С. М Умирзакова
№47 ЖОББМ педагог - психолог
Орал қаласы
Тақырыбы: Жас мамандарға арналған психологиялық тренинг
Тренинг мақсаты: Өз ісін жаңа қырынан бастаған жас мамандарға көмек көрсете отырып, ұжымда психологиялық жағымды ахуалды қалыптастыру.
Жүру барысы:
Психолог:
Саламатсыздар ма, құрметті тренингке қатысушылар!
Ұстаздарға өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым - қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді - өзіміз танимыз ба? Деген сұрақтарға жауап іздеп тұлғаның адами көзқарасын айқындау. Біздің кездесулеріміз ендігі жерде тұрақты болады деп сенемін!. Бүгін біз бір - бірімізбен жақынырақ танысатын боламыз. Ішкі барьерлерді алып тастауға, толқуларды сабырға түсіруге, оң зарядтар алуға тырысамыз. Бүгінде мұғалімдік сара жолға қадам басқан жас ұстаздарға сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Біздің сіздерге ұсынатын бірінші жаттығуымыз - бой сергіту. Ол бізге аздап денені ширатып, күш қосып алуға, сөйтіп жұмысқа жаңа жігермен кірісуге көмектеседі. Бір - бірімізді жақсырақ білу үшін оған жағдай жасауымыз керек.
1. Бой сергіту: «Орын алмасамыз»
Қатысушылар шеңбер жасай орындықта отырады.
Нұсқау: «Кәнеки, кімде - кімнің...
шашы ұзын қыз - келіншектер;
алмұртты жақсы көретіндер;
гитара тарта алатындар;
сағат тағып жүргендер;
өмір бойы бір мекемеде қызмет етіп келе жатырғандар;
Қазіргі уақытта жаңа бағдарламамен жұмыс жасайтындар;
Өз жұмысының нағыз маманымын дейтіндер;
10 жылдан астам педагог болып жұмыс жасап келе жатырғандар;
Бала кезден мұғалім болуды армандағандар;
Тренингке бірінші рет қатысып отырған жандар болса бір - біріңмен орын ауыстыруларыңыз сұралады.». Мақсат аталған белгілері немесе қабілеттері бірдей кісілердің орындарын ауыстыру. Жүргізушінің мақсаты - кез келген босаған орынға жылдам отыра қою. Кім отырып үлгіре алмаса, енді сол жүргізуші болады.
- Бәріңізге де үлкен рахмет! Бәріңіз де бой сергіту жаттығуын ойдағыдай орындадыңыздар! Енді түгел орындарыңызға қайта отырыңыздар.
2. Таныстық тренингі
Қатысушылар екі - екіден бөлінеді. Сонан соң бұл жұптар жан - жаққа тарасады. Оларға 3 - 5 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде жұптар бір - біріне өзі туралы, соның ішінде ең маңызды дегендерін айтады. Әркім өз тұлғалық қасиеттерін, соның ішінде оңды тұстарын алдыңғы орынға шығарғаны дұрыс. Жұптардың міндеті бір - бірін тыңдап болғасын біреуі екеуіне ортақ 3 ұқсастықты, ал екіншісі 3 айырмашылықты атайды. Осылайша әркім өз жұбын топқа таныстыру. Қатысушылар оларға нақтылайтын сұрақтар беруі мүмкін.
Рахмет,( бір - бірін арқадан қағып қоюға болады), міне біз таныс болдық, бір - бірімізге қарай алғашқы қадамдарымызды жасадық.
3. «Аталған мөлшерде кісі қатарының алға шығуы»
Мұғалімдер ұжымы - үлкен бір команда. Бәрінің қызметі бір - біріне тәуелді. Сондықтан ұжымның бірін - бірі сезіне қимылдауы маңызды нәрсе. Бұл тренинг бізге ұжымда бірлесе әрекет ете білуге және қарым - қатынасымыздың жақсаруына көмегін тигізеді. Бәріңіз бір қатарға сап түзеп тұрыңыздар. Мен жүргізуші ретінде осы саптағы адам санынан аспайтын мөлшерде бір санды айтамын. Сонда саптан бірден сонша адам ырғып шығуы керек. Кеңесуге тыйым салынады! Жаттығу нәтижеге қол жеткізгенше қайталана береді. Әр ретте әрқандай сан аталады (бір - бірін тіл қатпай - ақ түсіну сезімі пайда болады).
Талқылау
- Сізге қиын болған жоқ па?
- Бұл жаттығудан қандай әсер алдыңыз, қандай сезімдер пайда болды?
- Қанеки, бір - бірімізді арқадан қағып қояйық! Жарайсыңдар!
Қорытынды: "Менің алған әсерім"
Психолог: Құрметті, жас мамандар! Осы өткізілген тренинг жұмыстарынан қандай әсер алдыңыздар? Өз ойларыңызбен бөліссеңіздер.
Бәріңізге көп - көп рахмет! Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу біз үшін үлкен ғанибет. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілеймін! Кездескенше!
Жас мамандармен психологиялық тренинг
- narymbayeva
- 16 ақпан 2016
- 15714
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жас мамандармен психологиялық тренинг
Ұқсас жаңалықтар:
Алғыс айту - парызым
Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік,...«Жадырайық, жайнайық, жылы лебізімізді сыйлайық» тренингі
Тренингтің мақсаты: Ата - аналардың қарым - қатынасын жақсарту. Балабақша мен ата - аналар байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата -...Зейінді дамыту, ойлау қабілетін арттыру
Мақсаты: Педагогтардың арасында өткізілу барысында олардың зейіндерін дамыту, әрі қарай ойлау қабілеттерін арттыру, бойды сергіту, т. с....Біз - біргеміз, берік іргеміз
Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы...Мамандық және тұлға
Сапарова Жазира Төлемісқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.