достық режимі керек еді. Кеңестік мемлекет осы сауда - саттық арқасында өзіне керек шетел валютаны тапты.
Осман империясының құлдырауы бұзылған адамдар мен бұрынғы османлы - түрік элитасының саяси банкроттығы Ататүріктің қажетті түбегейлі реформаларды өткезуге жолын ашты.
Ататүрік әрқашан «толық тәуелсіздік экономикалық тәуелсіздік алған жағдайда ғана мүмкін болады», - деп айтқан. Ататүрік ең маңызды реформалары: елдің сот жүйесін және құқықтық нормаларды батыс үлгіге көшу, григориан күнтізбесі, метрикалық жүйесінің және еуропалық киім, шариғат сотын тарату және көп әйел алуға тыйым салу, латын әліпбиі көшу мен түрік тілін араб және парсы сөздерден тазартуы, Стамбул астанасы Анкара қаласына аудару, 5 - күндік жұмыс аптасының құру, бірінші ұлттық банкін құру, темір жол және жергілікті өнеркәсіпті ұлттандыру, кеңестік бес жылдық жоспарға ұқсас өнеркәсіптік даму жоспарын ұлттық экономикасына енгізуі.
Ататүріктің демократияландыру реформалары ел өмірінің барлық саласын қамтыды. Әйелдерге жоғары оқу орындарында оқуға рұқсат етілді. Әйелдер бизнес жасау, дауыс беру, парламентке сайлану құқығына ие болды. Зайырлы мемлекетке көшу. Қасиетті Құран түрік тіліне аударылған еді. Аты аңызға айналған Айя - София мешіті ұлттық мұражайға айналды. Бірыңғай білім беру жүйесі пайда болды. Елде мыңдаған жаңа мектептер пайда болды. Түрік балалары тегін білім алды.
Ұлы Ататүрік 1938 жылғы 10 қарашада қайтыс болды.
Бұнымен не айтпақпыз? Мұстафа Кемал Ататүрік Түркия үшін өз ғұмыры мен қызметін арнады. Көптеген ғасырлар бойы түрік империясы әлемдік саясатта жетекші рөл атқарған еді. Бұл түріктердің санасына, олардың ойлау имиджіне ерекше әсер қалдырды. Түріктер өздерін мемлекетте басқа тұрғындарға қарағанда жоғары санады. Ал Ұлы Ататүрік бүкіл ел мен халықты империялық мұрасынан бас тартуға және жаңа заманға сай сана мен ойлау қабілетіне қол жеткізді. Бұл түрік халқының қалыптасуы мен бірігуіне әкелді. Кезінде Ататүрік: «Біз барлық жағынан бізге дұшпан, жаулардың қоршауында тұрмыз. Тек түрік халықтың нағыз бірлігі мен бірі біріне нағыз достық болмаса, Түркияның болашағы – жоқ!», деп айтқан екен.
Ұлы Ататүрік ұлттық түркі идеясының негізі - отан, мемлекет, республика және қоғамдық құқықтың негізгі қағидаларын тұжырымдады. Сонымен қатар, Конституцияға енгізілген бірқатар қағидалар қабылданды. Түрік мемлекеті республикалық басқару формасына көшу; тәуелсіздік үшін күрестің қағидаларына адалдық, ұлтшылдық - түрік халқының өркендеуі; лацизм - мемлекеттен дінді бөлу принципін қорғау; ұлты - сыныптар мен сыныптық күрес орыс кеңес большевиктердің идеясына тойтарыс беру; халықтық егемендікті демократия негізінде жүзеге асыру болды. Бұлардың барлығы қазіргі заманға сай мықты түрік мемлекеттің пайда болу мен дамуына жол ашты.
Түркияның көрнекті мемлекет қайраткері Мұстафа Кемал Ататүріктің реформалары Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Осман империясының ыдырау салдарынан жойылған ел мен халықты тезірек еуропалық нормалар мен стандарттарға бағдарланған, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы жеткілікті дамыған және ислам әлемі елдерінің арасында абсолюттік көшбасшы бола алатын гүлденген буржуазиялық мемлекетке айналуға мүмкіндік берді.
Біздің жас мемлекетті ресми түрде Түркия Республикасы бірінші болып мойындады. Екі жақты достық қарым - қатынастарды барлық жағынан орнатты. Түркияда Абылай ханның, Қабанбай батырдың, Абай Құнанбаевтың, Мағжан Жұмабаевтың, Мұхтар Әуезовтің ескерткіштері орнатылды. 2009 жылы Астана қаласында Есіл өзенінің жағасында Түркия Республикасының негізін қалаушы Ұлы Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің ашылуы Түрік әлемнің ұлына, саясаткеріне ең басты құрмет көрсету деп қабыдаймыз!

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×