Сайтқа кіру Тіркелу

Жасөспірім кезеңіндегі девиантты мінез-құлықты анықтау және түзету жолдары.

Девиантты мінез - құлыққа қандай да бір конструктивті бағытты қолдану мүмкін емес. Себебі ол жасөспірімді тепе - теңдік жағдайынан шығарып, деструктивті әрекеттке алып келуі мүмкін.
Жасөспірімдегі девиантты мінез - құлықты емдеудің келесі жолдары бар. Олар: оқшауландыру, емдеу, психотерапия мен психотүзету, және осы әдістерді біріктіру.
Уақыт өте келе бақылау, тоқтату және оқшауландыру қолданылады. Шектен тыс бақылаудан тұлғаның ішкі бақылауы қалыптаспайды. Бақылау мен қамқорлықтан құтылған жасөспірім бұрынғыдан да күшті агрессиямен, кек алу сезімімен бұрынғы девиантты әрекетіне қайта оралуы мүмкін. Ұялту, күлу, кеңес беру, адамгершілікке үйрету, өтіну, барлығына рұхсат беру – осының барлығы жасөспірімнің негізгі ұстанымдары мен сенімдерін өзгерте алмайды. Зерттеулер көрсеткендей қатал бақылау мен тотальдық шектеу девиантты мінез - құлқы бар жасөспірімдерді тежегенімен, мінездерін қалпына келтіре алмайды. Бұл жол арқылы жағымды өзгерістер де болмайды. Енді алдымызда "психотерапияны мен психотүзетуді пайдалану керек пе? Пайдаланғанда психотерапиялық әсерлердің қайсысын қолдануға болады?" деген сұрақ тұрады. Таңдау барысында жазалау мәдениеті мен қорғау мәдениетін, әділеттілік пен қамқорлық жағдайларын ескеру керек.

Психолого - педагогикалық қарым - қатынастың басты критериясы қарым - қатынас барысында ішкі бостандықты сақтау. Мысалы "Кім кінәлі?" ойынында жеңіске жеткен тұлға болмайды. Әділетсіздік салдарын жою үшін бұл ойында қандай - да бір маңызды тапсырманы шешу немесе адамдарды өнімді әрекет қатынасы аясында біріктіру қарастырылған.
Күшті өзара әрекет орнату үшін жасөспірімнің мінез ауытқушылығына себеп болған жасырын түрткіні анықтап алу керек. Ол үшін мына сұраққа жауап іздеу керек: "жағымсыз мінез көрсете отырып, жасөспірімдер қандай мақсатқа қол жеткізгілері келеді?"
Әрбір адам әртүрлі жерде түрлі мінез - құлықты көрсетеді. Психолог оның өткені мен өмір жағдайын өзгерте алмайды. Бірақ нақты мінез - құлық дегеніміз - бұл таңдаулардың бірі. Тәуелсіз тұлға бұл – жауапкершілігі бар тұлға. Жасөспірімдердегі девиантты мінез - құлықпен жұмыс істегенде міндетті түрде осыны негізге алу керек. Және оның ең басты қиындығы да осы.

Тәртіп бұзушы және міне ауытқушылығы бар тұлғамен жұмыс істеп, өзара әрекет қалыптастыру үшін мыналарды білу міндетті:
1. Мінез - құлықтың шынайы себебін анықтау;
2. тез арада жағдайға араласып, түрлі әрекеттерді істеуге жол бермеу үшін дұрыс тәсілдерді табу;
3. осы бағыттағы әрекеттердің азаюына алып келетін мінез стратегиясын таңдау.
Психологты туралы мәліметтері болуы үшін, оған деген жақсы сезімдері қалыптасу үшін ең алдымен қиын мінезі бар жасөспірімдермен жеке танысу керек. Бұл жеке танысу келіспеушіліктерді реттеуге септігін тигізеді. Осы бағыттағы қатынастар манипуляциялық емес, эмпатиялық бағытта құрылуы керек және де көп тыңдап, емделуге келген тұлғаның өзіне ойлауға мүмкіндіктер тудыруға дайын болу қажет. Жындандыру, келеке ету, өтіну, қорқыту, нотация оқу, үркіту тәсілдері тиімді емес.

Белсенді тыңдай білу білігі бұл бағытта өте қажет. Өзгені түсініп, сезімімен және тілектерімен бөлісу үшін, оларға эмпатия таныту үшін тәжірибе керек. Девиантты мінезі бар жасөспірімдермен эмоция және тілектер бағытында кері байланыс орнату өзгелерді дұрыс түсінбеулерін түзетуге, қамқорлыққа толы қатынас орнатуларына септігін тигізеді. "Сіз хабарлайсыз" дегеннің орнына "Мен хабарлаймын" деген тиімдірек.
Ендігі кезекте сенімдердің дисфункционалды жүйесін анықтап, оны иденттілеп, маңызын ашу керек. Мінезді нақты көрсетіп, мәселелерді де анықтау маңызды. Жауластық негізінде құрылған қатынасты достық деп бағалау тиімсіз. Әсер етудің өзге жолдары мен өзге мінез нұсқауларын да қарастыру қажет.

Мәселені нақтылау кезеңі де өте маңызды ( себебі мәселелі болып тұлға емес, мінез саналады). Осы кезеңде психолог жасөспірім үшін мәселені шешпеуі керек. Оның автономдылығын мадақтап, оған өз бетті мәселені шешу жолдарын анықтап, таңдауға мүмкіндік беру керек. Психолог "не болады екен" деп күтпей "не болып жатқанына" көңіл аударуы қажет. Бұл маңыздырақ. Психолог жасөспірімнің жағымды әрекеттерін өзгелердің алдында айтып, мадақтап отыруға міндетті.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×