Тақырыбы: «Арасанбай Естенов шығармашылығы»
(оқырмандар конференциясы)
Қатысушылар: 3 - 4 сынып оқушылары
Мақсаты: Оқушыларды А. Естеновтың балаларға шығармаларымен таныстыру. Оқыған шығармаларының танымдық, тәрбиелік маңызына назарларын аудару. Ой өрісін дамыту. Кітап оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу
Жоспар:
1. А. Естеновтың өмірі мен шығармашылығы.
2. «Өлең, тақпақ, жаңылтпаш
Ермегіміз жалықпас»
3. «Әдептілік әліппесі»
4. «Ойнайық - ойлайық»
5. Қорытынды
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сынып бөлмесіне орналастыру
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біздің Арасан деген шағын ғана ауылымыз кезінде шипалы суымен бүкіл Кеңес Одағына танымал еді. Жеріміздің табиғаты, шипалы суы, жерінің байлығы біз үшін әрқашан мақтаныш болып келеді.
Ал осы ауылымызда туып өскен атақты тұлғалар, ғалымдар, ақын - жазушылар, мемлекет қайраткерлері де баршылық.
Бүгін сабақта сондай тұлғалардың бірі - ақын әрі жазушы Арасанбай Естенов шығармашылығына арналған оқырмандар конференциясын өткізбекшіміз.
Бүгінгі оқырмандар конференциямыз мынандай жоспар бойынша жүргізіледі.
Жоспар:
1. А. Естеновтың өмірі мен шығармашылығына шолу.
2. «Өлең, тақпақ, жаңылтпаш
Ермегіміз жалықпас»
3. «Әдептілік әліппесі»
4. « Ойнайық - ойлайық»
1 бөлім: «А. Естеновтың өмірі мен шығармашылығы»
Михеева Анжела:
Арасанбай Естенов 1953 жылы біздің Арасан ауылымызда туған. 1970 жылы осы біздің Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектепті бітірген. Ол кезде мектеп Арасан орта мектебі болатын. 1980 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін бітірген.
Аудандық газетте жұмыс істеген. «Жазушы», «Білім» баспаларында редакторлық қызмет атқарған.
2003 жылдан «Баянжүрек» баспасының директоры, әрі құрылтайшысы.
Оның «Ауыл таңы», «Баянжүрек баурайында», «Тасжарған ерте көктейді», «Айжаңғырық», «Жансауға», «Періштелер патшалығы» атты повестері мен әңгімелері бар. «Әліппемен қоштасу», «Мектептегі мейрамдар», «Жеті киелі сан», «Таудай болып өсеміз» сынды балаларға арналған өлең кітаптарының авторы.
1993 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Дарабоз» сыйлығының лауреаты, (2007, 2008) «Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты.
2 - бөлім: «Өлең, тақпақ, жаңылтпаш Ермегіміз жалықпас»
А. Естеновтың шығармашылығының негізі – балаларға арналған өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар екенін байқаймыз. Сондықтан екінші бөлімде ақынның өлеңдерін, тақпақтарын, жаңылтпаштарын, жұмбақтарын, санамақтарын тыңдайтын боламыз.
- Өлең, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды, санамақтарды тыңдаңдар.
Диляра: «Қазағымның пейілі»
Қасиеті, мейірі -
Киелі жер сусында
Қазағымның пейілі
Өрнектеулі туында
Бейбітшілік ұраны -
Жарқыраған алтын күн.
Ал қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның
Балғын: «Мен ғарышкер боламын»
Жұлдыздарды жағалай,
Айға барып қонамын.
Тұңғыш Тоқтар ағадай
Мен ғарышкер боламын.
Диляра:
Спорт - сенің серігің,
Саулығың мен сенімің
Спортпенен шыңдалар,
Жігерің мен ерігің
Балғын: Жыр жанды қазағым,
Шырқатып жаз әнін,
Жазира жайлауда
Бойларын жазады.
Қарттары зиялы
Жастарын жияды
Шежіре сырларын
Жадыңа құяды.
Диляра: Қуыршағым Зина
Үйдің ішін жина
Зейнеттегі әжеңе
Зор қуаныш сыйла
Балғын: Үш арсыз
Біріншіден ұйқы арсыз,
Екіншіден күлкі арсыз
Ыржаң қаққан орынсыз
Күлегештің сыйқы арсыз
Үшіншісін санап қой,
Нысабы жоқ тамақ қой
Осы үшеуін тежеуге
Бала жастан талап қой.
- Ендігі кезекті жұмбақтарға береміз.
Юля: Жарып жарғақ жөргегін,
Қызыл моншақ тергенің (анар)
Лаура: Суда жатып өнеді,
Суда батып өледі (тұз)
Юля: Бірде доп та,
Бірде орақ
Күндіз жоқ та,
Түнге қонақ (ай)
Лаура: Жақын етіп алысты,
Тындырады бар істі (телефон - факс)
Юля: Көп күймеден құралған
Жұлдыз құрттай шұбалған.
Қос ішекті шегіп ап
Атсыз жүрер бұл арбаң (пойыз)
Лаура: Ақ моншағым үзілді
Қара жерге тізілді (бұршақ)
Юля: Бұтағына шынардың
Шығып алып қызардым. (шие)
Лаура: Тұнығынан көк көлдің
Сөнбей жатқан шоқ көрдім (жұлдыз)
Жаңылтпаш
Жұлдыз: «Әсем әнді
Әсел айтты.
Әсел әнді
Әсем айтты.
Әсерлі әнді
Әсем де айтты
Әсем әнді
Бәсең айтты».
Жұлдыз: Жаңылтпаш есеп
«Жондағы жалқы талқыны
Қолдағы жалпы талқыға қосса,
Алты талқы болғаны.
Жондағы
Жалқы талқысыз
Қолдағы
Жалпы талқының
Саны қанша болғаны?»
Жауабы:
Рауза: «Жондағы жалқы талқыны
Қолдағы жалпы талқыға қосқанда,
Алты талқы болса,
Жондағы
Жалқы талқысыз
Қолдағы
Жалпы талқының
Саны бесеу болғаны?»
3 – бөлімді «Әдептілік әліппесі» деп атадық. Себебі, ақынның қазақ алфавитінің ретімен жазған «Әдептілік әліппесі» атты өлеңдер топтамасы бар.
Тақтада түрлі заттардың суреттері ілінген. Суреттерді оқушылар «сатып алуына» болады. Ол үшін «адалдық», «әдептілік», «имандылық», «кішіпейілдік», «мейірімділік», «ізеттілік», « зейінділік», «елгезектік», «жинақылық» қасиеттері туралы өлеңдер айтуы керек.
Мысалы: «Қонжық» ойыншық сатылады. «Мейірімділік» қасиеті арқылы сатып алуға болады.
«Ертегі кітабын» - ізеттілік қасиеті арқылы сатып алуға болады.
«Ә. Қастеевтің портретін» - кішіпейілдік қасиеті арқылы сатып алуға болады.
«Байтерек суфинирі»- әдептілік қасиеті арқылы сатып алуға болады.
«Жылқының суреті»- адалдық қасиеті арқылы сатып алуға болады.
«Бойтұмар»- имандылық қасиеті арқылы сатып алуға болады.
«Аққу құсының суреті»- зейінділік қасиеті арқылы сатып алуға болады.
«Торсық»- елгезектік қасиеті арқылы сатып алуға болады.
«Бөлме гүлі» - жинақтылық қасиеті арқылы сатып алуға болады.
Оқушылар А. Естеновтың «Әдептілік әліппесі» атты өлеңдер топтамасын оқу арқылы заттарды сатып алады.
4 бөлім: «Ойнайық - ойлайық» А. Естеновтың шарадалары бойынша ойын өткізіледі.
Берікбек Рауза:
- Бірінші боп басқы сан
Екіншіде мүшеңіз.
Үшінші боп басты - дәм
Қала құрар ү ш егіз. (Екібастұз)
- Екі - ақ әріп бір санға,
Тіркей салса дөңесті
Жатқан құмда құрсауда,
Қаланы тап, сен, ескі (Үштөбе)
- Бірлік санға кемелді,
Қойсаң қойдың «тезегін»
Ойын болып ежелгі,
Қазақ елін кеземін.(тоғызқұмалақ)
- Киелі сан кез келіп,
Баукеспе ұры, әккіге,
Атау шықты өзгеріп,
«Дәу шөмішке» шақ, міне.(жетіқарақшы)
5 – бөлім: Қорытынды
- Бүгінгі оқырмандар конференциясы бойынша өткенімізді қорытындылайық. Біздің жерлесіміз А. Естенов өлеңдерінің балалар, мектеп, туған ел, жақсы әдеттер тақырыптарына жазылған екен. Ендеше, жерлес ақын атамыздың кітаптарын кітапханадан алып, толық оқып шығайық.
Ақын - жазушы Арасанбай Естеновтың шығармашылығымен таныстыруға арналған оқырмандар конфенерциясы
- Saltanat Nurekeevna
- 10 мам 2016
- 5281
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ақын, жазушы Арасанбай Естеновтың шығармашылығы
Ұқсас жаңалықтар:
Көкімге
Бері отыршы, Көкімім, Қандай екен өкімің? Елді билеп алуға Қай арадан бекідің?...«Достық» шағын сауда орталығы - сюжетті – рөлдік ойыны
Балаларды ойын барысында бірнеше әрекеттерді логикалық бірізділікте байланыстыру, ойын жағдайына кіру, өзіне рөл алып, ойын аяғына дейін рөлге сәйкес...Т. Айбергенов Аруана - бауыр дүние өлеңі
Сабақтың мақсаты: оқушыға Т. Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, шығармалардың идеялық көркемдік мазмұнын меңгерту, өлеңдер...Ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, «Арқалық түзеу мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Капарова Жазира Камаевна...Әдептілік - тәрбие бастауы
Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай селосы Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Инкабаева Аян Тобаниязқызы Әдептілік - тәрбие...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.