Сабақтың тақырыбы: «Жас химиктер» сабақтан тыс шара
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың көмір – сутектердің табиғи көздері – газ, мұнай, тас көмір туралы алған білімдерін кеңінен толықтыру.
Дамытушылық: Табиғи газ бен мұнайға серік газдардың, мұнайдың және тас көмірдің құрамы, қасиеттері, алынатын өнімдері, оларды өңдеу әдістері туралы мәліметті дамыту.
Тәрбиелік: Болашақ жастардың келешекке иманды, инабатты, салауатты өмір сүруге және табиғатқа деген мейірімін тудыруға баулу.
Құрметті оқушылар бүгінгі «Жас химиктер» жарысына қош келдіңіздер. Ал енді әр топта 5 оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады. Жарысушы топтар үстелдің екі шетінде орналасады. Сабағымыздың мақсаты мұнай газ саласы бойынша, яғни өз мамандығымыз бойынша осы уақытқа дейін алған білімдерімізді жүйелеу, нақтылау мақсатында жүргізгелі отырмыз. Олар өздерін білімдерін ортаға салу арқылы жарысады.
Жарыс түрінде өтеді. 2 топтан тұрады.
1 топ «Мұнай»
2 топ «Газ»
Бүгінгі жарысымыздың әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1. Тулешкалиева А. М. – пәндік - циклдік комиссия төрағасы
2. Жумагалиева Н. М. - арнайы пәндер оқытушысы
3. Тлеугалиев Ж. К. – арнайы пәндер оқытушысы
Жарыс шарттарымен таныс болыңыздар. Жарыс 7 турдан тұрады:
1 тур. Таныстыру ( 5балл)
2 тур. Бәйге (10балл)
3 тур. Полиглот (10балл)
4 тур. Алхимик (5 балл)
5 тур. Kөкпар
6 тур. «Кім тез, әрі шапшаң? (10балл)
7 тур. Альтернативтік тест. (5 балл)
1 тур. Таныстыру:
«Мұнай» тобы:
«Газ» тобы:
(Әділ қазылар бағаларын береді)
2 тур. Бәйге:
Сұрақтарға жауап беріңіздер, әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1. Табиғаттағы экологиялық таза отын, әрі шикізат. ( табиғи газ)
2. Әр түрлі көмірсутектердің күрделі қоспасы. (мұнай)
3. Қазақстанның қай жерінде табиғи газ кені шоғырланған? (Батыс Қазақстан)
4. Сапалы мұнайдың құрамы қандай болу керек? (құрамында жоғары молекулалы заттары аз болу керек)
5. Үлкен молекулалы көмірсутектерді ыдырату. (Крекинглеу)
6. Табиғи газды жаққанда түзілетін заттар. (көмірқышқыл газ, су)
7. Авиация бензинін өндіретін әдіс. (катализдік)
8. Мұнайды айдауға арналған қондырғының бөліктерін атаңыз? ( түтікші пеш, ректификациялық колонна)
9. Өнеркәсіпте табиғи газдан не алады? (күйе, ацетилен, сутек, резеңке)
10. Ректификациялық колоннада ең алғаш бөлінетін зат. (бензин)
11. Кокс пешінің ішкі қабырғасындағы кірпіштердің атауы. (динас - отқа төзімді)
12. Мұнайдан қалған тұтқыр сұйықтық. (мазут)
13. Крекинг процесін алғаш ашқан ғалым. (Г. Шухов)
14. Автомобиль бензиндерін өндіру әдісі. (термиялық)
15. Бензиннің құрамына көмірсутектер кіреді? (130ға жуық)
16. Мұнайға серік газдар нешеге бөлінеді? (құрғақ, пропан - бутан қоспасы, газды бензин)
17. Көмірді ауа қатыстырмай қыздыру процесі. (пиролиз)
18. Тас көмірді алғаш өңдегенде алғашқы түзілетін өнім. (кокс)
19. Электродтарды қандай заттан дайындайды? (гудроннан)
20. Көмірді гидрогендегенде қатты отыннан алынатын отын. (жасанды сұйық отын)
(Әділ қазылар бағаларын береді)
3 тур. Полиглот:
Берілген сұрақтарға жауап беріп, жауабын орыс және ағылшын тіліне аударыңыз. Әр дұрыс жауапқа он ұпай беріледі және дұрыс аудармасына 5 ұпай беріледі.
1. Үлкен молекулалы көмірсутектерді кіші молекулаларға ыдырату. (крекинг, craking)
2. Катализаторда ауа үрлеп, коксты күйдіріп қалпына келтіру. (регенерация, Regeneration)
3. Мұнай өнімдерінің құрылымын өзгерту әдісі. (риформинг, Reforming)
4. Платина мен молибден қатысында ашық немесе тұйық тізбектегі көмірсутектерді өзгерту. (ароматтау, Aromatizion)
5. Мұнай құрамындағы зиянды қоспаларды тазарту. ( абсорбциялау, Absorption)
6. Мұнай өнімдерінің тұрақтылығын арттырып, сапасын жоғарылату үшін қосылатын зат. (ингибитор, Ingibator)
7. Мұнай құрамындағы көмірсутектерді қайнау температурасына байланысты бөлу. ( фракциялау, Fractionating, rectification)
8. Асфальт және битум жасайтын мұнайдың өнімі. (гудрон, Tar)
9. Тұрмыста, реактивті ұшақтарда қолданылатын мұнайдың өнімі. (керосин, Kerosene)
10. Дизель отыны ретінде және бензин алуға болатын мұнай өнімі. (лигроин, Ligroin)
11. Мотор жанармайы ретінде қолданылатын мұнай өнімі. (солярка, Solar, oil)
12. Ұшақтар мен автомобильдерге қолданылатын мұнай өнімі. (бензин, Petrol, benzene)
13. Медицинада, парфюмерияда қолданылатын зат. ( вазелин, Vaseline)
14. Мұнайдан қалған тұтқыр сұйықтық. ( мазут, Fuel oil)
15. Бензинді қайта өңдеуден өткізгенде алынатын петролейн эфирі. ( газолин, Gasoline)
16. Көмірді ауа қатыстырмай жабық ыдыста қыздыру. ( пиролиз, Pyrolize)
17. Бензиннің қозғалтқышта қопарылыс түзіп жануы. ( детонация, Detonation)
18. Карбон қышқылдарын алуға және балауыз шам жасауға қолданылады. (парафин, parafin)
(Әділ қазылар бағаларын береді)
4 тур. Алхимик: Тәжірибелік жұмыс.
Тәжірибенің орындау техникасын бағалай отырып 5 ұпайға ие боласыз.
1. Органикалық зат құрамындағы көміртекті көмірлену бойынша анықтау
реактивтер: қант, қағаз, концентрлі күкірт қышқылы.
Құралдар: фарфор тостағанша, скальпель, шыны цилиндр, таяқша
Органикалық заттардың көпшілігі суын бөліп алғанда, мысалы концентрлі күкірт қышқылымен әсер еткенде, қатты қыздырғанда көмірге айналады. Көмірлену – органикалық заттың құрамында көміртегінің бар екенін дәлелдейді.
1Қантты фарфор табақшаға немесе химиялық темір қасыққа құм шекерден аз ғана салып спирт шамының жалынына қыздырса, ол біртіндеп көмірлене бастайды. Ең соңында қара түсті зат қалады, яғни органикалық қосылыстың құрамында көміртектің болғанын дәлелдейді,
Қорытындысын жазып, реакция теңдеулерін жазыңыз.
2. 10проценттік күкірт қышқылына батырылған шыны таяқшамен таза ақ қағазға жазу жазып, оны кептіріп, қағазды спирт шамының жалынына ұстағанда, қағаздың қышқыл тиген жері қарайып, жазу айқын көріне бастайды. Демек қағаздың (целлюлозаның) құрамында көміртек бар екенін дәлелдейді.
3. Қорытындысын жазып, реакция теңдеулерін жазыңыз.
(Әділ қазылар бағаларын береді)
5 тур. Көкпар:
Әр топ берілген ұяшықтарды таңдап, дұрыс жауапқа сол ұяшықтағы ұпайлар беріледі.
1. Қазақстанның мұнайға бай аймақтарын атаңыз?(Атырау, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау, Ақтау)
2. Ашық түсті мұнай өнімдеріне не жатады?(бензин, лигроин, керосин, газойль)
3. Детонация деген не? (бензиннің қопарылыс түрінде жануы)
4. Мұнай өнімдерін жоғары температурада крекингілеу. (пиролиз)
5. Мазуттың айдалмайтын бөлігі?(гудрон)
6. Газойлдан не өндіріледі? (дизель)
7. Крекиг сөзі ағылшын тілінен аударғанда - - - - - - деген мағынаны білдіреді.
8. Мұнайды айдауға арналған қондырғыны --- --- немесе - - - - деп атайды.
9. Мұнайды ароматтау процесін - - - - - деп атайды.
(Әділ қазылар бағаларын береді)
6 тур. «Кім тез, әрі шапшаң?
Берілген есептерді 10 минут аралығында есептеп шығарамыз. Әр дұрыс есепке 10 ұпайдан ие боласыз.
«Мұнай» тобы
№1. 2 т Октанды крекингілегенде қанша бутан түзіледі?
№2. Массасы 1кг пентанды (С7Н16 ) жағу үшін оттектің
қандай көлемі қажет?
«Газ» тобы №3.
Октанның 5 моль мөлшері жанғанда түзілетін көміртек
0, 5 моль этанды дегидрлегенде түзілген этиленнің көлемін тап.
(Әділ қазылар бағаларын береді)
7 тур. Альтернативтік тест. 5 ұпай
Бұл тест жұмысы сыныптағы барлық баланы бағалауға мүмкіндік береді. Егер оқушы сіздің оқыған сұрағыңызға келіссе «+» таңбасын, келіспесе «-» таңбасын қояды.
• Өнеркәсіптік крекинг әдісі орыс ғалымы В. Г. Шухов ұсынды. « +»
• Мұнай суда ерімейді «+»
• Ректификациялық бағананы биіктігі 35 м. дей болады. « +»
• Бензинді ароматтау үрдісін кокстеу деп атайды «-»
• Бензиннің қопарылыс түрінде жануы тотығу деп те аталады. «+»
• Машиналарды тез оталдыру үшін газды бензинді кәдімгі бензинге араластырады. «+»
Сұрақ - жауап
1. Түсі қара сұйық зат.
Тереңде жатады.
Қазсаң атқылайды.
Жақсаң жанады.
Пайдаға жарайды (мұнай)
2. Шахтадан оны қазамыз.
Пешке салып жағамыз.
Үлкен үйді жылытып,
Рахатқа біз батамыз Бұл не? (Көмір)
3. Мөлдір әрі түссіз өзі табиғи отын (газ)
(Әділ қазылар бағаларын береді)
Осымен біздің бүгінге жоспарланған сабағымыз аяқталды. Жарыс нәтижесін білу үшін ортаға әділ қазылар алқасын сөз береміз. Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда оқушыларын құттықтаймыз!
«Жас химиктер» сабақтан тыс шара
- uteeva_86
- 28 сәуір 2016
- 3712
- 0
- 0
Ілмек сөздер: мұнай өнімдері, жас химиктер сабақтан тыс шарасы
Ұқсас жаңалықтар:
Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер
Органикалық заттардың құрамында оттек бар жаңа тармағы туралы түсінік бере отырып, функционалдық топ ұғымына анықтама беру. Оқушыларға оттекті...Мұнай өнімдері
Ақтөбе облысы Алға ауданы №3 Алға қазақ орта мектебі химия пәні мұғалімі С.Б.Каирова...Пайдалы қазбалардың түрлері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №8 жалпы орта білім беретін мектеп І cанаты бастауыш сынып мұғалімі Нурадинова Айнагүл Нурадинқызы...Пайдалы қазбалардың түрлері
Кайдакова Жанат Бекболатовна «Сымбат» жеке мектебі Ақтөбе қаласы Пәні: Дүниетану Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері...Мұнай және мұнай өнімдері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп – лицейдің химия пәнінің мұғалімі Демеубаева Әсем Көбейсінқызы Сабақтың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.