Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақтарға да ойлану керек деп қорытындыға келеміз екен!

Қазақтарға да ойлану керек деп қорытындыға келеміз екен!

Коронавирустық індет - бұл әлемге тұрақты және өсіп келе жатқан Қытай ұсынған тағы бір жағымсыз тосын сый. Сонымен бірге Ресейде Қытай саяси режимі мен Қытай саясатының қауіп - қатері туралы пікірталастар мүлдем жоқ деп жазады ресейлік журналист Константин Эггерт «Сіз коронавирустан емес, Қытайдан қорқуыңыз керек. Неліктен Кремль Ресейге басты қауіп туралы үндемейді» өз мақаласында. Бұл мақала «Сноб» ресейлік интернет сайтта осы жылдың 28 қантарда жариялаған еді.
Бұл мақаланың басты тезистерді қазақшалап, оқырмандарға ұсынып отырмын.
Американдық жеккөрушілік пен қырғи - қабақ соғыста кек алу идеясын ұстанған ресейлік элитасы 1990 - ші жылдардың соңында шығыс көршісіне қызғанышпен қарай бастады: «Қытайлықтар өз билік жүйесің сақтап қалды және бүкіл миллиард астам халықты тамақтандырды. Олар Горбачев пен Ельцин сияқты емес!» 1997 жылы «Мәскеу - Дели - Пекин үшбұрышы» сияқты «көпқырлылық» және геосаяси қиялдар туралы өрбіген Примаков Ресейдің Тұңғыш президенті Ельцинге ҚХР сол кездегі басшысы Цзян Цзэминмен көпқырлы әлем туралы декларацияға қабылдауына ықпал етті (шын мәнінде, бұл декларацияның басты мақсаты - АҚШ халықаралық ықпалымен күреске негізделген құжат). Бірақ 1997 жылы кеңес империясының мұрагерлері Қытайға әліде көп уақыт оларды қуып жүргеніне керек деп ойлады және Қытайға – ол үшінші әлем елі ретінде деп қарады.
Енді түсінікті: бұл декларация Ресейдің бірінші президентінің сыртқы саяси қателіктерінің бірі болды. Қысқа мерзімді ішкі саяси мүдделері үшін ол Путиннің Кремльге келуімен ресейлік саясаттың басты бағыттарының бірі - тұрақты жақындасу және алыс достық пен ықтимал қауіпті көршіге тәуелділіктің артуына саяси негіз салды.
Екі ел арасындағы әріптестіктің артуына екі себеп бар: Америкадағы жалпы жауға қарсы екі авторитарлық режимнің өзара көмек көрсетуі және Кремльдің ҚХР - ның өсіп келе жатқан күшінен қорқуы. Ресейдің Қытайдан артта қалатынын мойындау мүмкін емес. Сіз жаман ойынға бет бұрып, «серіктестікте» азапталған ойындарды ойнауыңыз керек.
Коронавирус оқиғасы қалай аяқталатыны белгісіз, бірақ Ресейдің Қытаймен шекарасы 4 мың шақырымнан асатын және сонда пайда болған пандемияның ықтимал көзі екендігі қазірдің өзінде белгілі. Ресей мемлекеттік статистикалық қызметтің мәліметі бойынша, біртіндеп өліп жатқан Сібір мен Қиыр Шығыс аудандарында (Ресей халқының 17 пайызынан астамы) 25 миллион адам тұрады.
Салыстыру үшін: Қытайдың Ресеймен шекаралас жатқан үш провинциясының (айтпақшы, ең кедей провинциялары) тұратын халқының саны - 90 миллионға жуық. Қытайдың игерілмеген аумақтары жеткілікті болғанымен, мұндай демографиялық контраст жағдайға ұлттық мүдделер тұрғысынан қарайтын болсақ, алаңдаушылық туғызады. Бұған қытайлық әлеуметтік теңсіздік және экологиялық проблемалар - әлемде кең таралған. Қытайдың энергетикалық секторы мен көлігі жаһандық климаттың өзгеруіне үлкен ықпал етеді.
Әскери саласында алаңдатарлық жағдай қалыптасып отыр. 20 жыл бұрын ресейлік әскери қару - жарақтарды сатып алған ҚХР қазір әлемде қару өндіретін АҚШ - нан кейін екінші орында тұр. Қытай армиясы әскери бюджеті жағынан әлемде бірінші және АҚШ - нан кейін екінші орында. Қытайлық үгіт - насихат бүкіл әлемге сенімді түрде таралады. Фридом Хаустың осы тақырыптағы жақында жариялаған баяндамасы Russia Today Халықаралық Ақпарат Агенттігінің кремльдік насихатшыларын алаңдату керек. Олар қытайлық «әріптестерімен» халықаралық бәсекелестікке төтеп бере алмауы мүмкін.
Бес мың жылдық тарихы бар, ешкімге есеп бермейтін, бай, жемқор және құпия болып табылатын, өткен ғасырда ондаған миллион өз азаматтарын құртқан қатал диктатурамен басқарылатын Қытай Ресейге шығыстан қарайды. Ол дүние жүзіндегі активтер мен ықпалдарды сатып алып отыр және Тайваньды соғыспен қорқытады. Мұның бәрі өзінің «қытайлық арманы» деп аталатын «тізеден тұру» туралы ксенофобиялық теорияны қатты пайдаланып отыр. Қытайдың өмір бойы басшысы Си Цзиньпин ұсынған толық нұсқасы - «Қытай ұлтының ұлы жаңғыруындағы қытайлық арман» деген идеясы.
19 және 20 ғасырдағы Қытайға жүргізілген батыс және ресейлік отаршылдығы үшін және 1960 - 1980 жж. КСРО - мен болған қақтығыстар үшін - Бейжің кек алу мүмкіндігін жоққа шығармау керек. Шынында да, қытайлықтар үшін Ресей Польша немесе Португалия сияқты Батыс, бірақ әлде қайда әлсіз. Қытай басшылары өздерінің пікірлерін қалай сақтау керектігін өте жақсы біледі.
P. S. Егер саяси ойы мен саясат туралы түсінігі бар ресейлік адам осындай жағдайларды айтса, онда біздерге, қазақтарға да ойлану керек деп қорытындыға келеміз екен!

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Познер КСРО мен АҚШ - ты салыстырды

Познер КСРО мен АҚШ - ты салыстырды

Ресейлік журналист В. Познер 1950 - 1960 - ші жылдардағы КСРО мен АҚШ арасындағы айырмашылықты түсіндірді. Оның сөздері Pozner Online сайтында...
Польша ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Ресейді басты қауіп деп жариялады

Польша ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Ресейді басты қауіп деп жариялады

Польшаның «Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының - 2020» авторлары Ресейдің әрекеттерін Польша үшін «ең маңызды қауіп» деп атады. Құжаттан үзінділерді...
Украинаның бұрынғы сыртқы істер министрі Ресейдің оның еліне жасаған агресс ...

Украинаның бұрынғы сыртқы істер министрі Ресейдің оның еліне жасаған агресс ...

Украинаның экс - сыртқы істер министрі Климкиннің пікірінше, Ресей Украинада әскери науқанды ғана емес, сонымен бірге қоғамдық тұрақсыздықты...
Әлемдік нарықта ресейлік мұнай мен газ бағасы күрт төмендеді

Әлемдік нарықта ресейлік мұнай мен газ бағасы күрт төмендеді

2020 жылдың басында Ресей «Сібірдің қуаты» газ тасымалдайтын құбыры арқылы Қытайға газды әр мың текше метрі үшін 203 доллардан жеткізді - бұл кезінде...
Горбачев ең ұзақ өмір сүрген ресейлік билеушісі болды

Горбачев ең ұзақ өмір сүрген ресейлік билеушісі болды

Ресейлік «Рупостерс» интернет сайтының хабарлауынша: «10 сәуірде КСРО - ның алғашқы және соңғы президенті Михаил Горбачев тарихтағы ең ұзақ өмір...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×