Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу – еліміздің ертеңін ойлау
Биылғы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы өмірдің барлық саласын қамтыды. Соның ішінде тоқтала кететін жайт, мемлекетіміздің ең басты байлығы – адам капиталының сапалы өсуі мәселесі.
Сапа дегенде тек қана адамның білімі, тәрбиесі ғана емес, оның денсаулығы да қарастырылатындығы айқын. Дені сау азамат өз Отанын көркейту, дамыту және байыту үшін, алған сапалы білімі мен тәрбиесін пайдалана отырып, нәтижелі еңбек етеді. Адамзат тарихынан білетініміз қай елдің болмасын даму көрсеткіші халқының денсаулығы, білімі мен руханияты арқылы білінетіндігі.
Сондықтан әр ата-ана, мұғалім, тәрбиешінің алдында балалардың білім алуының сапасын көтеріп қана қоймай, оның өз денсаулығын сақтауын әрқашан назардан тыс қалдырмау міндеті тұр. Дені мен рухы сау азаматты тәрбиелеп, өсіруде біз ақпарат жетіспеушілігін сезінбеуіміз керек және ол ақпарат барынша нақты, сапалы, шынайы болғаны жөн.
Осы мақсатта Ресей еліне ғана емес бүкіл әлемге танымал психолог - дәрігер, академик Дмитрий Васильевич Колесовтың Москва қаласы, Дрофа баспасынан 2002жылы шыққан «Болезни поведения. Воспитание здорового образа жизни» атты ғылыми-танымдық басылымының аудармасынан үзінді келтіріліп отыр.
Дмитрий Васильевич Колесов – РАО-ның акдемигі, медицина ғылымдарының докторы, педиатр-дәрігер, психолог, ірі ғалымдардың бірі. Ол өмірінің соңына дейін адамзат өмірінің құпиясын ашуға тырысқан жан. Жазған еңбектерін қарапайым, жалпы оқырманға түсінікті тілмен жеткізе білген. Оның артында қалған еңбектері көп. Соның бірі «Болезни поведения. Воспитание здорового образа жизни» атты ғылыми-танымдық басылымы.
Бұл аудармада баланы жас кезінен бастап салауатты өмірге тәрбиелеу жолдары мен «жаман» әдеттерге, олардың зияндығына көзін жеткізе отырып, жиіркенішпен қарау, арылуға, сауығуға апаратын жолдар туралы берілген психолог әрі педиатр дәрігердің өз іс-тәжірибесінен жинақтаған нақты ақыл-кеңестері ұсынылып отыр.
Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдер тәрбиесінде өте өзекті болып отырған салауатты өмір салтын насихаттауға арналған бұл басылымды ата-аналар, тәрбиешілер мен мұғалімдер, жалпы оқырман қауым салауатты өмір сүруге бастайтын ақыл - кеңес берер көмекші оқу құралы ретінде пайдалана алады.
Мазмұны
І. Ата-ананың ерте жастан баланы салауатты өмір сүруге тәрбиелеу арқылы мінез-құлқын тәрбиелеуі.
ІІ. Салауатты өмір сүруге кедергі келтіретін мінез-құлық ауруларының психологиялық негіздері
3. Ғылыми-танымдық басылымды қазақ тіліне аудару үшін қолданылған әдебиеттер.
І. Ата-ананың ерте жастан баланы салауатты өмір сүруге тәрбиелеу арқылы мінез-құлқын тәрбиелеуі.
Мінез-құлық ауруларының көзін міндетті түрде балалық шақтан іздейміз.
Адамның психикалық дамуы өмір бойы жүреді. Әсіресе алғашқы үш жылда қарқынды болады. Бала басқа адамдармен қарым-қатынаста бола отырып, қоғамда өмір сүре отырып қана «адамға» айнала алады. Бала қандай адам болып шығады, оған осы өскен ортасы әсер етеді. Ең бірінші көретін, тәрбие алатын адамдары әрине анасы мен әкесі. Әсіресе дүниеге келген алғашқы айлардың әсері мол. Анасымен болған сайын баланың өзі сабырлы, байсалды бола түседі.
Тәрбиенің келесі шарты: ата-ананың баласының мінез-құлықтарындағы ерекшеліктеріне, өзгерістеріне үнемі әрі уақытылы назар аударып отыруы: Құптау, құптамау, жұмсақ немесе қаттылау дауыспен өз пікірін білдіріп отыру.
Бұл құлықтық - имандылық тәрбиенің негізі десек болады. Қоршаған ортаның әсері арқылы имандылықтың өлшемі қалыптасады. Құлықтық - имандылық тәрбие баланың қоршаған ортадан алатын, көретін жағымды - жағымсыз байланыстар, әр түрлі жағдаяттарға байланысты беріледі.
Тәрбиенің тағы бір шарты: баланың мінез-құлқының бір жақты, бірегей бағалануы. Бала бірте-бірте болжау механизмін меңгереді: бұлай істесем - осылай болады, ал басқаша – басқа болады. Бұл механизм өз мінез-құлқының құлықтық - имандылығын реттеуші негіз болады.
Жасөспірімнің өзіне де ата-анасына да «жасөспірім шақ» қиын кезең болып есептеледі. Жылдам өсуі, соматикалық дамуы, жыныстық жетілуі және қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі, әсіресе өзге жыныс өкілімен қарым-қатынасының ерекшеленуі.
Осы кезеңде жасөспірімнің жалпы жағдайы, көңіл-күйі нашарлап, аурулары шиеленісуі мүмкін. Ең басты психологиялық қиындық: жасөспірімнің ата-анасымен қарым-қатынасының өзгеруі. Осы кезеңде бұрын алған тәрбиесінің кемшілік - ақаулары анықталып, көріне бастайды.
Ата-аналарға бірнеше тәрбиелік қызмет жүктелген:
- қорғау және моральдық қолдау,
- бақылау және көңіл-күйі, жалпы жағдайын қарау,
- қарым-қатынасының тұрақталуына жағдай жасау: қандай жағдайға түссе де, кіммен қарым-қатынас жасаса да туған үйі мен ата-анасы ол үшін әрдайым - құндылық болуы керек.
Көптеген балалар ата-анасының материалдық көмегі көрініп тұрса да, бәрібір психологиялық жағынан бақылаусыз қалып жатады. Тәрбие сферасында көптеген стандартты қателіктер мен дұрыс емес ұстанымдар бар. Оның бірі - директивті стиль: абсолюттік тыңдауды талап ету.Ата-ана іске қатысы жоқ тыңдауды талап етеді - өйткені олар үлкен, ал жасы үлкендік дұрыстықтың өлшемі деп. Жасөспірімнің тезірек үлкен болғысы келетіні, оған қызыққаны емес, осы директивті басудан құтылғысы келетіндіктен. Ата-ананың бұндай қарым-қатынасы баланың өздігінше болған жайды талдауына, өмірлік әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауына, құптағаны дұрыс па, құптамағаны дұрыс па, кедергі келтіреді. Сондықтан көптеген жасөспірімдер ата-анасының іс-әрекетін «әділетсіз» деп тапса , олардан алыстау жүруге тырысады.
Жасөспірімдік шақ өзіндіктің көрінетін уақыты: жасөспірімнің қоршаған ортаны зерттеген, танысқан, өзін күштімін деп, бәрін білемін, істей аламын деп есептейтін кезеңі. Қиын жағдай туса ата-анасынан көмек сұрағысы келмейді. Өйткені олар тек қана сынай алады деп ойлайды. Осының нәтижесінде оған өз ата-анасының емес, бөгде кездейсоқ адамның пікірі беделді болады. Ол адам әрқашан ақыл беруге «лайықты» бола бермейді.
Міне, сондықтан баламен «өзара сенушілік» қарым-қатынас жасай білу керек. Мысалы: жасөспірімнің қателігі үшін бас салып ұрыспай, анығына жету керек. Егер ол өзі келіп мойындаса, қатесін түсінсе, қатты ұрыспай жай ақылмен сөйлескен дұрыс.
Ал егер ол керсінше еш нәрсе айтпаса, онда өзгелерден естігенін айтып, қатты сынға алуы керек. Осыдан кейін ғана жайлап ата-анаға болған жайды айту, қателігін мойындау, кеңесу қажеттілігі туып, қалыптаса бастайды. Осындай қарым-қатынас болса тәрбиедегі келеңсіздіктерде жойыла бастайды. Тәрбие дұрыс бағытқа түседі.
Баланың әрекетін сынап қана қоймай, онымен бірге талдап, «дұрыс», «дұрыс емес» жақтарын тауып, ең бастысы әрекеттің мотивының табылуы. Жасөспірім ата-анасының әркез көмекке келетінін , түсінушілікпен қарайтынына әбден көзі жетіп, сенуі керек.
Ата-ананың бірінші мақсаты – көмектесу. Ұрысу емес. Сосын істі шешу, бұндай қателікті енді болдыртпау. Және есте сақтаңыз, ешқашан айғайламаңыз! Әділетті формула: нағыз ата-ана баласына тәубеге келтіруші, сырын айтатын, сенімді адамы бола білуі керек.
Ата-ананың келесі мақсаты: жасөспірімнің көңіл-күйін бақылау.
Үйге қандай көңіл-күйде келді, шыққанда қандай еді, өзгерістерді дер кезінде білгені дұрыс. Бұл дәл уақытында көмекке келуіне көмектеседі. Мысалы: темекіні алғаш шеккен күні, алкоголь, нашамен танысқан күні - көңіл-күйінен білесіз.
Жәнеде жасөспірім кіммен бірге жүреді, жақын арада жаңадан кім қосылды, осының бәріне баса назар аударған дұрыс.
Тәрбиеде өзара диалогтың мәні зор. Баланың тілі енді шыққан кезде өзіңіз көп сөйлеп, оны сөйлетпесеңіз, баланың тілі тежеледі. Өкінішке орай тәрбиеде көпжылды монологқа айналып кеткен жағдайлар көп. Жасөспірім ата-анасының ұзыннан-ұзақ келіспеушілік дауысынан басқа ешнәрсе естімесе, оған түсіндіруге де, сөйлеуге де мүмкіншілік берілмесе, келеңсіз жағдайдан шығар жол да табылмайды.
Көбіне үлкендер өзара сөйлескенде жасөспірімнің араласқанын ұнатпай, жағаласпа, сен әлі жассың деп жатады. Бұл үйдегі жасырын «тоталитаризмнің» анық формуласы деп біліңіз.
Тәрбиенің тағы бір шарты: тыйым салуға деген дұрыс қараушылықты қалыптастыру.
Ерте жастан бала үшін барлық « тыйым салулар» негізделген болуы қажет.
Тыйым салуға деген ата-ана құқығы үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Өкінішке орай, негізделмеген тыйым салулар арқылы ата-аналар жасөспірім алдындағы өз беделінен айырылып жатады. Өйткені тыйым салулар көп болып кетсе, әйтеуір біреуін бұзуға тура келеді емес пе. Ал бұл бала кезінен бастап тыйым салуларды бұзушылыққа, тілазарлыққа әкеледі, қалыптастырады.
Есеюге байланысты тәрбиенің маңызды бір аспектісін ескерген жөн. Табиғатта кейбір заттардың «дәмін» мүлдем татып көруге болмайды. Олар: никотин, алкоголь, есірткі.
Бір рет дәмін көргеннің өзі өте қауіпті.
Балада ата-ана бәрін де кешіреді, кешірім сұрасаң жеткілікті деген психология қалыптаспауы керек. Ата-ана бәрін кешіре алады, бірақ кейбір жайттарда ата-ананың «кешірімі» жағдайды түзей алмайтынын, еш нәрсені өзгерте алмай қалуы мүмкін екенін бала түсінгені дұрыс.
Ата-ана бір ғана дұрыс емес әрекет арқылы ауыр ауруларға ұшырап, өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін екендігін үнемі түсіндіріп отыруы қажет.
Есірткі заттар, бей – берекесіз жыныс қатынасынан туатын жұқпалы аурулар, қажет емес жүктілік, алкоголь, темекі - қателікті кешірмейтін, бүкіл өмірін өзгертетін қауіпті аурулар.
Жасөспірім өзінің іс-әрекеті, мінез-құлқы арқылы өзін өте қиын, келеңсіз жағдайға апаруы мүмкін екенін ата-ана да, мұғалім - тәрбиеші де әрдайым есіне салып отыруы керек. Егер осындай жағдай туса, ата-ана да өзі де шығар жол таппай қалуы мүмкін екенін бала түсінуі керек, сендіру керек.
Үлкендер баланың психологиялық жағдайының спецификасын үнемі есте сақтағаны жөн. Оның өсуінің жылдамдығын, олардың үнемі бостандыққа шыққысы келіп отыратынын, ата-анадан «босанып шыққысы» келетіндігін ескергені жөн. Бостандыққа шығып алып, осы кезеңде не істейтінін де білмей, өзі үшін қауіпті де, қиын әлемге аяқ астынан тап болып, есі шығатыны да рас. 9-10 жастағылар 16-17-дегілерге қарағанда күнделікті не істейтінін, өз күн тәртібін біледі.
Жасөспірімдерге ата-анадан алатын өмірлік маңызды ақпараттар жетіспейді. Егер ата-ана осы жастағы баланың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін білсе, баласын түсініп, оның бостандығын тежемей, онымен келіспеушілік тартысын қояр еді.
Ата-анаға берер жүйелі екі кеңес:
1. Ата-ана әрқашан жасөспірімнің өзге жерде емес, өз отбасында өзін-өзі жайлы сезінуін үнемі қадағалап отыруы, әрі солай болуын орындауы керек. Егер ол «сыртқы әлемге» осы жайлылықты сезіну үшін ғана кетіп қалса, нәтижесі ата-ана үшін де, оның өзіне де жақсы болмайды. Өйткені қазіргі кезде сәнге айналған: «балдеж», «кайф» ұғымдарының соңы есірткіге апарады. Оның орнына отбасында шынымен айналысу қиын нәрселер: сыныптастарымен, достарымен бірігіп жарыстарға қатысу, әр түрлі үйірмелерге бару мейлінше қауіпсіз болар еді.
2. Бала туғаннан отбасында өзін-өзі қауіпсіз сезініп, ата-анасының кез-келген уақытта көмекке келетінін, қолдайтындығын біліп, сондай рөлде қабылдауы керек. Бала өзгелерден гөрі, өз ата-анасының ақыл-кеңесін тыңдауға ұмтылуы өте маңызды.
Басқаша айтсақ ата-ана мен баланың отбасындағы қарым-қатынасы жат болмауы керек. Кез-келген келіспеушілік, түсініспеушілік шешілуі керек !
Ата-ана өз ұлы - қызына өмірлік кеңес беруге дайын болуы қажет. Ол үшін пайдалы кеңес- ақыл айту мен айқайлап, өз пікірін таңып қоюдан ажырата білгені жөн.
Ата-ана балаға деген «қамқоршылығын» өркениетті түрде, педагогикалық жағынан ақсамайтындай етіп жасауы керек.
Үй мен отбасы бала үшін толық мағыналы «қорғанға» айналғаны дұрыс, бала өзінің қорғаны бар екендігін сезінуі керек! Өкінішке орай ата-ананың дұрыс емес мінез-құлқы: бала үшін бұл қорғанды «түрмеге» айналдырады, бала бұл түрмеден қашып кеткісі келеді де тұрады. Және бұл сезім ерте бастан-ақ сезіле бастайды. Ол кәдімгі баланың қиқарлығынан - ақ көрінеді. Қиқарлық – бұл баланың үлкендердің негізсіз, дұрыс емес іс-әрекетіне «жауабы». Өкініштісі ата-ананы өзінің кемшілігі емес, баланың жауап реакциясы ренжітеді десек болады. Қиқарлықтың пайда болуы екі нәрсені көрсетеді: тәрбие жағынан ата-ана дұрыс емес әрекет еткендігі және осындай әрекеттің дұрыс емес екендігін ажыратып отырған баланың ақыл-ойының өз жасына сай дамығандығын көрсетеді.
Қазіргі замандағы күннен-күнге көбейіп отырған ақпарат легін адамдар қалай игеріп отырады екен деген ой туады. Бірақ сол көп ақпараттың кішкене бөлігі ғана адамға пайдалы болып шықты. Өйткені адам өзіне пайдалы ғана ақпаратты алуға үйренді.
Сонымен адамға қажетті, пайдалы ақпарат жеткіліксіз болып шықты. Ақпарат жетіспей жүргендер қатарында алғашқылар болып ата-ана мен жасөспірімдер тұр.
Сондықтан олар өмір сүретін қоғамда: орталықтандырылған, психологиялық, медициналық, заңдық, т.б. қажетті ақпаратты ала-алатын орын болуы қажет.
Бұл көмек ата-ананың тәрбиедегі атқарар қыруар жұмысына өз үлесін қосары анық..
Сонымен: отбасы - ата-ана – жасөспірім - мектеп - қоғамдық орын - жасөспірім тізбегінің өзара қарым-қатынасы: шынайы да әділ, өркениетті, тәрбиелі болған жағдайда ғана біз мінез-құлқы тәрбиеленген, салауатты өмір сүруге ұмтылар жасөспірімдерді – еліміздің ертеңгі болашағын өсіреміз.
ІІ. Салауатты өмір сүруге кедергі келтіретін мінез-құлық ауруларының психологиялық негіздері
Өмір сүру бейнелері
Қазіргі заман адамдарының денсаулығы, оның өмір сүру салтына ғана емес, оның мінез-құлқына да байланысты болып отыр. Көптеген адамдар өз денсаулығы туралы ауырған кезде ғана ойлана бастайды. Табиғат адамға бар жағдайды жасаған. Бәрі адамның өз қолында деуге болады.
Адамның өмір сүруінің үш бейнесін жасайық: салауатты, тәуекелге бел буған, аурушаң.
Салауатты өмір - өзінің тәртіпті - жүйелілігімен, денсаулыққа зиян келтірер факторларының жоқтығымен мінезделеді. Ең бірінші күн тәртібін сақтауда: жақсы, жеткілікті ұйқы, бір мезгілде ұйқыға жату, тұру, уақытымен тамақтану, жұмыс күнінің жүктемесін бірдей бөлу.
Денсаулыққа зиянды факторлар екі топқа бөлінеді:
1.Тікелей ауруға шалдықтыратын.
2.Организмнің зиянды факторларға қарсы шығатын дәрменділігін төмендететін.
Мысалы кейбір жұқпалы ауруларды тудыратын қоздырғыштар барлық адамда болады. Денсаулығы мықты адамда жеңіл түрде, денсаулығы нашар адамда ауыр түрде өтеді, көбіне асқынып, созылмалы формаға ауысып жатады. Қарапайым деп ойлатын: тұмау, суық тию соған мысал бола алады. Шыныққан адам көбіне тұмаумен ауырмайды да. Басқалардың тұмауының соңы бронхит , пневмония, пиелонефритке жалғасып жатады.
Көптеген зиянды факторлардың ерекшелігі, олар жайлап кіріп, білдірмей денсаулықты құртатынында. Және күннен-күнге ауырып қалу қаупі, яғни «қауіп-қатер факторы» өсіп отырады. Бұл факторлардың әрекетінің бастысы: ауруға апаратын жағдаяттарды жасырын жинауында. Қолайлы сәт туғанда шыға келеді. Мысалы: магнитті дауыл, атмосфералық қысымның көтерілуі, түсуі т.с.с. Сау адам бұл кезеңнен жақсы өтсе, ауруы бар адам өліп кетуі де мүмкін жайт.
Тәуекелге бел буған өмір: ретсіз, жүйесіз күн тәртібімен, зиянды заттарды ( алкоголь, темекі, наша)қолдануымен, жеткіліксіз қимыл-қозғалысымен, артық салмағымен мінезделеді.
Тәуекелге бел буған өмір сүретін адам, күнделікті жүктемені көтеріп жүре алады, бірақ кез-келген қосымша жүктеме денсаулығына әсер етіп, ауру тудыруы мүмкін.
Аурушаң өмір: ретсіз, жүйесіз күн тәртібімен, зиянды заттарды ( алкоголь, темекі , наша) қолдануымен, өмір сүру бостандығынан айырылып қалған адамның күйі.
Сонымен «салауатты» өмір сүретін адам бостандығы бар, «тәуекелге бел буған» өмір сүретін адам бостандығы шектелген, «аурушаң» өмір сүретін адам бостандығын жоғалтқан адам, ол өзіне емес - ауруына тәуелді десек болады.
Күн тәртібін сақтау мен зиянды затты қолдану, қолданбау – адамның өзіне байланысты болса, ал зиянды факторлар әсерінен пайда болған аурулар – адамның өзінің мінез-құлқының аурулары десек болады. Оларға : нашақорлық, маскүнемдік, темекі шегу, жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулар және жүрек-тамыр жүйесінің, зат алмасуының бұзылуы жатады.
Өз денсаулығына құлықты , құлықсыз қарау деген не?
Әр жасөспірімді қоршаған ортаға ғана емес өз денсаулығына да дұрыс қарауға тәрбиелеу керек. Табиғаттың берген дене бітіміне, денсаулығына таусылмайтындай қарауға болмайды әрине.
Қазіргі заман адамына өз денсаулығына оңды қарауына этикалық басшы – таза құлықты, иманды болушылық. Табиғат сыйлаған - өз денсаулығына құндылық деп қарау керек: үнемі өз қолында ұстау, сақтау, нығайту, тазарту, жоғалтпау. Өз денсаулығына зиянды әрекет жасау, тәуекелге бел буған өмір сүру – сенімнен айырылу, қолда бар байлығынан айырылу деген сөз. Өз кінәңнан ауру болсаң ол сенің имансыздығың, құлықсыздығың.
Адамның дамуымен қатар келе жатқан қолайсыз жағдай: қоршаған ортаның ластануы, организмнің іштей ластануы, тұлғаның жан-дүниесінің ластануы.
Біріншісі: экологиялық тепе-теңдіктің сақталмауы, жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің жойылуы, орнына паразит - зиянкестердің көбеюі болса, екіншісі: аллергиялық аурулар мен әр түрлі органдардың улы заттармен улануы. Үшіншісі: адамның жан-дүниесі мен рухани сферасының жалған идеялармен, имансыз ой - танымымен, сезім органдарының, есту - көру стимулдарының шектен тыс көптігімен көрінеді.
Денсаулық сақтаудың үш басты факторлары бар. Жұмысқа шығармашылықпен қарау, сыртқы әсерге тәуелді болмау, күн тәртібін сақтау, көп қозғалу,
өзін-өзі бақылау, ұстау.
Жүйелі түрде темекі шегіп, алкоголь ішетіндер – осы заттарға тәуелді. Ал оларды қолданбайтындар бұл тәуелділіктен ада, бостандығы бар.
Әр адам өз қажеттілігін шектей отырып, оның орнына тәуелсіздік алатынын біледі.
Салауатты өмір салтын ұстаған адам қиындыққа, шиеленіскен жағдаяттарға, ауруға шыдамды келеді, яғни ол тәуелсіз бола алады.
Ал өзіне-өзі жау болып, дұрыс емес өмір сүріп отырған адамдар не істеу керек? Оған оның өзіне-өзі зиян келтіріп отырғанын дәлелдеу қиын. Өйткені ол өзіме зиян жасап отырмын деп ойламайды да. Себебі зиянды әрекетті тануға оның өз күші жетпейді.
Тіпті жұқпалы ауру тез басталып, оның өзінің мінез-құлқынан бірден бас тартуы қиынға соғады. Сондықтан әлемде күннен-күнге мінез-құлқының аурулары көбейіп келеді. Олардың залалды белгілері ұзақ жылдар бойы қалыптасады, сақталады.
Денсаулыққа қауіп келтірер әрекеттердің әсерін айтып адамдарды қорқытудың да әсері әлсіз болып тұр. Олар тіпті тыңдағысы келмейді де, тыңдаса да елемейді. Олар темекі шекпей, арақ ішпей-ақ адамдардың ерте өле беретінін алға тартады, өздерін жұбатады. Мінез-құлқын өзгерткісі келмейді.
Сондықтан әр ата-ана баласын ерте бастан-ақ салауатты өмір салтына дайындап, қалыптастыруы керек.
Өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың негізгі шарттары:
● денсаулығына құндылыққа қарағандай қарау
● өзін дені сау адам ретінде қалыптастыру
● денсаулығын жоғалтудан үрейлену
● денсаулықты сақтауға, бекітуге қызмет ететін бар ақпаратты өз мінез-құлқына
● басшылық ету, үрейлену энергиясын іс-әрекет энергиясына айналдыру
● салауатты өмір салтын дағдыға айналдыру.
3.Ғылыми-танымдық басылымды аудару үшін қолданылған әдебиеттер:
1. Авторы: Дмитрий Васильевич Колесов. «Болезни поведения. Воспитание здорового образа жизни» Ғылыми-танымдық басылым. Москва, Дрофа баспасы-2002ж.
2. Қазақша-орысша, орысша–қазақша сөздіктер. Алматы, «Дайек-Пресс» - 2008
3. Русско-казахский словарь . Алматы, «Арыс» -2007
4. Большая медицинская энциклопедия. Москва, «Астрель» - 2011
5. Қоғамдық ғылымдар терминдерінің сөздігі. Алматы-2010.
6. Балалар аурулары. К.А.Святкина, Е.В.Белогорская, Н.П. Кудрявцева. Алматы-2003.
7. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Қ. Дүйсембин, З.Алиакбарова. Алматы-2003.
8.Валеология. М.М.Ақмырзаев, Ә.Ү.Сағымбаев. Фолиант-2007.
Қазақ тіліне аударған:Қызылорда қаласындағы
Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледждің
РОӘБ әдіскері Даулетбаева Гүлзира
Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу – еліміздің ертеңін ойлау
- ramuk_b
- 9 мам 2012
- 16944
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Салауатты, өмір сүруге, тәрбиелеу, еліміздің ертеңін ойлау
Ұқсас жаңалықтар:
Адамның іс әрекеті - аса маңызды экологиялық фактор (күнделікті сабақ жоспа ...
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген қасиеттер адам ағзасына да тән. Адамның...Жасөспірім кезеңіндегі девиантты мінез-құлықты анықтау және түзету жолдары.
Девиантты мінез - құлыққа қандай да бір конструктивті бағытты қолдану мүмкін емес. Себебі ол жасөспірімді тепе - теңдік жағдайынан шығарып,...«Салауатты өмір салтын қалыптастыру»
Баяандама: Мектептегі «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»...Елімнің болашағы - салауатты отбасы
Шығыс Қазақстан облысы, Зырян қаласы, № 9 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нуксарина Альмира Кабдуалиевна...Жасөспірім және көше
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурсагиева Акбота...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.