Сергеевка орта мектебінің мұғалімі Бохан Силау
Сынып жетекшісінің портфолиосы (5 - сынып)
Сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттері.
Сынып жетекшісі білуі тиіс:
• Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын
• Бала құқықтары туралы конвенцияны
• Педагогиканы, балалардың жас ерекшелік және әлеуметтік психологиясын, қарым - қатынас психологиясын, балалардың және жеткіншектердің жеке және жас ерекшеліктерін
• Жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын
• Педагогикалық этиканы
• Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін
• Оқушылардың (тәрбиеленушілердің) бос уақытын ұйымдастыру
• Еңбек заңнамасының негіздерін
• Нұсқаулық - нормативті құжаттарды, еңбекті қорғаудың нормаларымен ережелерін
Сынып жетекшісі балалар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік тұрғысынан қалыптасуы үшін жағымды жағдайлар жасауға әрекет етеді, оның тәрбие жүйесіне қажетті түзетулер енгізеді. Оқушы тұлғасын және оның қызығушылығы мен қабілет мүмкіндіктерін зерттеуді жүзеге асырады. Жағымды өз ортасын құрып, сыныпта әр бала үшін моральдық - психологиялық ахуал жасайды. Қарым — қатынастың дамуына ықпал етеді. Баланың өз құрбыларымен, мұғалімдермен, ата - аналармен қарым - қатынасында пайда болатын проблемаларын шешуге көмектеседі. Тәрбиеленуші тұлғасынан өзін - өзі тәрбиелеуіне және өзін - өзі дамытуға бағыттайды. Оқу іс - әрекетінде оқушыларға көмек береді. Үйірме, клуб, спорт секциясы мен бірлестіктер жүйесі арқылы оқушыларға (тәрбиеленушілерге) қосымша білім алуға ықпал етеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне және тұрмыстық талаптарына сәйкес сынып жетекшісі сынып ұжымы өміршеңдігінің мазмұнын жаңартады. Оқушылардың құқықтары мен бостандығын сақтайды, олардың өмірі, денсаулығы, қауіпсіздігі үшін жауап береді.
Игеруі тиіс:
• кіріктірілген тұлғалық қасиеттер: эмоциялық - ерікті өзін басқару және бақылауға қабілеттілік, аналитикалық, болжамдық, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттер.
• Жоғары мәдениет, тұрақтылық, адамгершілік бағдар.
Оның бойында болуы тиіс:
• кәсіби дайындықтың жоғары деңгейі, оның негізін келесілер құрайды:
• жалпы, жас ерекшелік, әлеуметтік педагогика мен психология саласындағы ілгері білім
• балалар қарым - қатынасындағы, іс - әрекетіндегі, мінез - құлқындағы, дамуындағы ауытқу нормаларының құбылыстары мен процесстерін білу
• психологиялық - педагогикалық диагностиканың әдістерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып жеке кеңес берудің, психологиялық алдын алудың және психологиялық педагогикалық түзетудің әдістерін
• балалардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік сипаттарды ескере отырып, балалардың жеке және ұжымдық шығармашылығының ерекшелігі мен мәнін білу
• балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесін білу
• балалардың құқықтарын қорғау бойынша отандық және халықаралық құқықтық нормаларын білу.
Кәсіби біліктері қалыптасуы тиіс:
• жеке, тұлғааралық қиындықтар мен қақтығыстарды анықтау
• зерттеу және әлеуметтік - педагогикалық, әлеуметтік психологиялық мәселелерді шешу әдістерін игеру
• «ересектер - бала» және «ересектер - ересектер», сонымен қатар «сынып жетекшісі - бала - ата - ана» жүйесіндегі педагогикалық тұрғысынан мақсатқа сай және психологиялық дұрыс қарым - қатынасты ұйымдастыру
• Ұжымдармен, балалардың бірлестіктерімен және үлкен, кіші топтармен жұмыс жасау
• Балалармен әлеуметтік маңызды іс - әрекеттер ұйымдастыру, олардың әлеуметтік өзін - өзі анықтау мен қалыптасуы үшін жағдай жасау
• Шығармашылық бейімділіктерін және балалардың қабілетін анықтау, оларды іске асыру үшін жағдай жасау
Жоғарыда айтылғанның барлығын ескере отырып, сынып жетекшісінің әлеуметтік - педагогикалық құбылысының ерекшелігі мен үрдіске қатысушыларына қатысты оның рольдік ұстанымы өзгереді. Сынып жетекшісінің әлеуметтік - педагогикалық іс - әрекетінің мазмұны – формальды түрде болмайтын кәсіби - педагогикалық емес, керісінше «табиғи» қызметтестік, ересек адам мен баланың өзара түсінікті қатынасы. Оның мазмұны ерекше адамға өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасап, оның тұлғалық қасиеттерін баламен қарым - қатынасқа түсу барысында неғұрлым байыта түседі. Үдерістің қатысушысы болып балаға өзінің ересек адам ретінде сезінуге, оның өз күшіне сенім артып, өзі «менің» көрсетуге мүмкіндігі туады, осындай да бала ересек (досынан, жолдасынан) адамнан нағыз көмек көре алады. Осы компонент субъект ұстанымының қалыптасуына, жас тұлғаның жалпы дамуына оның жеке ерекшелігін ескере отырып, оң әсер етеді. Сынып жетекшісінің балаларымен тәрбие жұмысының бағдарламасы әрдайым инновациялық, авторлық, динамикалық болады, бұл – педагогтың шығармашылық, нақты тәжірибеге бағытталған және жемісті іс - әрекетінің нәтижесі.
Толық нұсқасын жүктеу
Сынып жетекшісінің портфолиосы
- aiboll
- 25 маусым 2016
- 8841
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сынып жетекшісінің портфолиосы
Ұқсас жаңалықтар:
2017 – 2018 оқу жылының тәрбие жоспары
2017 – 2018 оқу жылының тәрбие жоспары Сыныптағы тәрбие жұмысының тақырыбы: Тұлғаға бағдарланған жалпы адамзаттық құндылықтарды шығармашылық және...Студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері
Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері тұлғалық ақыл - ой қасиеттерімен қатар өзіндік іс - әрекет ерекшеліктерімен бейнеленеді. Студент...Тәрбие туралы түсінік
КІРІСПЕ Қазіргі заманғы қоғамда адамнан тек политехникалық білімді болуын талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет пен ғылым мен техниканың...Отбасы тәрбиесі
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Педагогикадан тест жинағы
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.