Ғасырлар тоғысы мен ұрпақтар сабақтастығы арасындағы алтын көпір - бабалар аманаты. Бұл аманаттың әр дәуірдегі өзіндік құны мен өлшеусіз бағасы осы көпірдің негізгі дәнекері. Бабалар мұрасын зерттеу талабы күшті жас ұрпақтың ұлт алдындағы борышы!
Дəл осы мақсатта Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филология және әлем тілдері факультетінің ҚТӘ - 104 тобының ұйымдастыруымен, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қозыбақова Фатима Ақынбаевнаның жетекшілігімен түркі халықтарының көрнекті өкілі, түркі мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан орта ғасырлық ақын, ойшыл Жүсіп Баласағұнның еңбектерін дәріптеп, «Жүсіп Баласағұн мұрасы» атты ғылыми конференция өтті.
Ғылыми конференцияда студенттер Ж. Баласағұн ғұмырнамасына арналған ғылыми реферат қорғап, күні бүгінге дейін адамзат тарихында өшпес із қалдырған ойшылдың асыл мұраларын, ғалым атына берілген мәдени орындарымен көрермендерді таныстырып, «Мен сені көп іздедім, асыл бабам!» тақырыбында қойылым қойды. Есімі әлемдік әдебиет пен мәдениетте «Құтты білік» дастаны арқылы қалған ұлы тұлғаның асыл мұраларын ардақтау мақсатында өткізілген ғылыми конференция жоғары деңгейде өтті.
Мен сені көп іздедім, АСЫЛ БАБАМ!
- Dinara Bitileuova
- 27 ақпан 2019
- 1271
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ғасырлар тоғысы мен ұрпақтар сабақтастығы
Ұқсас жаңалықтар:
Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...
Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...Поэзия
Поэзия! менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім....Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілген “Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ ”...Жүсіп Баласағұн "Құтты білік"
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ақын өмірінен мәлімет беру. «Құтты біліктің» әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі, түркі тілдес халықтарға ортақ...Ғылым мен білімнің дамуы
Атырау қаласы, №34лингвистикалық мектеп - гимназиясының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі Орынбасарова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.